• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 17.11.2017 г

Отправить по почте

"Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10975 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 17 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.08.2017 жылғы № 615 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_____________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 31 наурыз

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 2 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 17 наурыздағы
 № 217 бұйрығымен
 бекiтiлген
«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге, пайдалануға беруге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматқа, күтіп-ұстауға және пайдалануға, тәрбиелеу мен оқыту, тұру жағдайларына, тамақтандыруды ұйымдастыруға, балаларға медициналық қызмет көрсетуге, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, толық, жарты күн (қысқа уақытқа), тәулік бойы болатын балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерінің барлық түрлері мен үлгілеріндегі персоналды гигиеналық тәрбиелеуге (жеке гигиенасына) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидалар: 
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – мемлекеттік және жеке бөбектер бақшасы, балабақшалары, отбасылық бөбектер бақшасы, санаториялық бөбектер бақшасы, «мектеп-балабақша» кешені, мектепке дейінгі шағын-орталықтар (бұдан әрі бірлесіп – МДҰ деп аталатын); 
2) тәрбиелеу және балалар тұратын орындарды ұйымдастыру – балалар үйі, жетімдер үйі;
3) меншік нысандарына қарамастан, балалардың тамақтануын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне (бұдан әрі бірлесіп - объектілер деп аталатын) қолданылады. 
3. Қызметі балаларды тәрбиелеу және оларды оқытумен байланысты заңды және жеке тұлғалар (білім беру қызметтерін көрсету, оның ішінде тәрбиелеу мен оқыту, тұру, тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету) қызметін бастар алдында осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады. 
4. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы жүзеге асырады. 
5. Объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізіледі.
6. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) арнайы мектепке дейінгі ұйымдар – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламаларының негізінде әзірленген арнайы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар;
2) арнайы киім – шикізатты, қосымша материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы (костюм немесе халат, үшкіл орамал, қалпақ, алжапқыш және т.б.); 
3) балалар қысқа уақытқа болатын МДҰ – тамақтандыруды және ұйқыны ұйымдастырмай, 4 сағаттан аспайтын уақытқа балалар болатын МДҰ;
4) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тамақтардың сапасын бағалау;
5) дайындау алдындағы бөлме – жартылай фабрикаттардан дайын тамақ өнімін дайындау жүзеге асырылатын үй-жай; 
6) дайындау бөлмесі – азық-түлік шикізаттарын дайындау және жартылай фабрикаттарды әзірлеу жүргізілетін үй-жай;
7) дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтуға және дене қабілетін дамытуға бағытталған қызмет саласы;
8) жарамдылық мерзімі – тамақ өнімін шығару (дайындау), айналысы процестерінің (сатыларының) шарттары сақталған кезде мерзімі өткенше тамақ өнімін мақсаты бойынша пайдалану үшін қауіпсіз болып саналатын кезең;
9) жартылай фабрикаттар – жылумен өңдеуге алдын ала дайындалған шикі тамақ өнімдері; 
10) инсоляция – үй-жайды гигиеналық бағалау үшiн күн радиациясының нормаланатын көрсеткiші;
11) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температурасы, ылғалдылығы) бойынша бөлінетін аумақ;
12) күн режимі – мектепке дейінгі ұйымдардағы белгіленген күн тәртібі;
13) қоғамдық тамақтану – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты қызмет;
14) мектеп алды сыныптары – балаларды мектепте оқытуға даярлауды жүзеге асыратын сыныптар;
15) мектепке дейінгі шағын-орталықтар - бөлек тұрған ғимараттарда, көп пәтерлі түрғын үйлерде, сондай-ақ ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда ораластырылатын, 50-ге дейін орны бар МДҰ;
16) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – балалардың физикалық, жеке тұлғасын, танымдық сапасын дамыту, олардың әлеуметтік жетістігі мен өмір бойғы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті шешуші құзыреттілікті қалыптастыру;
17) мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі - МДҰ) – бір жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін баланы тәрбиелеуді, оны оқытуды, дамытуды, қарауды, күтуді және сауықтыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымы; 
18) оңтайлы микроклиматтық жағдай – балаларға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылуы жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;
19) сақтау мерзiмi – тамақ өнiмiнiң нормативтiк құжаттарда көрсетiлген өздерiнiң барлық қасиеттерiн сақтайтын, белгiленген шарттарды сақтау кезеңi;
20) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі - САҚ) – жерүсті бөлiгi мен қазылған шұңқыры бар, ғимараттан кемiнде 25 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта, объектінің аумағында орналасқан кәрiзденбеген дәретхана. Жерүсті үй-жайларын бір-бірімен тығыз жалғасқан материалдардан (тақтайлардан, кірпіштерден, блоктардан) жасайды. Қазынды су өткізбейтін материалдан жасалады. Қазындының тереңдігі жерасты суының деңгейіне байланысты, бірақ 3 метрден аспайды;
21) сәбилер үйі - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, некесіз, жас аналардан туылған балаларды, сондай-ақ ақыл-ойы мен дене дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу және оларға медициналық көмек көрсету үшін арналған мемлекеттік мекеме;
22) септик – сарқынды сұйықтық ағып өтетiн бiр немесе бiрнеше камераны қамтитын, көлденең үлгідегi жер астындағы тұндырғыш ретiнде шағын көлемдегi тұрмыстық сарқынды суды тазалауға арналған құрылыс;
23) таңертеңгi сүзгi – инфекциялық аурудың әкелiнуiнiң алдын алуға бағытталған профилактикалық медициналық iс-шаралар;
24) тауар көршiлестiгі – тауардың сапасына әсер ететін ластануын және бөгде иістердің сіңуін болдырмайтын, шикі және дайын өнімдердің бірге сақталуына және өткізілуіне жол берілмейтін жағдайлар;
25) тез бұзылатын тамақ өнiмдерi – қатаң регламенттелген мерзiм iшiнде арнайы тасымалдау, сақтау және өткiзу шарттарын талап ететiн тамақ өнiмдерi;
26) технологиялық жабдық – өндіріс жұмысы үшін қажетті механизмдер, машиналар, құрылғылар, құралдар жиынтығы;
27) топтардың толықтырылуы – топтағы балалардың нормаланған саны;