• Мое избранное
Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-05/290 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10946 тіркелді

Редакция 21.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабы 1 тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Балық шаруашылығын жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Министр  А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 31 наурыздағы
 № 18-05/290 бұйрығымен
 бекітілген
Балық шаруашылығын жүргізу қағидалары
1. Осы балық шаруашылығын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.02.2023 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (20.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Балық шаруашылығын жүргізу балық ресурстарын және басқа да су жануарларын тұрақты пайдалану, оларды қорғау, өсімін молайту, өсіру, аулау, қайта өңдеу және іске асыру жолымен шаруашылық-пайдалы өнім алу үшін заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық қызметтерін жүзеге асыруы түсіндіріледі.
3. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіте отырып, балық шаруашылығын жүргізу құқығы облыстың жергілікті атқарушы органының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту туралы шешімі, ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 жылғы № 86 Бұйрығына сәйкес (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.02.2023 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (20.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Балық шаруашылығын жүргiзу келесі қағидаттарға негiзделедi: 
1) балық шаруашылығын экологиялық, экономикалық, ғылыми және өзге де мүдделердi оңтайлы үйлестiру негiзiнде жүргiзу; 
2) балықтардың және басқа да су жануарларының түрлiк сан алуандығын сақтау, тауарлы балық өсіруге жүргiзу үшiн берiлген су айдындарын қоспағанда, оларды пайдаланудың ғылыми ұсынымдарға негiзделген режимiн белгiлеу;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 жылғы № 86 Бұйрығына сәйкес (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) балық ресурстарын пайдалану құқығын су объектiлерiн пайдалану құқығынан бөлу; 
4) балық қорларын қорғау мүддесi үшiн балық шаруашылығы су айдындарын басқа пайдаланушылардың құқықтарын шектеу; 
5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 87-бабының 9) тармақшасына сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға және пайдалануға арналған биологиялық негіздемесінің мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өтуiнiң мiндеттiлiгi;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 20.09.2022 жылғы № 619 Бұйрығына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) пайдаланушылардың су айдындарының ихтиофаунасы мен қоршаған ортаға келтiрген зиянын толық өтеуi. 
5. Балық шаруашылығын жүргiзу кезінде: 
1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын биологиялық негізделген түрде және тұрақты пайдалану; 
2) су айдындарының өнiмдiлiгін сақтау, балықтарды және басқа да су жануарларын көбейтудiң, өрiс аудару жолдары мен олар шоғырланған жерлерiнiң оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету; 
3) балық ресурстарының өсiмiн молайту; 
4) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7573 болып тіркелген) нысан бойынша әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізу; 
5) балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметiн құру және оны ұстау есебiнен бекiтiлген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін және сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнiп тұрған жануарларды қоса алғанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғауды қамтамасыз ету.
6. Балық шаруашылығын жүргізудің бағыттарына:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 жылғы № 86 Бұйрығына сәйкес (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) кәсіпшілік балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының (кәсіпшілік аулау құралдарымен) бір бөлігін қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен мекендеу ортасынан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды қамтамасыз ететін кешенді процесс;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
3) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы – табиғи және жасанды су айдындарында ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру арқылы жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;
4) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы – табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі.
7. Бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғауды балық шаруашылығы субъектілері: 
1) балық шаруашылығын, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау режимi туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы және қорғау режимi бұзғаны үшiн жауаптылық туралы ақпарат беретiн аншлагтар, плакаттар орнату; 
2) бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде күзет қызметін ұйымдастыру; 
3) санитариялық-эпидемияға қарсы (алдын-алу) іс-шараларын жүргiзу; 
4) жергiлiктi тұрғындардың арасында жануарлар дүниесiне ұқыпты қарау идеясын насихаттау жолымен жүзеге асырады.
8. Балық шаруашылығын ұйымдастыру материалдары бойынша әзiрленген балық шаруашылығын жүргiзу жоспарын балық шаруашылығы субъектісі бекiтедi. 
9. Балық шаруашылығын жүргізу жоспары:
1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының және олардың мекен ету ортасының жай-күйiн бағалауды қамтамасыз етудi, сондай-ақ бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында осы қызмет түрiне құқығы бар ғылыми ұйымдар жүргiзетiн аулаудың оңтайлы жол берiлетiн көлемдерiн айқындауды;
2) ағымдағы мелиорация жүргiзу және бөлектенiп қалған су айдындарында жас балықтарды құтқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн әзiрлеудi; 
3) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау мен олардың өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрлеудi;
4) балық шаруашылығы қызметiнiң неғұрлым тиiмдi бағытын (кәсiптiк, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, көлде тауарлық, шарбақтық балық өсіру) айқындауды қамтиды.