• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018 г

Отправить по почте

3

Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 396 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11028 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.05.2018 жылғы № 419 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасыньң 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 17-бабының 27-5 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидалары бекітілсін.
1
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атақарушысының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 431 бұйрығының күшін жойылғанын тану (нормативті құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу Реестрінде тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 6 ақпанда № 9099 жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамамен белігенген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн өткен ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________________ В. Школьник
2015 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 31 наурыз
 № 396 бұйрығымен
 бекітілген
1
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерін ұсыну қағидалары
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 27-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықты барлаумен және өндірумен, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшін барлаумен байланысты, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есеп-жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын нақты аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілік.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді ұсыну тәртібі
3. Жер қойнауын пайдаланушылар үшін уәкілетті органға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептіліктің (бұдан әрі - есептер) мынадай түрлері белгіленеді:
1) алты ай қорытындыcы бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы ақпараттық есеп (бұдан әрі - жартыжылдық есеп);
жөніндегі операцияларды жүргізу туралы ақпараттық есеп 
3) жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы түпкілікті есеп;
4) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жүргізілген операциялар нәтижелері туралы тоқсан сайынғы есептер.
4. Жер қойнауын пайдаланушы есептерді уәкілетті органның аумақты бөлімшелеріне (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) мынадай мерзімде жібереді:
1) ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы үшін жартыжылдық есептер - ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
2) жылдық есептер - есептік жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей;
3) жер қойнауын пайдалану объектілері жойылғаннан және/немесе консервациялағаннан соң бүкіл келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейін жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы түпкілікті есеп-жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірмей;
4) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөнінде жүргізілген операциялар нәтижелері туралы тоқсан сайынғы есептер - есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күннен кешіктірмей.
5. Аумақтық бөлімшелер жер қойнауын пайдаланушылар есептерде толық немесе дұрыс мәліметтер бермеген жағдайда, ол түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде есепті пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған есептерді аумақтық бөлімшеге ұсынады.
6. Аумақтық бөлімшеге жер қойнауын пайдаланушылардың деректері бойынша жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жылдық жиынтық есептерді жасап, уәкілетті органға мынадай мерзімде жібереді:
1) бірінші жарты жылдығы үшін жартыжылдық есептер бойынша - ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегіне;
2) жылдық есептер бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың жиырма бесінші ақпанына дейін;
3) жүргізілген геологиялық зерттеулер туралы түпкілікті есеп - жер қойнауын пайдаланушылардан түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде;
4) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жүргізілген операциялар нәтижелері туралы тоқсан сайынғы есептер - тоқсан сайын.
7. Уәкілетті орган жиынтық жартыжылдық есеп аумақтық бөлімшеден түскен сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды және оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне сақтауға жібереді.
8. Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жартыжылдық және жылдық есептер құрамында пайдалы қазбалары бар жер қойнауының геологиялық құрылымы, кен орындарының геологиялық параметрлері, қорлардың көлемі, игеру шарттары, сондай-ақ осы Қағидағаларға 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың есептерінің мазмұнына сәйкес жер қойнауының кез келген ерекшеліктері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
9. Жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы түпкілікті есептер мен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жүргізілген операциялар нәтижелері туралы тоқсан сайынғы есептерді ресімдеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу құрылымына сәйкес жүзеге асырылады.
1
Жер қойнауын пайдаланушылардың
жер қойнауын пайдалану жөніндегі
 операцияларды жүргізу туралы
 есептерін ұсыну қағидаларына
 1-қосымша
1. Жер қойнауын пайдаланушының жартыжылдық есебі қысқаша ақпараттық жазбаны және қажет болған жағдайда, ақпараттық жазбаның мәтінін безендіретін графикалық қосымшаларды (немесе суреттерді) қамтиды.
Жартыжылдық есепті ақпараттық толтыру геологиялық зерттеу сатысына байланысты:
1) өңірлік геологиялық зерттеулерде мынадай деректер келтіріледі:
есептік кезеңде келісімшарттық аумақта орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемі;
пайдалы қазбаның көрініс-белгісі орнының географиялық координаттары;