Toggle Dropdown
1
Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10534 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 19.06.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Инвестиңиялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде бұйрықтың көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министріӘ. Исекешев
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛГЕН»:
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
____________Қасымов
2015 жылғы 10 ақпан
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 83 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектілерді орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, теміржолдар арқылы жүріп өту және өту тәртібін, сондай-ақ теміржол көлігінің жолаушыларының және азаматтардың қауіптілігі жоғары аймақтарда болуы және теміржолдар арқылы жүріп өту кезіндегі қауіпсіздігі шараларын айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) жаяу жүргіншілер төсемі - «Жолдар арқылы өту» көрсеткішімен белгіленген және теміржолдар арқылы жаяу жүргіншілердің қозғалуы үшін бөлінген теміржолдар учаскесі;
Toggle Dropdown
2) теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймағы - теміржолдар, теміржол станцияларының, вокзалдардың аумақтары, тасымал процесімен байланысты теміржол көлігі ұйымдарының өзге де объектілері;
Toggle Dropdown
3) теміржол өткелі – теміржол көлігіндегі жылжымалы құрамын және көлік құралдарын өткізу жағдайы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, құрылғылармен жабдықталған, автомобиль жолдарының теміржол жолдарымен бір деңгейде қиылысуы.
Toggle Dropdown
3. Қағидалар қызметі теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында объектілерді орналастырумен және оларда жұмыстар жүргізумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға, теміржол көлігінің қызметтерін пайдаланатын жолаушыларға, және қауіптілігі жоғары аймақтарда тұратын азаматтарға қолданылады.
Toggle Dropdown
4. Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарының шекаралары Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына және қағидаларына сәйкес айқындалады.
Toggle Dropdown
2. Қауіптілігі жоғары аймақтарда жолаушылардың және азаматтардың болуы, теміржолдар арқылы жүріп өтуі және өту тәртібі
Toggle Dropdown
5. Поездың келуін күту теміржол станциясының, вокзалдың (күту залдары, балалы жолаушыларға арналған бөлмелері, демалыс бөлмелері, сауда және қоғамдық тамақтандыру пункттері) арнайы белгіленген орындарында жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. Жолаушылардың вагондарға отыруы (түсуі) поезд толық тоқтағаннан кейін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
7. Жолаушылардың вагондардан шығуы мен отыруы перрон немесе отырғызу платформасы жағынан жүргізіледі. Кәмелетке толмаған балалар вокзал аумағында ересектердің қарауында болады.
Toggle Dropdown
8. Қауіптілігі жоғары аймақтарда:
Toggle Dropdown
1) балаларды жолаушылар платформасында (перронда) қараусыз қалдыруға, әртүрлі қимыл ойындарын ұйымдастыруға;
Toggle Dropdown
2) қол жүгімен, багажбен, өзге де заттармен вокзал ғимаратына/ғимаратынан перрондарға, отырғызу платформаларына, жаяу жүргіншілер көпірлеріне, төсемдерге, туннельдерге өтетін жолдарды бөгеуге;
Toggle Dropdown
3) вагондардың төбесіне, есігінің баспалдақтарына, өту алаңдарына отыруға; поезд жүріп келе жатқанда поезға отыруға және түсуге, поезд жүріп келе жатқанда вагон терезелерінен және тамбурлардың есіктерінен үңіліп қарауға;
Toggle Dropdown
4) ілме басқыштар мен өту алаңдарында және теміржол көлігінің баспалдақтары мен басқа да сыртқы бөліктерінде тұруға, жүріп келе жатқан поезд вагондарының есіктерін ашуға, қала маңына қатынайтын поездардың автоматтық есіктерінің ашылып-жабылуына бөгет жасауға;
Toggle Dropdown
5) арнайы рұқсатсыз жүк поездарында жүруіне;
Toggle Dropdown
6) жолаушы платформасы арқылы келе жатқан немесе жөнеліп бара жатқан поезд вагонының жанында жүгіруге, сондай-ақ тоқтаусыз өтіп бара жатқан поездың қозғалысы кезінде платформаның шетінен екі метрден кем қашықтықта болуға; поезд толық тоқтамай вагонға жақындауға; билетсіз жүк тасымалы мен жолаушы тасымалын жүргізуге;
Toggle Dropdown
7) поезды қажетсіз, өз еркімен тоқтатуға;
Toggle Dropdown
8) жылжымалы құрам толық тоқтағанға дейін және есік ашылғанға дейін сары шектеу сызығының артында болуға;
Toggle Dropdown
9) жылжымалы құрам астынан өтуге;
Toggle Dropdown
10) жолда жолаушылар платформасынан секіруге;
Toggle Dropdown
11) электрлендірілген учаскелерде тіректерге көтерілуге, сондай-ақ тіректен рельске баратын төменге жанасуға, жерде жатқан электр сымына сегіз метрден жақындауға;
Toggle Dropdown
12) жылжымалы құрам вагондарының тұтқаларына жабысуға;
Toggle Dropdown
13) жолаушылар платформаларында (перрондарда) теміржол көлігі қозғалысының бұзылуын тудыруы мүмкін заттарды төсеуге, лақтыруға, қалдыруға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
9. Теміржолдардан тек белгіленген орындардарда, жаяу жүргіншілер көпірлері, туннельдері, теміржол өткелдері арқылы ғана өтуге рұқсат беріледі. Көпірлері мен туннельдері жоқ станцияларда теміржолдардан жаяу жүргіншілер төсемдері арқылы өтуге рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
10. Азаматтар жаяу жүргіншілер төсемі бойынша теміржолдан өтер алдында жүріп келе жатқан теміржол көлігінің болмауына көз жеткізуі қажет. Теміржол көлігі жақындаған кезде тоқтауы және оны өткізуі қажет.
Toggle Dropdown
11. Теміржол өткеліне жақындаған кезде азаматтар жарық және дыбыс дабылын, сондай-ақ шлагбаумның орналасу жағдайын байқайды. Жолдарды кесіп өту ашық шлагбаум кезінде жүріп келе жатқан теміржол көлігі болмағанда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Теміржолдар арқылы жүріп өту және өту аймақтарында:
Toggle Dropdown
1) теміржол бойымен шеткі рельске бес метрден жақын жерден өтуге;
Toggle Dropdown
2) жаяу жүргіншілердің өтуі үшін жабдықталмаған жолдармен теміржол көпірлері мен туннельдері арқылы өтуге;
Toggle Dropdown
3) теміржолдар арқылы жүруге; жақын келе жатқан поездың алдынан, егер оған дейінгі қашықтық 400 метрден кем болса, теміржолдар арқылы өтуге; бір бағыт поезд өткеннен кейін, қарсы бағыттағы поезд жүрісі болмауына көзі жетпей, көпжолды учаскелер арқылы өтуге;
Toggle Dropdown
4) шлагбаум жабық тұрған немесе өткелдің дабыл бағдар шамы қызыл белгісін көрсеткен кезде теміржол өткелдерінен өтуге; теміржол өткеліндегі жабық тұрған шлагбаумның астына түсуге, сондай-ақ шлагбаум жабыла бастаған кезде өткелге шығуға; бағыттамалы бұрмалар бойынша жолдардан өтуге; станциялар мен екі аралықтарда вагондардың астына кіруге және жолдан өту үшін авто тіркеуден асып түсуге;
Toggle Dropdown
5) электрлендірілген учаскелерде тіректерге шығуға, сондай-ақ тіректен рельске дейінгі еңістерге жанасуға; жерде жатқан электр сымына сегіз метрден жақын қашықтыққа жақындауға;
Toggle Dropdown
6) рельстерге тұруға немесе отыруға, үшкір және рамалық рельс немесе бағыттамалы бұрмалардың жылжымалы өзектерінің айқаспасы бар науа арасында тұруға;
Toggle Dropdown
7) теміржол көлігі қозғалысының бұзылуын тудыратын заттарды теміржолдарға қоюға, тастауға, қалдыруға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
3. Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында объектілерді орналастыру және жұмыстар жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
13. Қауіптілігі жоғары аймақтарында объектілерді орналастыру және жұмыстар жүргізу Ұлттық инфрақұрылым операторы беретін жазбаша рұқсат негізінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
1
14. Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында объектілерді орналастыруға жұмыстар жүргізуге рұқсат алу үшін Ұлттық инфрақұрылым операторына мынадай құжаттар ұсынылады:
Toggle Dropdown
1) еркін нысандағы жазбаша өтініш;
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте әзірленген және бекітілген жобалық құжаттама;
Toggle Dropdown
3) жұмыстар жүргізу кезінде теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймағында зақым келтірілген элементтерді қалпына келтіру туралы міндеттеме;
Toggle Dropdown
4) жұмыстарды жүргізу қоршаулар мен орындарды қою схемасы;
Toggle Dropdown
5) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесі.
Toggle Dropdown
15. Өтініш осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күннің ішінде қаралады. Көрсетілген мерзімнен кейін дәлелді жауап беріледі. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау қауіптілігі жоғары аймағында объектіні орналастыруға және жұмыстар жүргізуге рұқсат беруден бас тартуға негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
16. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары Ұлттық инфрақұрылым операторы өкілінің қатысуымен кейіннен рұқсат беруімен орындалады.
Toggle Dropdown
17. Теміржол көлігінің жоғары қауіптілік аймақтарында жұмыстарды жүргізу теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін төмендетпеуі, теміржол көлігі қозғалысында үзілістердің пайда болуына әкелмеуі тиіс.
Toggle Dropdown
18. Теміржолдардың электр беру және байланыс желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, автомобиль жолдарымен және басқа да жер үсті және жер асты құрылғыларымен қиылысуына тиісті мемлекеттік органның келісімінен кейін жол беріледі. Теміржолдардың жер үсті және жер асты құрылыстармен қиылысуы осы құрылыстарды жобалау мен орналастырудың нормативтік-техникалық актілерінің тиісті талаптарын сақтай отырып орындалуы тиіс.
Toggle Dropdown
19. Теміржол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарында мал жайылымына жол берілмейді.
Toggle Dropdown
20. Қауіптілігі жоғары аймақтарға өрттерді, аварияларды және басқа да табиғат апаттарын жою үшін өрт сөндірушілердің және авариялық-құтқару командаларының жауынгерлік есептері жедел және шұғыл медициналық көмек бригадалары кедергісіз жіберіледі.