• Менің таңдаулыларым
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 12

Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11026 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2016 жылғы № 315 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 05.10.2017 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес (11.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 03.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 294) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес (04.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2022 жылғы № 89 Бұйрығына сәйкес (09.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 415 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2016 жылғы № 315 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 05.10.2017 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес (11.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________ Ә. Исекешев
2015 жылғы «____»________

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы «____»________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 210 бұйрығымен
бекітілген
  • 1
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2016 жылғы № 315 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 05.10.2017 жылғы № 341 Бұйрығымен (11.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 05.08.2019 жылғы № 270 Бұйрығымен (05.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 04.09.2019 жылғы № 299 Бұйрығымен (05.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес (04.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электр қондырғыларының техникалық жай -күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 294) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2022 жылғы № 89 Бұйрығына сәйкес (09.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 415 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) басшылар – мынадай ұйымдарда төменде аталған лауазымдарды атқаратын адамдар:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 415 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 26.08.2025 жылғы № 327-н/ қ Бұйрығына сәйкес (25.11.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
электр және жылу энергиясын өндіру, беру негізгі қызмет түрі, оның ішінде жүйелік оператордың:
- бірінші басшы (басқарма төрағасы, бас директор, директор);
- бірінші басшының техникалық мәселелер жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасары;
- бас инженер;
- ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшысы (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшысы болмаған кезде ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды қамтамасыз етуге жауапты адам);
- өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам;
Электр және жылу энергиясын өндіру, беру негізгі қызмет түрі болып табылмайды:
- энергетикалық бөлім басшысы;
- энергетикалық бөлім басшысының орынбасары;
- бас инженер;
- ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшысы (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшысы болмаған кезде ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды қамтамасыз етуге жауапты адам);
- өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам;
2) білімді біліктілік тексеру – электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын алу, арттыру немесе растау үшін энергетикалық ұйым персоналының өз құзыретіне жататын электр энергетикасы және/немесе жылу энергетикасы салаларындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуін тексеру;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 26.08.2025 жылғы № 327-н/ қ Бұйрығына сәйкес (25.11.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) мамандар – осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жұмысты орындауы үшін электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес рұқсатты алу талап етілетін жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналына басшылықты жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың филиалдарының, цехтарының, қызметтерінің, бөлімдерінің басшылары;
4) электр техникалық персонал – энергетикалық ұйымдарда басқаруды және (немесе) пайдалануды, монтаждауды, ретке келтіруді, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, жұмыс режимін басқаруды тікелей жүзеге асыратын жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналы;
5) электр техникалық емес персонал – «электр техникалық», «электр технологиялық» персонал анықтамасына жатпайтын персонал;
6) электртехнологиялық персонал – өзі қызмет көрсететін технологиялық процесте негізгі құрамдық бөлік электр энергиясы болып табылатын, жұмысында қол электр машиналарын, электр дәнекерлеуішті, жарықтандырғыштарды, өлшеу аспаптарын және тасымалды электр құрылғыларын пайдаланатын персонал, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықпен немесе еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықпен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары) білу белгіленген электр зертханаларының қызметкерлері;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 415 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) басшы лауазымына үміткер - басшы лауазымына тағайындауы жоспарланатын адам.
2-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 415 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына сәйкес беріледі.
4. Білімді біліктілік тексеру электр қауіпсіздігі бойынша тиісті рұқсат тобын беру, арттыру немесе растау үшін ұйымдардың басшылары мен мамандарын кәсіби дайындау деңгейі сәйкестігін анықтаудың негізгі тәсілі болып табылады.
5. Білімді біліктілік тексеру үш негізгі түрге:
1) бастапқы тексеруге;
2) мерзімді (кезекті) тексеруге;
3) кезектен тыс тексеруге бөлінеді.
6. Білімді бастапқы біліктілік тексеруді жүргізу үшін негіздеме:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 415 Бұйрығына сәйкес (09.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
– басшы лауазымына үміткерлер үшін (бұдан әрі - үміткер) – ұйымның білімді біліктілік тексеруден өтуге жолдамасы;
– электртехникалық және электртехнологиялық персонал үшін – тиісті лауазымға қызметкерді қабылдау туралы немесе ауыстыру туралы ұйым басшылығының өкімдік құжаты (бұйрық) болып табылады.
Үміткерлер үшін білімді бастапқы біліктілік тексеру лауазымға тағайындалғанға дейін жүргізіледі.
Электртехникалық және электртехнологиялық персонал үшін білімді бастапқы біліктілік тексеру тиісті лауазымға тағайындалғаннан кейін оқыту және тағылымдама аяқталған соң бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
7. Білімді мерзімді (кезекті) және кезектен тыс біліктілік тексеруді жүргізу мерзімдері осы Қағидаларда белгіленген мерзімдер шегінде айқындалады және әрбір жұмыс орны мен білімді соңғы біліктілік тексеру күнін ескере отырып, ұйым басшысының тиісті өкімдік құжатымен (бұйрығымен) ресімделеді.
8. Білімге мерзімді (кезекті) біліктілік тексеру жүргізу үшін осы Қағидаларға сәйкес білімге мерзімді біліктілік тексеру үшін белгіленген мерзімнің аяқталуы негіз болып табылады. Қызметкерлерге арналған білімге мерзімді біліктілік тексеруді тағайындау ұйымның техникалық басшысының (бұған өкілеттігі болған жағдайда, бөлімшенің) жыл сайынғы (бірінші желтоқсанға дейін) бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұйрыққа білімі мерзімді біліктілік тексерілуге жататын ұйым адамдарының тізімі әрбір тексерілетін адамға мерзімі көрсетілген график жүзінде қоса беріледі.