Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 сәуірде № 10797 тіркелді
Редакция 02.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 59) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 226 бұйрығымен
бекітілген
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары
заңды тұлға басшысының тегі,
аты, жөні немесе жеке тұлғаның
Сізден ____________________ фильміне прокаттау куәлігін беруді сұраймын.