Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Кешенді экологиялық рұқсаттар беру қағидаларын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 сәуірде № 10737 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 11 қазаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 09.08.2021 жылғы № 319 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес кешенді экологиялық рұқсаттар беру қағидаларын;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесі;
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуіннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрi В.Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрi
Е. Досаев _______________
2015 жылғы 11 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму министрi
А. Исекешев _________________
2015 жылғы 4 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 37 бұйрығына 1-қосымша
Кешенді экологиялық рұқсатты беру қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 11.01.2021 жылғы № 3 Бұйрығына сәйкес (23.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Кешенді экологиялық рұқсатты беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Кешенді экологиялық рұқсатты беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету және кешенді экологиялық рұқсатты беру тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) кешенді экологиялық рұқсат – табиғат пайдаланушының ең озық қолжетімді технологияларды (бұдан әрі – ОҚТ) енгізу және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерін (бұдан әрі – ТҮН) сақтау шартымен қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын бірыңғай құжат;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
3) жеке кабинет – көрсетілетін қызметті алушының авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу үшін өтініш беруге арналған электрондық кабинеті;
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, кешенді экологиялық рұқсат алуға өтініш береді:
эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының электрондық көшірмелерін (ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
ең озық қолжетімді технологияларды енгізу бағдарламасының электрондық көшірмесі;
шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшін міндетті экологиялық сақтандыру шарты түпнұсқасының электрондық көшірмесі.
Ең озық қолжетімді технологияларды енгізуді жоспарлайтын көрсетілетін қызметті алушы өтініш беруді қоршаған ортаға эмиссияларға арналған қолданыстағы рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін не жаңа объектіні (жаңа қызметті) пайдалануға бергенге дейін төрт айдан кешіктірмей жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «кешенді экологиялық рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш келіп түскен күні қоса берілген құжаттармен бірге порталда тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жібереді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен және эмиссиялар нормативтерімен бірге көзделіп отырған қызмет жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың рұқсаттары, қорытындылары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығына тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, бас тарту себептерін дәлелді негіздей отырып, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында қараудан бас тарту жіберіледі.
Құжаттар топтамасы толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкестігін қарайды. Осы мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кешенді экологиялық рұқсат немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сақталады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |