«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10728 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 29 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2021 жылғы № ҚР ДСМ-98 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 7 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ___________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 13 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 156 бұйрығымен бекітілген
«Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 жылғы № ҚР ДСМ-9 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы «Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге:
1) жобалау, жер таңдау, салу;
2) реконструкциялау, жөндеу, іске қосу және күтіп-ұстау;
3) өндірістік және тұтыну қалдықтарын жинау, аймақтарды күтіп-ұстау;
4) сумен жабдықтауды, су бұруды, жарық беруді және желдетуді (кондиционерлеуді) ұйымдастыру;
5) қызметкерлерге еңбек жағдайын жасау, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өндірістік факторлармен жұмысқа;
6) гигиеналық оқыту, медициналық қамтамасыз ету, қызметкерлерге арнайы және емдік-профилактикалық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кезінде қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
7) инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
1-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министріні 05.07.2020 жылғы № ҚР ДСМ-78/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер және анықтамалар пайдаланылды:
1) авиациялық техникалық база (бұдан әрі – АТБ) – әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, конструкцияларын, технологиялық жабдығы мен жарағын пысықтау, ұшу ақпаратын жинау және мағынасын ашу бойынша кешенді жұмыстарды орындауға арналған құрылыстар, механикалық және басқа да құрал-жабдықтар кешені;
2) ангар – көлік құралдарын сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған құрылыс;
3) автокөлік кәсіпорны – автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсетуге, сақтауға және жөндеуге арналған құрылыстар, оның ішінде жолаушылар автобусы кешенін қамтитын, автомобиль көлігі инфрақұрылымының бір бөлігі;
4) автомобиль жанар май құю станциясы – мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қамтамасыз ететін жабдықпен жарақталған технологиялық құрылыстар кешені;
5) авто-газ құю станциясы – сұйытылған газды сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қамтамасыз ететін жабдықтармен жарақталған технологиялық құрылыстар кешені;
6) автомобиль көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциясы (шеберханасы) – автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған құрылыстар кешені;
7) автовокзал – жолаушылар легі тәулігіне бес жүзден астам адамды құрайтын автобустардың жолаушылары мен жүргізушілеріне қызмет көрсетуге арналған құрылыстар кешені және құрамында: билет кассалары, сыйымдылығы жетпіс бестен жоғары жолаушыларға арналған күту залы бар күрделі ғимаратты, жүргізішілерді медициналық тексерістерден өткізуге және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге арналған медициналық пунктерді, сақтау камераларын, жолаушыларды түсіру мен отырғызуға арналған перронды, автобустарға арналған тұрақтарды, автобустарды тексеріп қарауға арналған бекеттерді, диспетчерлік пунктерді және ана мен балаға арналған бөлмені қамтитын;
8) автостанция – жолаушылар легі тәулігіне кемінде бес жүз адамды құрайтын автобустардың жолаушылары мен жүргізушілеріне қызмет көрсетуге арналған, кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан және құрамында: билет кассалары, сыйымдылығы жетпіс бес адамға дейінгі жолаушыларға арналған күту залы бар күрделі ғимаратты, сақтау камераларын, жолаушыларды түсіру мен отырғызуға арналған перронды, автобустар тұрақтарына арналған, алаңды диспетчерлік пункттерді қамтитын құрылыстар кешені;
9) ауылшаруашылық әуеайлағы – авиациялық-химиялық жұмыстарды орындайтын арналған азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуеайлығы;
10) авиациялық-химиялық жұмыстар (бұдан әрі – АХЖ) – ауылшаруашылығы, орман және басқа да алқаптарда азаматтық авиация пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолдана отырып атқаратын жұмыстар;
11) әуевокзалы – әуежайларда әуе көлігі жолаушыларына қызмет көрсетуге арналған құрылыстар мен ғимараттар кешені;
12) әуежай – әуе кемелерін қабылдауға және жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшін әуеайлық, әуевокзалы, басқа да құрылыстары, сондай-ақ қажетті жабдықтары бар құрылыстар кешені;
13) бластчиллер – өнімді мұздататын қарқынды салқындату аппараты;
14) борттық тағам – әуе кемелерінің авиажолаушылары мен экипажына арналған, ұшу кезінде әуе кемесінің бортында берілетін тамақ;
15) борттық тамақтандыру объектісі – борттық тағамды өндіру, қайта өңдеу, өткізу және ұйымдастыру бойынша қоғамдық тамақтану объектісі;
16) борттық тағам рационы – әуе көлігі бортында бір адамның тамақтануына арналған тамақ өнімдерінің жиынтығы;
17) вагон және локомотив депосы, локомотив-жөндеу және вагон-жөндеу зауыттары – вагондарды, локомотивтерді жоспарлы және күрделі жөндеуге, вагон, локомотив тораптары мен бөлшектерін жөндеуге және жинақтауға арналған өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, темір жолдар кешені;
18) диспетчерлер – көлік құралдарының қозғалысын жедел бақылау және басқару орталығының (пунктінің) операторлары;
19) диспетчерлік орталық (пункт) – қажетті жабдығы бар диспетчерлердің жұмыс орындарын орналастыруға арналған ғимарат (үй-жай);
20) дефростер – өнімдерді ерітуге арналған жабдық;
21) дастархан әзірлеу бөлімшесі – борттық тағам объектісіндегі борттық тағамды жинақтауға және әзірлеуге арналған учаске;
22) дегазациялық алаң – авиациялық химиялық жұмыстар біткеннен кейін әуе кемелерін дегезациялау және пестицидтерден тазартуға арналған алаң;
23) жабық вагондарды дайындайтын кешенді пункт – азық-түліктерді, шаруашылық, қатты әсер ететін химиялық заттарды және сусымалы қауіпті жүктерді тасымалдағаннан кейін жабық вагондарды тазалауға, жууға және дезинфекциялық өңдеуге арналған объект;
24) жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, ағымдық жөндеу және жабдықтау пункті – жолаушылар вагондарының жарамдылығын, ағымдық жөндеуді қамтамасыз ететін және жылжымалы құрамды тексеруге, тіркемеден ажыратпай ағымдық жөндеуге және тасымалдауға дайындауға, жабдықтауға арналған темір жол көлігінің бөлімшесі;
25) жол машина станциясы – жолды орташа және күрделі жөндеуді жүзеге асыруға арналған теміржол көлігінің құрылымдық бөлімшесі;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |