• Мое избранное
"Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.03.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 9

"Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 сәуірде № 10774 тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 6 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.02.2023 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.12.2022 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрі 
____________Т. Дүйсенова 
2015 жылғы «__» _________
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика
министрлігінің бұйрығымен
 2015 жылғы 16 наурызда
 № 209 бекітілген
  • 4
«Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
         1. Осы «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және сумен жабдықтау көздерін ластанудан қорғауға, ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарының шекараларын айқындауға, ауыз судың сапасына, сумен жабдықтау және кәріздеу құрылыстарына, суды дезинфекциялауға, жабық және ашық жылумен жабдықтау жүйелеріндегі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауға, ыстық сумен жабдықтаудың бөлек желілері бар жылумен сумен жабдықтау жүйелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
2. Осы Санитариялық қағидалар сумен жабдықтау объектілеріне (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері), орталықтандырылған ыстық жабдықтау жүйелеріне және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына қолданылады.
3. Осы Санитариялық қағидалар қызметі сумен жабдықтау объектілерін жобалаумен, салумен, реконструкциялаумен, оларды күтіп-ұстаумен және пайдаланумен байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) арынсыз сулар – сулы қабаттың жоғары бетінде атмосфералық қысым деңгейінде қысымы бар жерасты сулары;
2) арынды сулар – сулы қабаттың сыртқы бетіндегі атмосфералық қысымнан жоғары қысым астында орын ауыстыратын жерасты сулары;
3) ауыз сумен жабдықтаудағы төтенше жағдайлар болып ауыз сумен жабдықтау көздерінің ластануына, сарқылуына және (немесе) ауыз сумен жабдықтау жүйелерінің бұзылуына алып келген авария, апат, стихиялық немесе табиғи немесе техногенді сипат жағдайы салдарынан суды тұтынушыларға бір тәуліктен аса ауыз судың берілуінің тоқталуы саналады;
4) бак-аккумулятор – су жинауға арналған ыдыс;
5) бұлақ (бастау) – жерасты суларының жер бетіне табиғи жинақталып шығуы;
6) бьеф – ағысы бойынша сужинағыш құрылыстан (бөгет, шлюздер) жоғары немесе одан төмен орналасқан су қоймасының, өзеннің, арнаның бір бөлігі;
7) бірінші санаттағы су қоймасы – орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көзі ретінде пайдаланылатын жерүсті су объектілері;
8) гигиеналық норматив – көрсеткіштердің зерттеулермен тағайындалған тіршілік ету ортасының сол немесе өзге де факторларын адам үшін қауіпті және (немесе) қауіпсіз тұрғыдан сипаттайтын рұқсат етілген ең жоғары және ең төмен сандық және (немесе) сапалық мағынасы;
9) деаэрация – судан онда еріген газдарды жою;
10) екінші санаттағы су қоймасы – жаппай демалу, туризм және спорт үшін пайдаланылатын, сондай-ақ елді мекендер шегінде орналасқан жерүсті су объектілері;
11) жылумен жабдықтаудың жабық жүйесі – ыстық сумен жабдықтауға арналған су ысытқыштарда (бойлерлерде) ысытылатын жылумен жабдықтау жүйесі;
12) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
13) жеткілікті қорғалмаған жерасты сулары – қоректенуін таралу аумағынан алатын жер бетінің бірінші қабатында орналасқан арынсыз сулы қабаттың жерасты (топырақты) сулары;
14) жалпы колиформдық бактериялар (бұдан әрі – ЖКБ), грам теріс, оксидаза теріс, спора құрмайтын, дифференциалдық лактозалық орталарда өсе алатын, плюс 37 Цельсий температура (бұдан әрі –0 С) кезінде 24-48 сағат ішінде лактозаны қышқыл, альдегид және газға дейін ферменттейтін таяқша;
15) жалпы микробтық сан (бұдан әрі – ЖМС) – қоректендіргіш агарда плюс 370 С температура кезінде 24 сағат ішінде колония құруға қабілетті мезофильдік аэробты және факультативтік анаэробты микроорганизмдердің жалпы саны;
16) жылумен жабдықтаудың ашық жүйесі – жылу желісіндегі суды ыстық сумен жабдықтауға тікелей бөлетін жылумен жабдықтау жүйесі;
17) жер үсті су объектілерішекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
18) жылумен жабдықтау – тұрғын үйлерді, ұйымдарды жылыту, желдету, ыстық су арқылы жылумен жабдықтау;
19) жеке ыстық сумен жабдықтау желілері бар жылумен жабдықтау жүйесі – жылу жүйесі мен ыстық сумен жабдықтау арасында байланыс болмаған жағдайда, орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау суының тікелей қыздырылуымен сипатталады;
20) жарма – су деңгейінің көтерілуін қамтамасыз ететін және оның тегеурінін қабылдайтын гидроторап құрылыстары орналасатын өзен учаскесі;
21) кемер – өзен, көл немесе жасанды суқойманың сулы бетінің құрлық бетімен қиылысу сызығы;
22) каптаж – пайдалану мақсатында жерасты суларының шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс;
23) коли-фагтар – E.coli-ді лизирлеу және қөректендіргіш агарда плюс 37 Цельсий градус (бұдан әрі–0 С) температура кезінде 18 сағаттан кейін лизис аймақтарын (түйіндіктер) қалыптастыру қабілеті бар бактериалдық вирустар;
24) қорғалған жерасты сулары – қорғанысы жеткіліксіз жоғарыда жатқан сулы қабаттарынан жергілікті қоректену мүмкіндігін болдырмайтын барлық санитариялық қорғаныш аймақтарының (бұдан әрі – СҚА) белдеулері шегінде тегіс сутірек жабыны бар қабат аралық сулар (арынды және арынсыз);
25) қойыртпақ – борпылдақ (жұмсақ) консистенциялы өндірістің қалдықтары;
26) магистралдық арна – суды бір бассейннен екіншісіне және бір өзен жүйесінен басқасына ауыстыруға арналған жасанды құрылыс;
27) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау – суды шығындау орындарына бермей, жинауға арналған, жалпы пайдалану үшін ашық немесе жеке пайдаланылатын құрылыстар;
28) шекті рұқсат етілген шоғырланушылық (бұдан әрі – РШШ) – көлем немесе масса бірлігінде, шектеусіз уақыт бойына күнделікті әсер ету барысында, организмде ауырсыну өзгерістері мен болашақ ұрпаққа жағымсыз тұқымқуалаушылық өзгерістерді тудырмайтын зиянды заттардың ең көп мөлшері;
29) рұқсат етілген шекті түсірінді (бұдан әрі – РШТ) – сарқынды сулардың су объектілеріне, суқойма жағдайы мен су сапасына зиянды әсер етпейтіндей, жол берілген түсірінділердің саны;
30) рекреация – жаппай демалыс, туризм және спортқа арналған, жақын орналасқан жағасы бар су объектісі немесе оның учаскесі;
31) санитарлық қорғау аймағы - су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатында белгіленген режим сақталуға тиіс сумен жабдықтау көзі мен су құбыры құрылыстарының төңірегінде арнайы бөлінетін аумақ (бұдан әрі – СҚА);