• Мое избранное

Отправить по почте

8

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүріге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11009 тіркелді

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 03.10.2024 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (07.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлері (бұдан әрі - Параметрлер) бекітілсін.
1-1. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Бұйрық 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.08.2020 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 18.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақ алып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.12.2022 жылғы № 691 Бұйрығына сәйкес (24.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін Параметрлердің 20-бабының 4) тармақшасын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі м.а.
_________________Р.Б.Бекетаев
_________________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 17 сәуір

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________________Қ. Қасымов
2015 жылғы 27 сәуір

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________Е.Досаев
2015 жылғы 29 сәуір

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_________________В.Школьник
2015 жылғы 16 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342
 бұйрығымен бекітілген
1
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлері
1. Автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік параметрлері мен басқа да сызықтық өлшемдері төменде келтірілген мәндерден (метрмен) аспауы тиіс:
1-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 жылғы № 761 Бұйрығымен (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 13.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 жылғы № 151 Бұйрығына сәйкес (06.08.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жол берілетін ұзындығы:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 03.10.2024 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (07.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар 24,0;
3) жол берілетін биіктігі:
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 03.10.2024 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (07.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көтергіш платформаларда жеңіл автомобильдер мен контейнерлерді (сұйықтықтарды немесе газдарды тасымалдауға арналған сыйымдылықтарды қоса алғанда) тасымалдауды жүзеге асыратын, рұқсат етілген биіктігі 4,3 метрден аспауға тиіс көліктің бір немесе бірнеше түрімен тасымалдауға арнайы арналған және жабдықталған автокөлік құралдарын қоспағанда, барлық автокөлік құралдарына 4,0 метр.
2. Осы бөлімнің 1-тармағында көрсетілген автокөлік құралдарының жол берілетін өлшемдері өзіне контейнерлерді қоса алғанда, орнатылған механизмдердің тасымалданатын жүктердің алынбалы шанақтардың және жүктерге арналған ыдыстардың өлшемдерін қамтиды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 03.10.2024 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (07.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қозғалыс кезінде автокөлік құралы сыртқы радиусы 12,5 метрмен және ішкі радиусы 5,3 метрмен шектелген кеңістік шегінде бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 жылғы № 761 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 13.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
4-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 жылғы № 151 Бұйрығымен (06.08.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Тартқыштың артқы бөлігі мен тіркеменің алдыңғы бөлігі арасындағы болатын 0,6 метрден кем емес арақашықтықты шегергенде, тартқыштың шанағы немесе кабинасы сыртындағы жүкті орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен тіркеменің артқы сыртқы нүктесіне дейінгіжол берілетін арақашықтық 17 метрден аспауы тиіс.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 жылғы № 761 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 13.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
6. Шанақтың немесе кабинаның сыртындағы жүкті орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен жартылай тіркеменің артқысыртқы нүктесіне дейін автопоездың бойлық білігіне қатар өлшенген, жол берілетін арақашықтық 16,4 метрден аспауы тиіс.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 жылғы № 761 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 13.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
7. Автокөлік құралының шанағында орнатылған жүк автомобильдің немесе тіркеменің (жартылай тіркеменің) артқы сыртқы нүктесінен 1 метрден артық шығатын тасымалдау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесімен көзделген шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген).
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 03.10.2024 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (07.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Жүк автомобилінің артқы білігі мен тіркеменің алдыңғы білігі арасындағы арақашықтық кемінде 3 метр болуы тиіс.
9. Жартылай тіркеменің топсалы бекітпесінің білігі мен жартылай тіркеменің алдыңғы жағының кез келген нүктесі арасындағы көлденең өлшенген арақашықтық 2,04 метрден аспауы тиіс.
1
10. Автокөлік құралының ұзындығын өлшеген кезде автокөлік құралында құрастырылған мынадай құрылғылар есепке алынбайды:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 жылғы № 761 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 13.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
алдыңғы және артқы тіркеу белгілерінің тақтайшалары мен мемлекеттік тіркеу белгілерін бекіту үшін конструктивтік элементтері;
қалқанды бекіту құрылғылары және олардың қорғағыш элементтері;
сыртқы айналар мен тікелей емес кеңістікті шолудың басқа құрылғылары;
іштен жану қозғалтқышының енгізу жүйесіне ауаны алу құрылғылары;
қозғалуға арналған күйде көлік құралының жүк көтерерлікшамасы асырылмаған шартта габариттік өлшемдерін 300 миллиметрден асыратын көтергіш платформалар, шығуға арналған басқыштар және ұқсас жабдықтар;
желі арқылы электр қуаты бар көлік құралдарының ток қабылдағыштары;
11. Автокөлік құралының биіктігін өлшеген кезде автокөлік құралында кұрастырылған:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 жылғы № 761 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 13.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
көтерілген қалыптағы пантограф немесе ток қабылдағыштар есепке алынбайды.
Білікті көтеруге арналған құрылғысы бар автокөлік құралдары үшін осы құрылғы ықпал етуінің әсері ескерілуі тиіс.
12. Автокөлік құралының енін өлшеген кезде автокөлік құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерілмейді:
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 жылғы № 761 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 13.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
доңғалақтар астынан шашыраудан қорғау үшін шығыңқы иілмелі бөліктер;
М3 санатты автокөлік құралдары үшін қозғалу күйіндегі кіру рампалары, автокөлік құралының әрбір жағынан 10 миллиметрді асырмай шығатын,ілгері немесе кейін бағытталған рампалар бұрыштарының иілу радиусыкем дегенде 5 миллиметр, бұл ретте басқа бұрыштарының иілу радиусыкем дегенде 2,5 миллиметр болуы тиіс;
сыртқы айналар мен тікелей емес кеңістікті шолудың басқа құрылғылары;
үстіңгі қабатпен тікелей жанасу нүктесіндегі шиналардың пішіні өзгерген бүйір қабырғаларының бөлігі.
13. Автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтары төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 жылғы № 761 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 13.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 жылғы № 151 Бұйрығына сәйкес (06.08.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 03.10.2024 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (07.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
үш білікті (М3 санатты буындастырылған автобустарды қоспағанда) 25,0;
үш білікті дара автокөлік құралдары үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда жүктемені 1 тоннаға асыруға жол беріледі;
2) құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар:
алты біліктен жоғары біліктік массалардың (біліктер тобының) рұқсат етілген қосындысынан аспауға тиіс.
3. Автокөлік құралдарының жол берілетін біліктік жүктемелері
14. Автокөлік құралдарының жол берілетін біліктік жүктемелерінің салмақтары қосындысы төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 жылғы № 761 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 13.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
2) қосарланған біліктер үшін біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда салмақты 1 тоннаға асыруға жол беріледі;
3) үштік білік үшін біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
4) үш біліктен көп немесе тәуелсіз біліктер тобының әр білігіне түсетін жүктеме біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
15. Осы автокөлік құралының ең жақын білігіне дейін 2,0 метрден асатын арақашықтықта орналасқан білік автокөлік құралының дара білігі деп есептеледі.
16. Автомобильдің немесе құрамдастырылған көлік құралдарының жетекші білігіне немесе жетекші біліктеріне берілетін салмақ автомобильдің немесе құрамдастырылған көлік құралының жиынтық салмағының 25%-нан кем болмауы тиіс.
17. Салмақтық жүктемелер уәкілетті мемлекеттік органның шешім бойынша жол төсемінің көтергіш қабілеті төмен учаскелерінде ауа-райы климаттық жағдайларға байланысты азайтылуы мүмкін.
18. Автокөлік құралдарының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін анықтаған кезде өлшеу жабдығының белгіленген ауытқуларын, оның ішінде оны пайдалану барысындағы ауытқуларын ескереді.
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 жылғы № 761 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 13.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Өлшеу жабдығының ауытқуы тасымалдаушының пайдасына шешіледі.
4. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластайтын) заттары шығарылымдарының жол берілетін нормативтері
         19. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластайтын) заттары шығарылымдарының жол берілетін нормативтері төменде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс:

Автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел

Экологиялық класстар талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылдары

4-класс

5-класс

Еуропалық Одаққа* кіретін, бензин қозғалтқыштар

2007-тамыз 2009

М 1-3 санаты, N 1 - 2009 қыркүйегі және кейінірек

N 2 санаты - 2010 қыркүйегі және кейінірек

N 3 санаты - 2008 қазаны және кейінірек

Еуропалық Одаққа* кіретін, дизельдер

2007-тамыз 2009

М 1-3 санаты, N 1 - 2009 қыркүйегі және кейінірек

N 2 санаты - 2010 қыркүйегі және кейінірек

N 3 санаты - 2008 қазан және кейінірек

АҚШ

2007 және кейінірек

- **

Жапон

2010 және кейінірек

-

Индия

-

-

Малайзия

-

-

Қытай

-

-

М 3 санаты 2012 қаңтар және кейінірек

Корея

2007 және кейінірек

-

Ресей

2010 және кейінірек

-

Өзбекстан

-

-

Беларусь

-

-

Украина

-

-

* Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Хорватия және Эстония кіреді;
1) «4-класс» және «5-класс» кестелеріндегі (-) сызықша осындай автокөлік кұралдарының экологиялық класқа сәйкестігін растау Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біріңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келісімі) аясында берілген құжат (БҰҰ ЕЭК ережесі негізінде конструкцияның типі бойынша ресми бекіту) негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;
2) автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел «Қытай» бойынша 4-экологиялық класс М3  санаты бойынша 2012 жылғы қаңтардан бастап және кейінірек, ал басқа санаттағы автокөлік құралдары (-) сызықша үшін белгіленген тәртіпке сәйкес анықталады.
  Қазақстан Республикасындағы бастапқы тіркелуге арналған М1   санатты автокөлік құралдарының шекті конструктивтік параметрлері
         20. Кеден одағының «Дөңгелектік көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/011 техникалық регламентімен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау (дәлелдеу) туралы құжаты (Кеден одағының көлік құралының типін мақұлдау, Кеден одағының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлігі) немесе ұлттық заңнама шеңберінде берілген қолданыстағы Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты жоқ М1  санатты автокөлік құралдары:
1
4) күндізгі жүру оттары болған кезде ғана Қазақстан Республикасы аумағында бастапқы тіркеуге жіберіледі.