«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 101-2 бабы 1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10902 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.04.2018 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 101-2 бабы 1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықтың көшірмесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жолдануы;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ғаламтор-ресурстарына және мемлекеттік органдардың ғаламтор-порталдарында осы бұйрықтың орналасуы;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күннің ішінде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуы қамтамасыз етілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 254 бұйрығымен бекітілді
Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) техногендік минералдық түзілімдерден көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді өндіруге келісімшарт жасасу бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі - Жұмыс тобы) қызметін реттейді.
2. Жұмыс тобы өз қызметін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Жұмыс тобы қызметінің негізгі мақсаты техногендік минералдық түзілімдерден көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді өндіруге келісімшарт жасасу бойынша тікелей келіссөздер жүргізу және оның қорытындысы бойынша шешім қабылдау болып табылады.
4. Жұмыс тобының құрамы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.
5. Құзыретті органның тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешімі тікелей келіссөздердің хаттамасымен ресімделеді, оған Жұмыс тобының барлық қатысушы мүшелері қол қояды.
2. Жұмыс тобының міндеттері мен функциялары
6. Жұмыс тобының міндеттері:
1) техногендік минералдық түзілімдерден көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді өндіруге арналған келісімшартты жасасу бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімді қарау және бағалау;
2) техногендік минералдық түзілімдерден көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді өндіруге келісімшарт жасасудың негізгі талаптарын белгілеу болып табылады.
7. Жұмыс тобының функциялары:
1) тікелей келіссөздер негізінде техногендік минералдық түзілімдерден көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді өндіруге арналған келісімшартты жасасу бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімді уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
2) тікелей келіссөздер негізінде техногендік минералдық түзілімдерден көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді өндіруге келісімшарт жасасуға ұсынылған өтінімді объективті және жан-жақты бағалау;
3) тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша шешім қабылдау болып табылады.
3. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру
8. Жұмыс тобы:
1) өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан қажетті ақпараттарды сұратады және алады;
2) Жұмыс тобының мүшелерін және тікелей келіссөздерде қатысу үшін өтінімді берген тұлғаны (бұдан әрі - Өтініш беруші) мәжілістерге шақырады және тыңдайды;
3) тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешім қабылдайды;
4) орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдармен, ұйымдармен бірлесіп әрекет етеді, сондай-ақ жұмыс тобының міндеттерін іске асыру мақсатында жұмысқа мамандар мен сарапшыларды тарта алады.
9. Жұмыс тобы басшы, басшы орынбасары және жұмыс тобы мүшелері құрамында құрылады.
Жұмыс тобын басшы басқарады, ол жұмыс тобының қызметін басқарады, оның жұмысын жоспарлайды, отырыс күн тәртібін бекітеді, жұмыс тобының шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Жұмыс тобының хатшысы:
1) Жұмыс тобы отырысының күн тәртібін жасайды;
2) Жұмыс тобының отырысына тиісті құжаттар мен материалдардың дайындауын қамтамасыз етеді;
3) Жұмыс тобы отырыстарының хаттшаларын әзірлейді.
10. Жұмыс тобының жұмыс органы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті болып табылады.
11. Құзыретті орган Өтініш берушіге тікелей келіссөздер жүргізу және олардың жүргізілетін күні туралы немесе тікелей келіссөздер жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданғаны туралы тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде хабардар етеді.
Тікелей келіссөздер Заңның 101-3-бабының талаптарына сәйкес ресімделген техногендік минералдық түзілімдерден көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді өндіруге арналған келісімшартты жасасу бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі.
12. Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және оған жұмыс тобы мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.
13. Жұмыс тобының шешімі қатысып отырған мүшелердің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Жұмыс тобының мүшелері шешім қабылдау барысында тең дауыстарға ие. Дауыстар тең болған жағдайда Жұмыс тобының басшысы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
14. Техногендік минералдық түзілімдерден көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді өндіруге келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдаған жағдайда Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша үш жұмыс күні ішінде хаттама рәсімделеді, оған Жұмыс тобына қатысқан барлық мүшелері сондай-ақ Өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.
15. Тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күн тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша шешім қабылданған күн деп есептеледі.
16. Құзыретті орган Өтініш берушіге тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы хабарлайды.
17. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру, материалдарды жинау және сақтауды жұмыс органы жүзеге асырады.
18. Жұмыс тобы құзыретті органның шешімімен құрылады және таратылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |