Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10905 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.07.2016 жылғы № 363 Бұйрығына сәйкес
Редакция 22.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидалары бекітілсін.
2. «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 124-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8509 тіркелген, 2013 жылғы 23 қазандағы № 299 (27573) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі _____________ Е. Досаев 2015 жылғы 3 сәуір
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) квоталанатын қондырғы операторының шоты - парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға жатқызылған, табиғат пайдаланушылар үшін ашылатын Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі есепшоттың түрі;
2) қондырғы операторы - меншігінде немесе заңды пайдалануында Қазақстан Республикасының аумағындағы, жұмыс істеуі парниктік газдар шығарындыларын көздейтін, қондырғысы бар заңды тұлға;
3) қондырғы паспорты - парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыратын қондырғының географиялық орналасқан жері, қызмет түрлері мен пайдаланылатын технологияның сипаттамалары, шығарындылардың базалық көлемі мен оларды есептеу әдістемесі, сондай-ақ мониторинг жоспары туралы деректерді және қондырғыларды есепке алу үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын құжат;
4) парниктік газдар шығарындыларының квотасы - парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспарының (бұдан әрі - ұлттық жоспар) қолданылу кезеңіне табиғат пайдаланушыға бөлінген реттелетін парниктік газдар шығарындыларының сандық көлемі;
5) парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға жатқызылатын қондырғы - Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-2-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларына квота белгіленетін қондырғы;
6) сертификат – табиғат пайдаланушыға парниктік газдар шығарындыларын азайту және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында берілетін парниктік газдар шығарындыларының рұқсат етілген көлемін белгілейтін құжат;
7) тәуелсіз аккредиттелген ұйым – верификация, валидация және парниктіктік газдарды түгендеу туралы есептерді растау бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) аккредиттелген ұйым.
3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталауға жататын табиғат пайдалашыларға Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларына квота беру тиісті квота бірліктерін Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі квоталанатын қондырғы операторының шотына, парниктік газдар шығарындыларына сертификат алғаннан кейін, енгізу арқылы жүзеге асырылады.
4. Табиғат пайдаланушының қондырғы бойынша алуына арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемі ұлттық жоспардың қолданылу мерзімі шегінде оның пайдаланылуының толық кезеңіне анықталады және уәкілетті органмен берілетін сертификатта көрсетіледі.
2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібі
5. Табиғат пайдаланушылар парниктік газдар шығарындыларына квоталар алу және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу мақсатында уәкілетті органға тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған мынадай құжаттарды ұсынады:
1) есептік жылға арналған парниктік газдарды түгендеу туралы есеп;
2) қондырғы паспорты;
3) парниктік газдар шығарындыларын азайту бағдарламасы;
4) парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
6. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алуға өтініш осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғат пайдаланушымен беріледі.
7. Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 123-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8497 тіркелген) Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанына сәйкес әзірленеді.
8. Мониторинг жоспарын қамтитын қондырғы паспорты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8496 тіркелген) Қондырғы паспортының нысанына сәйкес әзірленеді.
9. Ұлттық жоспарға енгізілген, қолданыстағы қондырғылар бойынша сертификаттар алуға арналған құжаттар ұлттық жоспардың қолданыстағы алғашқы жылының 1 мамырына дейін беріледі.
10. Егер Ұлттық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, табиғат пайдаланушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды Ұлттық жоспарға енгізілген қолданыстағы қондырғылар бойынша сертификаттар алуға арналған құжаттарды ұлттық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін екі ай ішінде ұсынады.
11. Парниктік газдар шығарындыларын азайту бағдарламасы мен парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары табиғат пайдаланушымен еркін нысан бойынша әзірленеді және уәкілетті органына ұсынылады.
12. Егер қондырғылар бір өнеркәсіптік алаңда орналасқан және бір оператормен әрекет еткен жағдайда, табиғат пайдаланушы барлық қондырғылар бойынша бір өтініш және бір парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бағдарламасын ұсына алады.
13. Ұлттық жоспарға енгізілмеген жаңа қондырғылар бойынша парниктік газдар шығарындыларына сертификаттарды алуға өтініш осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға жатқызылатын жаңа қондырғының пайдалануға енгізілуіне дейін үш ай бұрын кешіктірмей беріледі.
14. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап бір ай мерзім ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына сертификат береді.
15. Сертификат беруден мына жағдайларда жүргізіледі:
1) егер өтініш берілген қондырғы парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жатқызылмаса;
2) қондырғының болмауы немесе өтініш берген сәтте қондырғының пайдаланудан мүлдем шығуы;
3) ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі;
4) тәуелсіз аккредиттелген ұйымы растауының жоқтығы.
16. Егер уәкілетті орган осы Ережеге сәйкес айқындаған мерзімдерде өтініш берушіге сертификатты бермеген немесе оны беруден уәжді түрде бас тартпаған жағдайда, оны беру мерзімі өткен күннен бастап сертификат берілді деп есептеледі және квота көміртек бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде табиғат пайдаланушылардың шотына еңгізіледі.
17. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат уәкілетті органымен табиғат пайдаланушыға ұлттық жоспардың қолданылу кезеңіне беріледі.
18. Жаңа қондырғы бойынша ұлттық жоспардың квоталар көлемі резервінен квота беру осы Қағидалардың 5-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап бір ай мерзім ішінде жүзеге асырылады.
19. Уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатын, көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы қондырғы операторларының шоттарына парниктік газдар шығарындыларына квоталар бірліктерін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 122-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7702 тіркелген) Көмiртегі бiрлiктерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларына сәйкес енгізуді жүргізеді.
20. Квотаның күшін жою туралы шешім тиісті кезеңге арналған ұлттық жоспарға сәйкес парниктік газдар шығарындыларына квота беру жүзеге асырылатын қызмет толық тоқтатылған жағдайда уәкілетті органымен қабылданады.
21. Квотаны тоқтата тұру туралы шешім, Кодекстің 17-бабының 28-2 тармағына сәйкес табиғат пайдаланушы парниктік газдарды түгендеу туралы есепті бермеген, уақтылы бермеген, тәуелсіз аккредиттелген ұйымның парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауы болмаған, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы дәйексіз деректерді ұсыну фактілері анықталған жағдайларда уәкілетті органымен қабылданады.
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларына қосымша нысан
Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш
1. Қондырғы операторының атауы |
|
2. Жалпы мәліметтер: |
|
3. Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономика секторы (атауы мен коды) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша |
|
4. Парниктік газдар шығарындыларына сұралатын квоталар көлемі: | __________________________ тонна ___________________________ тонна ___________________________ тонна |
5. Парниктік газдар шығарындыларына квотаны алу үшін көзі |
|
6. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар арналған уақыт кезеңі | 20____ жылға |
7. Өтінімге келесі құжаттар қоса ұсынылады: | 1) есепті жылға парниктік газдарды түгендеу туралы есеп |
Өтініш беруші мәліметтердің дұрыстығына жауап береді.
Басшы
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, қолы, мөр орны)
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларына 2 қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 16.07.2015 жылғы № 486 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 22.01.2016 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (16.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларына 2-қосымша
нысан
_____________________________________________________________________
(парниктік газдар шығарындыларына сертификат беретін органның атауы)
Парниктік газдар шығарындыларына СЕРТИФИКАТ
Осы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-3-бабына сәйкес
берілген сертификат _________________________________________________
(қондырғы операторының атауы)
БСН _________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
Өндірістік объектінің (қондырғының) атауы ___________________________
Төмендегі қызмет түрлері бойынша ____________________________________
(қызмет түрлері көрсетіледі)
парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі оның міндеттемелерін
орындау және Квота бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес көміртегі
бірліктерін саудалауға қатысу мақсатында парниктік газдар
шығарындыларына __________________ жылдарға ___________________ тонна
мөлшерінде рұқсат алғандығын куәландырады.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының
1-тармағына сәйкес қосымша квота көлемі:
есептік кезеңге.
Сертификатты тапсыру мерзімі: 20 ___ жылғы « » ________ дейін.
Тәуелсіз аккредиттелген ұйыммен расталған Қазақстан
Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
28 шілдедегі № 502 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық
актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 тіркелген) парниктік
газдарды түгендеу туралы есептің нысандарына сәйкес парниктік газдар
шығарындыларын түгендеу туралы есеп есепті жылдан кейінгі жылдың 1
сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылады.
Мониторинг _________________________________ сәйкес жүргізіледі
(Қондырғыға қолданылатын мониторинг стандарттарын көрсете отырып,
мониторинг талаптары (қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
орган бекіткен әдістемелер))
Басшы (уәкілетті адам) ________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.(оның болған жағдайда)
М.Ө.
___________________ қаласы Берілген ___________________________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |