• Мое избранное

Отправить по почте

Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 267 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11054 тіркелді

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.01.2020 № 23 Бұйрығына сәйкес (10.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.04.2024 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес (16.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1.  Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.01.2020 № 23 Бұйрығына сәйкес (10.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жер пайдаланудағы жер учаскелері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген шағын көлемді және өзен кемелері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген көлік құралдары бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген ауыл шаруашылығы көлік құралдары бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар мен ұйымдарға берілген лицензиялар және рұқсаттар бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген табиғи ресурстар кадастрларының объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның заңды тұлғалар тізіміне сәйкес заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істер қозғау туралы шешімдер (шешімдердің көшірмесі) бойынша және жекелеген негіздер бойынша мүлікті мемлекет кірісіне айналдыруды көздейтін соттардың заңды күшіне енген шешімдері (үкімдері, қаулылары) туралы мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
12-1) осы бұйрыққа 12-1-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар түрінде мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі
1-тармақ 12-1-тармақмақшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.04.2024 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 20.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру кезеңділігі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.04.2024 жылғы № 184 Бұйрығымен (16.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейінгі он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Әділет министрі 
___________ Б. Имашев 
2015 жылғы «____» _________ 

«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар және даму министрі  
___________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы «____» _________ 

«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы  
Мәдениет және спорт министрі  
___________ А. Мұхамедиұлы 
2015 жылғы 7 сәуір 

«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрі  
___________ Е. Досаев 
2015 жылғы 10 наурыз 

«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрі  
___________ Қ. Қасымов  
2015 жылғы 11 ақпан
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 267 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.01.2020 № 23 Бұйрығына сәйкес (10.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
 Әкімшілік деректер нысаны www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
 Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі бойынша мәліметтер
 Есепті кезең 20___ жылғы ____
Ақпаратты ұсынатын адамдар аясы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
Ұсыну мерзімі: сұрау салу келіп түскеннен кейін 1 жұмыс күні ішінде
Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлік объектілері бойынша мәліметтерді көрсетіңіз

Салалық ақпараттық жүйеде тіркелетін іс-қимыл (жедел басқару құқығын тоқтату, жедел басқару құқығының туындауы) және ол жүргізілетін күн

Тізілімде тіркелетін іс-қимыл (тізілімнің есепке алу объектісін енгізу, өзектілендіру, алып тастау)

Құқық иесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі

Құқық иесінің толық атауы

Тұрғын/ тұрғын емес қор белгісі

Пайдалануға енгізілген жылы

Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

Жер учаскесінің алаңы (гектар)

Құрылыс алаңы (шаршы метр)

Жылжымайтын мүліктің түрі

Қабаттылығы (қабат саны)

Пайдалы алаң (шаршы метр)

Ауыртпалықтың болуы туралы мәліметтер (кепіл, сенімгерлік басқару)

Шектеулердің болуы туралы мәліметтер (тыйым салу)

9

10

11

12

13

14

15

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі бойынша мәліметтер» (Индекс: 1-МО, кезеңділігі сұрау салу бойынша)
1. Электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МемТізілім) мен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – ЖМТ МДБ) ақпараттық жүйесі арасындағы ақпараттық алмасу сервераралық (республикалық) деңгейде жүзеге асырылады.
2. Ақпараттық алмасу тіркеу куәлігі бар ақпараттық жүйе иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланумен «сұрау салу-жауап» режимдерінде электрондық хабарламалар арқылы жүзеге асырылады.
3. МемТізілім (бастама танытушы) ЭҮШ веб-сервисіне сұрау салуды жолдайды, оны ЖМТ МДБ-ға өңдеу үшін жолдайды. Сұрау салу өңделгеннен кейін ЖМТ МДБ ЭҮШ-ға хабарлама жолдайды, оны алғаннан кейін жауапты МемТізілім веб-сервисіне жолдайды.
4. 1-бағанда салалық ақпараттық жүйеде тіркелетін ID көрсетіледі.
6. 3-бағанда құқық иесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
10. 7-бағанда жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі көрсетіледі.
11. 8-бағанда жер учаскесінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі.