Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10693 тіркелді
Редакция 14.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен таксациялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы С. Омаров
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/161 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-41) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абрис – кеспеағашты бөлу және таксациялау (бағалау) барысында жасалатын кеспеағаштың далалық сызбасы;
2) ағаш материалдары – көлденең және бойлай бөлу жолымен құлаған ағаштардан, өрім талдардан және олардың бөліктерінен алынатын сүректің табиғи физикалық құрылымы мен химиялық құрамын сақтаған одан жасалған материалдар;
3) ағаш ұшы – құлаған ағаштың немесе өрім талдың кесіп тасталатын бөлігі;
4) белдеу (технологиялық дәліз) – орманға күтім жасау мақсатында ағаш кесу кезінде техникалық құралдарды орналастыруға және жылжытуға арналған соқпақ;
5) биіктіктер разряды – ағаштар диаметрлері биіктіктерінің арақатынасын сипаттайтын біліктілік көрсеткіші;
6) кәделік сүрек – қабықсыз дөңгелек ағаш материалдары. Кәделік сүрекке «Қылқан жапырақты тұқымдас дөңгелек ағаш материалдары» және «Жапырақты тұқымдылардың дөңгелек ағаш материалдары» мемлекеттік стандарттарына сай келетін ағаш діңінің қиындылары жатады;
7) кәделік сүрек ірілігінің санаты (ірі, орташа, ұсақ) – қабықсыз жоғарғы кесігіндегі ірі ағаш материалдарының диаметрі бойынша айқындалады;
8) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
9) кеспеағаштарды таксациялау кезінде ескерілетін қалдықтар – кәделік бөліктің қабығы;
10) кеспеағаштарды бөлу – шекараны нақтылы және кеспеағаштарды мөлшерлей отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш алқабында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай бағалау жөніндегі iс-шаралар;
11) кеспеағаш аймағының пайдалану алаңы – кесуге жататын орман көмкерген алаң;
12) кесілмеген ағаш – кесуге белгіленген, бірақ ағаш кесу билетінде көзделген мерзімде кесілмеген ағаштар немесе орман учаскелері;
13) мөлдек – бағалық белгілермен және мөлдек бағаналармен табиғи күйінде шектелген ағаш кесуді ұтымды пайдалануға арналған кеспеағаштың бір бөлігі;
14) орманды (кеспеағашты) таксациялау – орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөніндегі iс-шаралар;
15) отындық ағаш – үй жылытуға арналған қабығы алынбаған сүрек қиындылары;
16) сүректің жалпы қоры – сүрек діңдері мен бөрікбасынан дайындалатын сүрек көлемі;
17) таксациялық телім – көршілес орман қоры учаскелерінен таксациялық сипаттамасы бойынша ерекшеленетін орман қорының бастапқы есеп бірлігі. Кеспеағаш (мөлдек) бір немесе бірнеше таксациялық телімнен тұрады;
18) технологиялық ағаштар – негізінен сүрек жаңқасын алуға арналған қабығы алынбаған дің қиындылары.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін басты мақсатта пайдалану, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да ағаш кесулер, шайыр, ағаш сөлдерін, қосалқы ағаш ресурстарын дайындау кезінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1) кеспеағаштарды бөліп беру, ол шекараны нақтылы және кеспеағаштарды мөлшерлей отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаштарды заттай және ақшалай бағалау жөніндегі iс-шараларды қамтиды;
2) кеспеағаштарды таксациялау, ол дайындауға арналған орман ресурстарының сапасын, мөлшерін айқындауды қамтиды.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеуді (таксациялауды) мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік орман қорының аумағында кеспеағаштарды бөліп беру және мөлшерлеу материалдарының дұрыстығы мен сапасы үшін мемлекеттік орман иеленушілер жауап береді.
6. Кеспеағаштарды бөлу және таксациялау қарсыз кезеңде жүргізіледі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 28.06.2024 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес (06.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) орман орналастыру материалдарына сәйкес іріктеп санитариялық кесуді қоспағанда, басты мақсатында пайдалану және аралық мақсатында пайдалану кесулері бойынша;
2) өзге кесулер және іріктеп санитариялық кесу бойынша – нақты қажеттілігіне қарай.
7. Шайыр және ағаш сөлдерін, екiншi дәрежелi ағаш ресурстарын дайындау, сондай-ақ сүрекдіңдерден ықтимал сөл ағызу аймағы үшін кеспеағаш бөлу жүргізілмейді.
8. Жалғыз-жарым ағаштарды кесу, құрылыстар мен ғимараттарға бөлінген учаскелерде жекелеген ағаштарды кесу кезінде, сондай-ақ шекарасы осы учаскелерді бөлу кезінде айқындалған құндылығы шамалы орман екпелерін қайта жаңартуға арналған учаскелерді тазарту кезінде кеспеағаштар бөлу жүргізілмейді.
9. Кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеудің (таксациялаудың) барлық әдістерінде 1 гектарға шаққанда құрамы, орташа биіктігі, жасы және мөлшері көрсетіліп, шаруашылық тұрғыдан бағалы тұқымдылардың өміршеңдік өсімі есепке алынады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштар бөлу тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштар бөлу жөніндегі дайындық іс-шаралары
10. Кеспеағаштар бөліп беру жөніндегі жұмыстар басталмас бұрын мемлекеттік орман иеленушілер мынадай дайындық жұмыстарын жүргізеді:
1) мынадай орман орналастыру материалдарына талдау жасалады және нақтылынады:
басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тағайындалған учаскелер ведомосы;
аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және өзге де ағаш кесу ведомосы;