«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10933 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.04.2018 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е.Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ___________ А. Мамытбеков 2015 жылғы 1 cәуір
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ___________ А. Сәрінжіпов 2015 жылғы 2 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _____________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 3 сәуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 283 бұйрығымен бекітілген
«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді айқындайды, оларды cақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ паразиттік аурулардың пайда болу және таралу қаупін туғызады.
2. Осы Санитариялық қағидалардың сақталуын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) аскаридоз – өкпе эозинофильдік инфильтраттар және басқа да аллергиялық реакциялар дамуымен, ал кейіннен – ауыр асқынулары болуы мүмкін дипептикалық белгілері дамуымен сипатталатын ерте фазадағы ішек геогельминтоз. Қоздырғышы – дөңгелек гельминт-нематод;
2) безгек – безгек масаларының шағуы арқылы табиғи жағдайларда берілетін Plasmodium тектес қарапайым қан-паразиттерінен болатын инфекциялық аурулардың тобы;
3) безгектің жергілікті жағдайы – сол аумақ немесе ел үшін жергілікті жағдай;
4) безгектің сырттан әкеліну жағдайы – жұқтыру/ауру анықталған аймақтан тыс орын алған және оның туындауы безгек бойынша белгілі аймақта болумен байланысты жағдай;
5) білім беру ұйымдары – мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
6) гельминтоздар – жануардың және адамның организмінде гельминттердің паразиттенуінен пайда болатын аурулар;
7) дегельминтизация – науқас адамда (жануарда) және сыртқы ортада гельминттерді, гельминт жұмыртқаларын немесе дернәсілдерін жою бойынша профилактикалық іс-шаралар жүйесі;
8) дезинсекциялау іс-шаралары – буынаяқтыларды жою бойынша (профилактикалық және жою) іс-шаралар;
9) деларвация – күресудің әртүрлі әдістерін (химиялық, биологиялық) пайдалана отырып, қоршаған ортада буынаяқтылар дамуының дернәсіл фазасында жою;
10) дифиллоботриоздар – диспепсиялық бұзылулары болатын және темір тапшылығы анемиясының дамуы мүмкін зооантропоноздық табиғи гельминтоздар тобы. Қоздырғыштары – ленталық гельминттер;
11) иммуноферменттік талдау – науқас қанының сарысуындағы ерекше антигендерді немесе антиденелерді жоғары тиімділікпен анықтауға мүмкіндік беретін сероиммунологиялық әдіс;
12) инвазия – адамның паразиттік ауру қоздырғышымен зақымдалуы;
13) инсектицидтер – қансорғыш жәндіктерді және кенелерді жою үшін пайдаланылатын тегі химиялық құралдар (препараттар);
14) контагиозды гельминтоздар – қатынастық-тұрмыстық жолмен берілетін паразиттік аурулар (энтеробиоз, гименолепидоз);
15) копроовоскопиялық зерттеу – нәжістегі гельминт жұмыртқаларын анықтау үшін жүргізілетін зертханалық зерттеулер кешені;
16) лямблиоз – көбіне симптомсыз паразит таратушылық ретінде өтетін антропоноздық паразиттік инвазия, ауыр жағдайларда ішектің дисфункциясы дамиды. Талшықтылар сыныбының қоздырғышы;
17) описторхоз – көбіне гепатобиллиарлық жүйені және ұйқыбезін зақымдайтын зооантропоноздық биогельминтоз. Қоздырғыштары – жалпақ гельминттер-трематодтар;
18) паразиттер – басқа организмдердің арқасында тұрақты немесе уақытша тіршілік ететін, оларды тіршілік ету орны және қорек көзі ретінде пайдаланатын организмдер;
19) паразиттік аурулар – паразиттер, гельминттер және буынаяқтылар тудыратын адамның аурулар тобы;
20) паразитологиялық зерттеу – биологиялық материалда (нәжіс, қан, несеп және басқалары) және сыртқы орта объектілерінде паразиттік аурулардың қоздырғыштарын анықтау бойынша зерттеу;
21) педикулез немесе битшеңдік – адам денесінде қанмен қоректенетін биттердің ерекше паразиттік тіршілік етуі;
22) репелленттер–жәндіктер мен кенелерді үркітуші әсерге ие заттар;
23) ретроспективті эпидемиологиялық талдау – эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалық жоспарлауды негіздеу мақсатында алдыңғы ұзақ уақыт аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымын және динамикасын талдау;
24) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар – мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;
25) санитариялық-паразитологиялық зерттеу – сыртқы орта объектілерінде паразиттік аурулар қоздырғыштарын анықтау және айқындау;
26) скабиозорий – қышымамен ауыратын науқастарды тексеру және емдеу жүргізілетін стационар/кабинеттер;
27) тасымалдаушылар – әртүрлі паразиттік (инфекциялық) ауруларды тасымалдауға бейім қансорғыш жәндіктер мен кенелер;
28) тасымалдаушылар мониторингі – қансорғыш жәндіктер мен кенелер санын, фенологиясын, көбею орындарын үнемі энтомологиялық бақылау жүйесі, олардың түрлік құрамын зерделеу;
29) тениаринхоз – токсикологиялық-аллергиялық реакциялармен диспепсиялық бұзылулар мен байқалатын биогельминтоз. Қоздырғышы – ленталық гельминт немесе бұқа таспа құрты;
30) тениоз – диспепсиялық бұзылулармен және бас миының, көздің және басқа да ағзалардың ауыр органикалық зақымдалуы мүмкін орталық нерв жүйесінің функционалдық бұзылуларымен байқалатын биогельминтоз. Қоздырғышы – шошқа таспа құрты;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |