«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 223 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 сәуірде № 10807 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.06.2016 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес
«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту қағидалары бекітілсін.
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнің міндетін атқарушы М. Құсайынов ______________ 2015 жылғы 27 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 223 бұйрығымен бекітілген
Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының 6-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің теңгеріміндегі, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
2) жылу желісі – жылу энергиясын беруге, таратуға арналған құрылғылар жиынтығы
3) тапсырыс беруші (инвестор) – жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салуды жүзеге асыру ниеті бар жеке немесе заңды тұлға.
3. Осы Қағидалардың әрекеті республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларына қолданылмайды.
4. Тапсырыс беруші (инвестор) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салудың техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – техникалық-экономикалық негіздеме) және жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасын (бұдан әрі – салу жобасы) әзірлегеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс сараптама жүргізу қағидаларына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде тіркеу нөмірі № 10722) сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптама алу үшін жібереді.
5. Тапсырыс беруші (инвестор) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін үш айдан кешіктірмей техникалық-экономикалық негіздемені бекітеді.
6. Тапсырыс беруші (инвестор) салу жобасын аумағында жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жоспарланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) келісу үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, салу жобасын жергілікті атқарушы органға жібереді:
1) тапсырыс беруші (инвестор) бекіткен техникалық-экономикалық негіздеменің көшірмесі;
2) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салуға жер учаскесін беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі;
3) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін энергия таратушы ұйымның жылу желісіне қосу мүмкіндігін растайтын құжаттың (хаттың) көшірмесі;
4) салу жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы.
7. Жергілікті атқарушы орган салу жобасын алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды және келіседі.
8. Тапсырыс беруші (инвестор) жергілікті атқарушы органмен келісілген күннен кейін салу жобасын үш айдан кешіктірмей бекітеді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |