Toggle Dropdown
1
Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10898 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 25.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа 1 қосымшасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрыққа 2 қосымшасына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________________Ә. Исекешев
«____» ___________ 2015 жылы
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________ Е. Досаев
1 сәуір 2015 жылы
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 7-1/69 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Toggle Dropdown
| Р/с № | Біліктілік талаптары | Құжаттар | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Жануарлар ауруларын емдеу және олардың профилактикасы бойынша препараттар шығару үшін мыналардың болуы: 1) қосалқы материалдарды, химиялық ерітінділерді, қоректік орталарды, жасушалардың өсірінділерін дайындайтын үй-жайлардың; 2) өндірістік үй-жайлардың (цехтың, бөлімнің); 3) виварияның; 4) изоляторлардың; 5) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшелерінің; 6) температураны және ылғалдылықты (қажет болған жағдайда) тіркейтін датчиктермен жабдықталған термостаттық бөлменің; 7) зертханалық ыдыстарды, қоректік орталарды, құралдарды стерильдеуге және микробтық өсірінділерді, залалданған материалды және басқа да биологиялық қалдықтарды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) арналған автоклавтың; 8) ыдыстарды жуу және дайындау үшін жуу бөлмесінің; 9) буып-түюге арналған үй-жайдың; 10) ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайының; 11) стационарлық коммуникациялардың – өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың және кәріздің; 12) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйесінің болуы. | Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалға алу немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмелері; «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытынды. | Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік үй-жайлар бар болған жағдайда, ақпарат жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінен алынады. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінен алады. |
| 2. | Жануарлар ауруларын диагностикалау бойынша препараттар шығару үшін: 1) қосалқы материалдарды, химиялық ерітінділерді, қоректік орталарды, жасушалардың өсірінділерін дайындайтын үй-жайлардың; 2) өндіріс бойынша үй-жайлардың (цехтың, бөлімнің); 3) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшелерінің; 4) ыдыстарды жуу және дайындау үшін жуу бөлмесінің; 5) буып-түюге арналған үй-жайдың; 6) ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайының; 7) стационарлық коммуникациялардың – өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың және кәріздің; 8) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйесінің болуы. | Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалға алу немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмелері; Бұйрыққа сәйкес берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытынды. | Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік үй-жайлар бар болған жағдайда, ақпарат жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінен алынады. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінен алады. |
| 3. | Фармакологиялық белсенділігі бар препараттар шығару үшін: 1) ветеринариялық препаратты өндіретін үй-жайлардың (цехтың, бөлімнің); 2) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшелерінің; 3) ыдыстарды жуу және дайындау үшін жуу бөлмесінің; 4) буып-түюге арналған үй-жайдың; 5) ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайының; 6) стационарлық коммуникациялардың – өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың және кәріздің; 7) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйесінің болуы. | Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалға алу немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмелері; Бұйрыққа сәйкес берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытынды. | Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік үй-жайлар бар болған жағдайда, ақпарат жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінен алынады. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінен алады. |
| 4. | Жануарлардың өнімділігін арттыруға арналған препараттар шығару үшін: 1) ветеринариялық препаратты өндіретін үй-жайлардың (цехтың, бөлімнің); 2) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшелерінің; 3) ыдыстарды жуу және дайындау үшін жуу бөлмесінің; 4) буып-түюге арналған үй-жайдың; 5) ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайының; 6) стационарлық коммуникациялардың – өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың және кәріздің; 7) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйесінің болуы. | Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалға алу немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмелері; Бұйрыққа сәйкес берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытынды. | Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік үй-жайлар бар болған жағдайда, ақпарат жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінен алынады. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінен алады. |
| 5. | Дезинфекциялауға, дератизациялауға, дезинсекциялауға арналған препараттар шығару үшін: 1) ветеринариялық препаратты өндіретін үй-жайлардың (цехтың, бөлімнің); 2) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшелерінің; 3) ыдыстарды жуу және дайындау үшін жуу бөлмесінің; 4) буып-түюге арналған үй-жайдың; 5) ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайының; 6) стационарлық коммуникациялардың – өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың және кәріздің; 7) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйесінің болуы. | Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалға алу немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмелері; Бұйрыққа сәйкес берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытынды. | Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік үй-жайлар бар болған жағдайда, ақпарат жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінен алынады. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінен алады. |
| 6. | Өндірілетін ветеринариялық препараттың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтарының болуы, өндiрiлетiн ветеринариялық препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн аспаптармен және жабдықтармен (өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары, көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдық, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттар және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының бедерлері және/немесе өлшем құралдарын калибрлеу туралы сертификаттар, сондай-ақ сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты не аккредиттелген сынақ зертханамен жасалған шарт) жабдықталған аккредиттелген сынақ зертханасының не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен сынақ жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерді) орындау туралы шарттың болуы | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. | |
| 7. | Заңды тұлғалар үшін: басшылар мен мамандардың білікті құрамының: ветеринариялық препараттар өндірумен және өндірістік бақылаумен тікелей айналысатын бөлімшелерде «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандардың (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер); ветеринариялық препараттар өндірумен және өндірістік бақылаумен тікелей айналысатын бөлімшелерде биотехнологиялық, химиялық немесе биологиялық жоғары немесе орташа білімі бар мамандардың; ветеринариялық препараттар өндірумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесі жұмыскерінің мамандық бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіру және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы. Жеке тұлғалар үшін: «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімнің, мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы. | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. | |
Toggle Dropdown
Ветеринариялық мақсаттағы
препараттарды өндіру бойынша
ветеринария саласындағы қызметті
жүзеге асыру үшін қойылатын
біліктілік талаптары мен оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
қосымша
Toggle Dropdown
Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Toggle Dropdown
1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
ветеринариялық-санитариялық қорытындының нөмірі және берілген күні ___________________________
Toggle Dropdown
сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________________
Toggle Dropdown
2. Өндірілетін ветеринариялық препараттың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтарының болуы, өндiрiлетiн ветеринариялық препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн аспаптармен және жабдықтармен (өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары, көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдық, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттар және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының бедерлері және/немесе өлшем құралдарын калибрлеу туралы сертификаттар, сондай-ақ сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты не аккредиттелген сынақ зертханамен жасалған шарт) жабдықталған аккредиттелген сынақ зертханасының не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен сынақ жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерді) орындау туралы шарттың болуы:
Toggle Dropdown
1) Өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары:
Toggle Dropdown
меншік құқығын растайтын құжат немесе заңды құқықтарды растайтын құжат __________________________________________
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
өлшеу құралдарының атауы және қысқаша сипаттамасы________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
______________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
өлшеу құралдарының мақсаты_____________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
шығарылған жылы және өндіруші ел _______________________________
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
зауыттық нөмірі және түгендеу күні ______________________________
Toggle Dropdown
техникалық паспорт нөмірі ________________________________________
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптарына, қосалқы материалдарға, жабдыққа дайындаушы зауыттардың пайдалану паспорттарынан алынған мәліметтер:
Toggle Dropdown
бақылау аспаптарының, қосалқы материалдар мен жабдықтың атауы және қысқаша сипаттамасы _________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
паспорттың нөмірі ______________________________________________
Toggle Dropdown
паспорттың берілген күні_________________________________________
Toggle Dropdown
паспортты берген орган _______________________________
Toggle Dropdown
жабдықтың мақсаты_________________________________
Toggle Dropdown
3) өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттар және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының бедерлері және/немесе өлшем құралдарын калибрлеу туралы сертификаттар:
Toggle Dropdown
сертификаттар нөмірлері_________________________________________
Toggle Dropdown
берілген күні __________________________________________________
Toggle Dropdown
сертификаттарды берген орган ___________________________________
Toggle Dropdown
сертификаттардың қолданылу мерзімі ___________бастап _______дейін
Toggle Dropdown
4) сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты не аккредиттелген сынақ зертханамен жасалған шарттар туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
сынақ зертханасын аккредиттеу аттестатының нөмірі _________________
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
берілген күні___________________________________________________
Toggle Dropdown
аккредиттеу аттестатын берген орган _______________________________
Toggle Dropdown
құжаттың қолданылу мерзімі ____________ бастап ______________дейін
Toggle Dropdown
аккредиттелген сынақ зертханамен жасалған шарттың нөмірі __________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
шарттың жасалған күні______________________
Toggle Dropdown
шарттың қолданылу мерзімі _________ бастап _________ дейін
Toggle Dropdown
3. Заңды тұлғалар үшін: басшылар мен мамандардың білікті құрамының: ветеринариялық препараттар өндірумен және өндірістік бақылаумен тікелей айналысатын бөлімшелерде «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандардың (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер); ветеринариялық препараттар өндірумен және өндірістік бақылаумен тікелей айналысатын бөлімшелерде биотехнологиялық, химиялық немесе биологиялық жоғары немесе орташа білімі бар мамандардың; ветеринариялық препараттар өндірумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесі жұмыскерінің мамандық бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіру және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы.
Toggle Dropdown
Жеке тұлғалар үшін: «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімнің, мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы.
Toggle Dropdown
1) техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
жоғарғы оқу орнының атауы______________________________________
Toggle Dropdown
мамандық және біліктілік ________________________________________
Toggle Dropdown
лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары/орта білімі туралы дипломның нөмірі __________________
Toggle Dropdown
дипломның берілген күні _________________________________________
Toggle Dropdown
2) маманданудан/біліктілікті арттырудан өткені туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
маманданудан/біліктілікті арттырудан өткен мекеменің атауы __________
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
пән____________________________________________________________
Toggle Dropdown
сертификаттың нөмірі ____________________________
Toggle Dropdown
сертификаттың берілген күні_____________________________
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 7-1/69 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Toggle Dropdown
| Р/с № | Біліктілік талаптары | Құжаттар | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде өндірістік-техникалық базаның бар болуы. | Өндірістік-техникалық базаға құқық белгілейтін құжаттар немесе осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалға алу немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмелері; «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) (бұдан әрі ̶ Бұйрық) сәйкес берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытынды. | Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік-техникалық база болған жағдайда, ақпарат жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінен алынады. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінен алады. |
| 2. | Стандарттау жөніндегі құжаттардың (ұлттық және өңірлік стандарттар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін өлшемдерді орындау әдістемелері) бар болуы. Өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдарының бар болуы, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттардың және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының бедерлерінің және/немесе өлшем құралдарын калибрлеу туралы сертификаттардың бар болуы, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін стандартты тестілердің бар болуы. | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. | |
| 3. | Заңды тұлға басшысының «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімінің, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы. Заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесінің штатында: ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіру және біліктілікті арттырудың басқа да түрлері бар мамандардың (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер) болуы*. | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. | |
| 4. | Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған қажетті жабдықтардың ең аз жиынтығының болуы | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. | |
Toggle Dropdown
Еспертпе:
Toggle Dropdown
*заңды тұлғаның басшысы бір мезгілде ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында маман (ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер) функцияларын орындаған жағдайда, талап осы тұлға біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда қолданылмайды.
Toggle Dropdown
Жануарлардан алынатын өнімдер
мен шикізатқа ветеринариялық-
санитариялық сараптама жүргізу
бойынша ветеринария саласындағы
қызметті жүзеге асыру үшін
қойылатын біліктілік талаптары
мен оларға сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
қосымша
Toggle Dropdown
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Toggle Dropdown
1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
ветеринариялық-санитариялық қорытындының нөмірі және берілген күні
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________
Toggle Dropdown
2. Стандарттау жөніндегі құжаттардың (ұлттық және өңірлік стандарттар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін өлшемдерді орындау әдістемелері) бар болуы. Өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдарының бар болуы, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттардың және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының бедерлерінің және/немесе өлшем құралдарын калибрлеу туралы сертификаттардың бар болуы, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін стандартты тестілердің бар болуы:
Toggle Dropdown
1) стандарттау жөніндегі құжаттар (ұлттық және өңірлік стандарттар, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін өлшемдерді орындау әдістемелері) иә/жоқ (құжаттың атауын көрсету керек) _______________________________________
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________;
Toggle Dropdown
2) өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары:
Toggle Dropdown
меншік құқығын растайтын құжат немесе заңды құқықтарды растайтын құжат____________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________
Toggle Dropdown
өлшеу құралдарының атауы және қысқаша сипаттамасы ______________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________
Toggle Dropdown
өлшеу құралдарының мақсаты___________________________________
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________
Toggle Dropdown
шығарылған жылы және өндіруші-ел _____________________________
Toggle Dropdown
________________________________________________________________
Toggle Dropdown
зауыттық нөмірі және түгендеу күні ______________________________
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________
Toggle Dropdown
техникалық паспорт нөмірі ______________________________________
Toggle Dropdown
________________________________________________________________;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптарына, қосалқы материалдарға, жабдыққа дайындаушы зауыттардың пайдалану паспорттарынан алынған мәліметтер:
Toggle Dropdown
бақылау аспаптарының, қосалқы материалдар мен жабдықтың атауы және қысқаша сипаттамасы ________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________
Toggle Dropdown
паспорт нөмірі________________________________________________
Toggle Dropdown
паспорттың берілген күні________________________________________
Toggle Dropdown
паспортты берген орган _____________________________________
Toggle Dropdown
жабдықтың мақсаты_________________________________;
Toggle Dropdown
4) өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттар және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының бедерлері және/немесе өлшем құралдарын калибрлеу туралы сертификаттар:
Toggle Dropdown
сертификаттар нөмірлері__________________________________________
Toggle Dropdown
берілген күні _________________________________
Toggle Dropdown
сертификаттарды берген орган __________________________
Toggle Dropdown
сертификаттардың қолданылу мерзімі ________бастап _______дейін;
Toggle Dropdown
5) базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге арналған стандарттық тесттердің бар-жоғы туралы мәліметтер______________.
Toggle Dropdown
3. Заңды тұлға басшысының «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімінің, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы.
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесінің штатында: ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіру және біліктілікті арттырудың басқа да түрлері бар мамандардың (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер) болуы*:
Toggle Dropdown
1) техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
мамандық және біліктілік ________________________________________
Toggle Dropdown
лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары/орта білімі туралы дипломның нөмірі _______________
Toggle Dropdown
дипломның берілген күні ________________________________________
Toggle Dropdown
жоғарғы оқу орнының атауы___________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________
Toggle Dropdown
2) маманданудан/біліктілікті арттырудан өткені туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
маманданудан/біліктілікті арттырудан өткен мекеменің атауы
Toggle Dropdown
______________________________________________________________
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
пән _________________________________________________________
Toggle Dropdown
сертификаттың нөмірі ____________________________________________
Toggle Dropdown
сертификаттың берілген күні______________________________________
Toggle Dropdown
Ескертпе: *заңды тұлғаның басшысы бір мезгілде ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында маман (ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер) функцияларын орындаған жағдайда, талап осы тұлға біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда қолданылмайды.
Toggle Dropdown
4. Осы Нысанға қосымшада көзделген жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған қажетті жабдықтардың ең аз жиынтығының болуы.
Toggle Dropdown
Жануарлардан алынатын өнімдер
мен шикізатқа ветеринариялық-
санитариялық сараптама жүргізу
бойынша ветеринария саласындағы
қызметті жүзеге асыруға
арналған ақпаратты қамтитын
мәліметтер нысанына
қосымша
Toggle Dropdown
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған қажетті жабдықтардың ең аз жиынтығы
Toggle Dropdown
| Р/с № | Жабдықтардың атауы | Ең аз саны (бірлік) |
| 1. | Зертханалық су моншасы* | 1 |
| 2. | Биологиялық микроскоп, микроскопқа арналған жарықтандырғыш | 1 |
| 3. | Сутегі иондарын анықтауға арналған аспап (иономер, рН-метр)** | 1 |
| 4. | Термостат | 1 |
| 5. | Шошқа етіне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханаларда трихинеллоскопияға арналған проекциялық камера немесе трихинеллоскоп (компрессориялары бар)** | 1 |
| 6. | Стерилдейтін кептіргіш шкаф** | 1 |
| 7. | Дистиллятор | 1 |
| 8. | Зертханалық таразы | 1 |
| 9. | Зертханалық термометрлер (етке арналған, металл стилеті бар) | 2 |
| 10. | Бөлме термометрi | 1 |
| 11. | Радиологиялық өлшем құралдары | 1 |
| 12. | Тұрмыстық тоңазытқыш | 1 |
| 13. | Бактерицидті (сәулелендіргіш) шам*** | 1 |
| 14. | Жұмыртқаларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханаларға арналған овоскоп* | 1 |
| 15. | Гомогенизатор немесе зертханалық ет тартқыш | 1 |
| 16. | Сүтке ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханаларға арналған сүт сапасының талдағышы* | 1 |
| 17. | Сүтке ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханаларға арналған сүттің тазалық дәрежесін анықтауға арналған аспап* | 1 |
| 18. | Компрeccoрий | 1 |
| 19. | Жиналмалы үлкейткiш шыны | 1 |
| 20. | Құралдарды стерилдеуге арналған электрлі cтeрилизатор | 1 |
| 21. | Электр плитасы | 1 |
| 22. | Зертханалық шыны ыдыстар (Петри тостағаны, пипеткалар, колбалар, стақандар, пробиркалар, өлшеуіш цилиндрлар, эксикаторлар, заттық және жапқыш шынылар, микробюреткалар, тамызғылар, спиртовкалар, мензуркалар) және реактивтер | Зерттеулер, сынаулар үшін |
| 23. | Зертханалық жиһаз (үстелдер, орындықтар, шкафтар), құралдар (пышақ, іскек, қайшы, қандауыр) | Зерттеулер, сынаулар үшін |
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
* ет өңдейтін кәсіпорынға және сою пунктіне қолданылмайды;
Toggle Dropdown
** сою пунктіне қолданылмайды;
Toggle Dropdown
***әр бөлме-жайға бір-бірден.
Toggle Dropdown
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған қажетті ең аз жиынтыққа қосымша жабдық қолдануға, сондай-ақ ең аз жиынтықты өзге жабдықпен алмастыруға жол беріледі.