• Мое избранное
Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 сәуірде № 10612 тіркелді

Редакция 21.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 22.10.2021 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қағидалардың 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 3 және 5-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
 № 152 бұйрығымен
 бекітілген
Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығымен (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 25.12.2017 жылғы № 471 Бұйрығымен (14.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.11.2018 жылғы № 439 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 42) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 22.10.2021 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.06.2019 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес (07.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 08.11.2019 жылғы № 361 Бұйрығымен (17.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 06.08.2020 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (08.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрінің м.а. 22.10.2021 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 29.04.2022 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (22.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 388 Бұйрығына сәйкес (29.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) азаю көлемі – энергия өндіруші ұйымға сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижелері бойынша айқындалған аттестатталған электр қуатының және желіге жіберу жиынтық электр қуатының айырмасы, мегаватта (бұдан әрі – МВт);
2) аралас орташалау әдісі – бұл өнеркәсіптік кешен тұтынатын электр қуатының есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) максималды мәнін анықтау (есептеу) әдісі, оған сәйкес өнеркәсіптік кешен тұтынатын электр қуатының есептік кезеңдегі (күнтізбелік ай) максималды мәні импортталатын электр қуатын шегере отырып, аталған есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдеріндегі өнеркәсіптік кешеннің нетто-қуатының тиісті орташа мәні ретінде айқындалады;
3) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;
4) бақылау кезеңі – жергілікті уақыт бойынша 17:00-ден бастап 23:00-ге дейін күнтізбелік күн уақытының мерзімі (мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда);
5) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
6) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын айқындауға бағытталған Жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
7) генерациялаудың, технологиялық және техникалық минимумдардың жұмыс электр қуаттарының ведомосі – Жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жасайтын, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және Жүйелік оператормен келісілген генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, генерациялаудың ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін құжат;
8) генерацияның ықтимал электр қуаты – энергия өндіруші ұйымның жылу электр станциялары генерациясының жұмыс электр қуатының (белгіленген электр қуатының шектеулерін және Жүйелік оператормен келісілген жоспарлы жөндеулерді ескере отырып) және энергия өндіруші ұйымның генерациясының тиісті жұмыс электр қуатының құрамына кіретін гидравликалық электр станцияларына (Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығыстарын қамтамасыз ету шарттары бойынша) тиесілі бөлігінің сомасы, МВт;
9) желіге жіберу жиынтық электр қуаты – онда ескерілген есепті жылдағы энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының өз қажеттіліктері үшін электр қуатының максималды мәнін шегергендегі жиынтық электр қуаты, МВт;
10) жиынтық шегерілетін электр қуаты – энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы қолданыстағы шарттарда немесе олар болмаған (жасалмаған) жағдайда, энергия өндіруші ұйымды электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы екі жақты шарттарда тиісті күнтізбелік жылға көрсетілген мына параметрлер қосындысы: есептік жылдағы өз қажеттілігіне тұтынылатын электр қуатының максималды мәндері, есептік жылдағы бөлшек сауда нарығы субъектілеріне жеткізілетін максималды электр қуаты және есептік жылдағы экспорттың максималды электр қуаты, МВт;
11) жиынтық электр қуаты – әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінің және шегерілетін жиынтық электр қуатының қосындысы, МВт;
12) жоспарлы жөндеу – Жүйелік оператормен келісілген жөндеу графигіне енгізілген жоспарлы жөндеу;
13) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жүйесі - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру-тұтыну, электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастыру бойынша өтінімдерді беруге, орталықтандырылған сауда-саттық көлемін (сатып алушыларды іріктеу бойынша) айқындауға, орталықтандырылған сауда-саттық көлемін (сатушыларды іріктеу бойынша) айқындауға, бекітілген тәуліктік кестеге жүйелік оператормен келісілген түзетулер енгізуге, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру-тұтынуының нақты мәндерін қалыптастыруға, электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерін есептеуге, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сатудың сағаттық бағаларын, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алудың және теріс теңгерімсіздіктерді сатудың сағаттық бағаларын есептеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (10.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) жөндеу қуаты – энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларын жөндеудің барлық түрлерінде (резервтен тыс жағдайда) бар белгіленген жиынтық электр қуаты;
15) импортталатын электр қуаты – Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерден жеткізілетін электр энергиясының орташа айлық қуаты.
16) қуат нарығының тұтынушылары – энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар мен электр энергиясы көтерме нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар, оның ішінде өнеркәсіптік кешендер;
17) қысқару көлемі – энергия өндіруші ұйымға сәйкес келетін электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шартты көлемінің мәніне ұлғайтылған желіге жіберілетін жиынтық электр қуатының және энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижелері бойынша айқындалған аттестатталған электр қуатының айырмасы, МВт;
18) номиналды жоспарлы жөндеу кезеңі – тиісті күнтізбелік жыл шеңберінде ұзақтығы күнтізбелік бір жүз сексен күннен аспайтын үлгілік көлемде тиісті генерациялайтын қондырғыға жоспарлы жөндеу жүргізу үшін қажетті уақыт аралығы;
19) орталықтандырылған сауда нарығының операторы – электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің орталықтандырылған сауда-саттықтарын жүзеге асыратын ұйым;
20) өнеркәсіптік кешен – өздерінің құрамында меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен бар генерациялайтын көздерден электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.11.2023 жылғы № 405 Бұйрығына сәйкес (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21) өнеркәсіптік кешенінің нетто-қуаты – жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын шартты тұтынушы ретінде қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуын ескере отырып, өнеркәсіптік кешен тұтынатын электр қуатының және өнеркәсіптік кешеннің құрамына кіретін электр станциялары желісіне жіберілетін электр қуатының айырмасын білдіретін электр қуаты (аталған айырманың теріс мәндері нөлге теңеледі);
22) сауда-саттықта қуатты сатудың рұқсат етілетін көлемі - энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының және сауда-саттықта сатылмайтын электр қуатының айырмасы, МВт;
23) сауда-саттықта сатылмайтын электр қуаты – осы Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес жасалған энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттарда тиісті күнтізбелік жыл үшін көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің және тиісті аттестаттаудың нәтижелері бойынша тіркелген, энергия өндіруші ұйымы электр станцияларының өз қажеттіліктері электр қуаттары мәндерінің сомасына азайтылған, жиынтық шегерілетін электр қуатының тиісті аттестаттаудың нәтижелері бойынша расталған сомасы, МВт;
24) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
24-тармақша алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (10.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
25) техникалық минимум – конденсациялық, жылуландыру, газ турбиналық және бу-газ электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін – Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығыстарын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төмен рұқсат етілетін электр қуатының қосындысы, МВт;
26) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың минималды электр қуатының қосындысы (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде), МВт;
27) толық орташалау әдісі – есептік кезеңде (күнтізбелік айда) энергия беруші ұйымның электр қуатын тұтынуының максималды мәнін айқындау (есептеу) әдісі, оған сәйкес есептік кезеңде (күнтізбелік айда) энергия беруші ұйымның электр қуатын тұтынуының максималды мәні осы энергия беруші ұйымның жеке желілерінде және шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясының ысырабын жабу үшін тұтынған электр қуатының мәні импортталатын электр қуатын шегере отырып, осы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айда) орташа мән ретінде айқындалады;
28) тұлғалар тобының тізілімі – Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес бақылауда болған жағдайда, уәкілетті орган қалыптастыратын және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын, тұлғалардың бір тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар тізбесі;
29) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
30) ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі – энергия өндіруші ұйымдарда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарттарға тиісті күнтізбелік жыл үшін көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемдерінің қосындысы, МВт;
31) шоғырландыру көлемі – қуат нарығының тұтынушылары ағымдағы күнтізбелік жылдың барлық алдыңғы есептік кезеңдері (күнтізбелік айлары) ішінде жүзеге асырған бірыңғай сатып алушының жүктемесін атқаруға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің нақты жиынтық төлемінің және ағымдағы күнтізбелік жылдың барлық алдыңғы есептік кезеңдері (күнтізбелік айлары) ішінде бірыңғай сатып алушы жүзеге асырған энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты жиынтық төлемі айырмасының оң мәні;
32) ішінара орташалау әдісі – есептік кезеңде (күнтізбелік ай) ішінде қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының максималды мәнін айқындау (есептеу) әдісі, оған сәйкес есептік кезеңде (күнтізбелік айда) қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының максималды мәні импортталатын электр қуатын шегере отырып, осы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдері үшін қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының тиісті орташа мәні ретінде айқындалады;
33) электр қуатының аттестатталған азаю жылдамдығы – электр станциясы генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттаудың үшінші кезеңін өткеру уақытында энергия өндіруші ұйымның электр станциясы электр қуатының азаю жылдамдығының орташа мәні, минутына/МВт;