• Мое избранное
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 02.03.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10874 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 2 наурыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 26.01.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес
Редакция 01.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 271-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
 № 246 бұйрығымен
 бекітілген
  • 1
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 жылғы № 551 Бұйрығымен (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.07.2016 жылғы № 412 Бұйрығына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 271-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде кедендік тазартумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мемлекеттік кірістер органдары (кеден бекеттері) лауазымды адамдары іс-қимылының дәйектілігін айқындайды.
2. Қағида кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға кедендік тазартуды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
3. Тауарларды кедендік тазартуды өзінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес осындай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кеден бекеттерінің лауазымды адамдары (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды адам) жүзеге асырады.
4. Уәкілетті лауазымды адам тауарларға кедендік тазартуды тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) жазбаша немесе электрондық құжат түрінде пайдалана отырып жүргізеді.
5. Тауарларды кедендік тазарту және кедендік бақылауды жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адам тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады.
6. Осы тармақтың екінші бөлігімен, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тарауының 8-парагрфімен белгіленген қоспағанда, тауарларды кедендік тазарту кезінде ТД-ны декларант немесе кеден өкілімен оның қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылауда тұрған мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларға кедендік тазарту процесін оңтайландыру мақсатында көрсетілген тауарларға қатысты ТД өзге мемлекеттік кірістер органына беруге болады.
7. Еуразиялық экономикалық одақтық сыртқы экономикалық Тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕЭО СЭҚ ТН) бір жіктеу кодын көрсете отырып, жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау кезінде декларант немесе кеден өкілі тек рұқсат беруде көрсетілген аумақтық мемлекеттік кірістер органына декларацияны ұсынады.
2-тарау. Тауарларды жазбаша нысанда кедендік декларациялау кезінде тауарларға кедендік тазартуды жасау кезіндегі уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы
1-параграф. ТД-ны қабылдау, тіркеу және тіркеуден бас тарту кезіндегі уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы
8. ТД-ны қабылдаумен, тіркеумен және тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операциялар «Тауарға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулық туралы (бұдан әрі – Тауарға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі)» Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 98 шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
9. Осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте берілген ТД, ТД беру күнін және уақытын, оның электрондық көшірмесін және қажетті құжаттарды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және (немесе) электрондық түрде ТД тіркеу журналында тіркеу жолымен міндетті қабылдауға жатады.
ТД қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
10. Декларант немесе кеден өкілі ТД берген кезде уәкілетті лауазымды адам тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын Кодекстің 281 және 282-баптарында көрсетілген құжаттардың бар болуын тексереді.
11. ТД қабылданғаны тізімдеменің екі данасына, уәкілетті лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, күні мен уақытын, қолын және жеке нөмірлік мөр бедерін қоюмен расталады.
12. ТД қабылдаған кезде уәкілетті лауазымды адам оны беру мерзімін тексереді.
Егер ТД Кодекстің 283-бабымен белгіленген мерзімді бұза отырып берілсе, уәкілетті лауазымды адам «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексімен көзделген шараларды қабылдайды.
13. ТД берген сәттен бастап уәкілетті лауазымды адам отыз минуттан аспайтын мерзімде оны тіркеуді жүргізеді.
Кодекстің 138-бабына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымның төленгені туралы растау болған және ТД тіркеуден бас тарту негіздемесі болмаған кезде ТД тіркеу жүргізіледі.
14. Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде, сондай-ақ ТД тіркеу журналында ТД тіркеуді уәкілетті лауазымды адам жүзеге асырады.
15. Уәкілетті лауазымды адам, егер:
1) ТД-ны, тіркеуге құқылы емес кеден бекетіне берілсе;
2) ТД-ны кеден бекетіне уәкілеттігі жоқ адам берсе ТД тіркеуден бас тартады.
Уәкілетті лауазымды адам:
3) ТД-да Кодекстің 279-бабымен көзделген негізгі мәліметтер көрсетілмесе; 
4) ТД-ға қол қойылмаған, не тиісті түрде куәландырылмаған немесе Кедендік одақтың Комиссия шешімімен бекітілген 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 «Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулық» (бұдан әрі - ТД толтыру бойынша Нұсқаулық) белгіленген нысан бойынша жасалмаған болса, ТД-ны толтыру тәртібі;
ТД-ны толтыру тәртібі;
5) Кодекске сәйкес ТД берілгенге дейін немесе берумен бір уақытта жасалатын әрекеттер жасалмаған декларацияланатын тауарларға қатысты «Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі жөніндегі нұсқаулық туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен (бұдан әрі – ТД толтыру жөніндегі нұсқаулық) айқындалады.
16. ТД-ны тіркеуден бас тартуды уәкілетті лауазымды адам Тауарға арналған декларацияны тіркеу емесе тіркеуден бас тартуды тәртібіне сәйкес ресімдейді.
2-параграф. Құжаттамалық тексеруді жүзеге асыру кезіндегі уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы
17. Тауарларды кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды адам ТД және ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізу жолымен құжаттарды және мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады.
18. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру кезінде уәкілетті лауазымды адам мынадай әрекеттерді орындайды:
1) ТД-да және оның электрондық көшірмелерінде мәлімделген мәліметтердің тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын құжаттардағы мәліметтермен сәйкестігін тексереді;
2) тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтауды тексереді, бұл ретте, уәкілетті лауазымды адам жүргізеді:
Кодекстің 281 және 282-баптарының негізінде кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын құжаттардың тексеруін жүргізеді;
ЕЭО СЭҚ ТН бір жіктеу кодын көрсете отырып жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылған құжаттардың бар болуын «Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау мен кедендік тазартудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 ақпанда № 10236 болып тіркелді) бекітілген, Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілген жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау және кедендік тазарту қағидаларына сәйкестігін тексеру.
3) тыйым салулар мен шектеулердің, тарифтік емес реттеу шаралардың және экспорттық бақылаудың сақталуын мына құжаттардың: лицензиялардың, сертификаттардың, рұқсаттардың және (немесе) өзге құжаттардың болуына тексеру жолымен бақылайды;