• Мое избранное
Табиғи монополиялар субектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Табиғи монополиялар субектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10469 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 21.09.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.09.2017 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е.Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________А. Мамытбеков
201__жылғы «__» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
______________Ә. Исекешев
201___жылғы «__»_________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________В. Школьник
201___жылғы «__»_________
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 186 бұйрығымен бекітілген
  • 2
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі
1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін транзиттеу және экспорты мақсатында тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызмет;
бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет;
мұнайды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы қайта айдау;
мұнайды теміржол цистерналарынан құйып алу;
мұнайды теміржол цистерналарына құю;
мұнайды танкерлерге құю;
мұнайды автоцистерналардан құйып алу;
мұнайды автоцистерналарға құю;
мұнайды сақтау;
мұнайды ауыстырып құю;
мұнайды араластыру.
2. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.09.2017 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
тауарлық газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
тауарлық газды Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау;
сұйытылған газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыны қосатын кранға дейін газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
тауарлық газды сақтау;
шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау.
3. Электр энергиясын беру саласында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.09.2017 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
электр энергиясын беру жөнiндегi.
4. Топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.09.2017 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
жылу энергиясын өндіру;
жылу энергиясын беру және бөлу;
жылу энергиясымен жабдықтау;
жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу;
жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау.
5. Электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласында:
электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру.
6. Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласында:
электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру.
7. Контейнерлермен жүктерді тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдаулар кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілері саласында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.12.2015 жылғы № 765 Бұйрығына сәйкес (24.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2016 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.09.2017 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
жүктерді контейнерлерде тасымалдау және бос контейнерлерді тасымалдау кезіндегі магистральдық темір жол желісі қызметтерін қоспағанда, магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру;
жүктерді контейнерлерде тасымалдау және бос контейнерлерді тасымалдау кезіндегі магистральдық темір жол желісі қызметтерін қоспағанда, жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісі арқылы өткізуді ұйымдастыру;
жүктерді контейнерлерде тасымалдау және бос контейнерлерді тасымалдау кезіндегі магистральдық темір жол желісі қызметтерін қоспағанда, магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру.
8. Бәсекелес теміржол болмаған жағдайда, концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар теміржолдар қызметін көрсету саласында:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
бәсекелес теміржол болмаған жағдайда, концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолдарды пайдалануға беру.
9. Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, кірме жолдар саласында:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру;
бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру.
10. Халықаралық және транзиттік ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигация саласында:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.09.2017 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.
11. Порттар, әуежайлар саласында:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2017 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (11.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.09.2017 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
теңіз портының көрсетілетін қызметтері:
кейіннен порттан шығып танкерге/танкерден құбыржолдар арқылы мұнайды және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) көрсетілетін қызметтер;
әуежайлардың көрсетілетін қызметтері:
Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған түрлері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру;
халықаралық бағыттарды қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру.
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 567 Бұйрығымен (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
13. Телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі салада:
телефон кәрізін пайдалануға беру.
14. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында:
сумен жабдықтау қызметтері:
суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру;
суды таратушы желілер арқылы беру;
суды арналар арқылы беру;
гидротехникалық сүйеу құрылыстарының көмегімен жер үстіндегі ағынды суды реттеу;
су бұру қызметтері:
сарқынды суларды бұру;
сарқынды суларды тазарту.
15. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 567 Бұйрығымен (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды