Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10658 тіркелді
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 бұйрығымен бекітілген
Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін (бұдан әрі - сумен жабдықтау және су бұру жүйесі) пайдалану тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) авария - сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілетін қызметтерді тоқтатуға не көлемін, ауыз су сапасын айтарлықтай азайтуға және халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға әрі жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге әкеп соққан сумен жабдықтау және су буру жүйелерінің немесе жекелеген құрылыстардың, жабдықтардың, құрылғылардың бұзылуы немесе істен шығуы;
2) ауыз су - адамның ішуге, өзге де тұрмыстық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға және тамақ өнімдерін өндіруге арналған табиғи су немесе өңделгеннен кейін сумен жабдықтау жүйелері арқылы берілетін су;
3) бақылау құдығы - тұтынушының сарқынды суларының сынамасын іріктеуге және оның көлемін есепке алуға арналған оның су бұру жүйесіне қосылуы алдындағы тұтынушының су бұру желісіндегі соңғы құдық;
4) есепке алу аспабы - нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын әрі «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңында белгіленген тәртіппен коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;
5) есепке алу аспаптарын тексеру - есепке алу аспаптарының жай-күйін тексеру, оның техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау, көрсеткіштерін алу, сондай-ақ су өлшеу торабындағы пломбалардың бар-жоғын және тұтастығын анықтау үшін қызмет көрсетушінің өкілі орындайтын операциялар жиынтығы;
6) қосалқы тұтынушы - меншігінде немесе өзге де заңды негізде тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелері бар және оның жүйелерін шарт негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
7) қызмет көрсетуші - сумен жабдықтау мен су бұрудың толық технологиялық үдерісін жүзеге асыратын және тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсету мақсатында елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдаланатын, сондай-ақ тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйіне техникалық қадағалауды жүзеге асыратын, тұтастай алғанда елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің дамуын реттейтін және бақылайтын су шаруашылығы ұйымы (сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорны);
8) оқшау тазарту құрылыстары - тұтынушының өзінің сарқынды суларын су бұру жүйесіне ағызу алдында оларды тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;
9) пайдалану жауапкершілігін болу шекарасы - тараптардың келісімімен белгіленетін міндеттер (оларды пайдалану жауапкершілігі) белгісі бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелері элементтерінің бөлу сызығы. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;
10) су бұру желілері - су бұруға арналған құбыржолдар, коллекторлар, арналар және олардағы құрылыстар жүйесі;
11) су бұру жүйесіне шығару - ғимараттан немесе құрылыстан су бұру желісіндегі бірінші құдыққа дейінгі құбыр;
12) су құбырын енгізу - қосылу нүктесіндегі тиекті арматурасы бар құдықты қоса алғанда, ғимараттағы бірінші ысырмаға дейінгі сумен жабдықтаудың тарату желісіндегі құбыр;
13) су тұтыну нормасы - нақты елді мекендегі бір адамның, жеке қосалқы шаруашылық жануарларының тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыруға немесе суармалы ауданның бір бірлігіне арналған судың есептік мөлшері;
14) суды тұтыну (су бұру) лимиті - белгілі уақыт кезеңінде тұтынушыға белгіленген су тұтынудың (су бұрудың) ең жоғарғы көлемі;
15) сумен жабдықтау желілері - сумен жабдықтауға арналған құбырлар мен өлардағы құрылыстардың жүйесі;
16) теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы - меншіктік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша иеленушілер арасындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін бөлу сызығы;
17) тұтынушы - меншігінде немесе өзге де заңды негізде сумен жабдықтау және су бұру жүйелері бар, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған және қызмет көрсетушінің сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерін шарт негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.
3. Тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсету үзіліссіз жүзеге асырылады. Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсету режимін шектеу және реттеу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Ауыз сумен жабдықтау жөнінде қызметтер көрсету кезінде халықты қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сапада ауыз сумен қамтамасыз ету басымдылығы белгіленеді.
5. Тұтынушылардың қызмет көрсетушінің техникалық шарттарын бұзу арқылы немесе олар болмаған кезде қосылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағында белгіленген шартты жасасу мерзімі аяқталғаннан кейін тұтынушы заңды тұлғалардың сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерге шартсыз пайдаланылатын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануға беруге жол берілмейді.
6. Тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілген қызметтердің көлемін анықтау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7257 тіркелген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтердің көлемін есептеу әдістемесі бойынша жүзеге асырылады.
2. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану тәртібі
1-параграф. Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді көрсету, шектеу және тоқтату тәртібі
7. Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтер «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес бекітілген сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасында жасалған шарт негізінде көрсетіледі.
8. Тұтынушы жеке тұлғамен жасалған сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған шарт - ол сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне алғаш қосылған сәттен бастап жасалған болып саналады.
9. Тұтынушы заңды тұлғамен жасалған сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған шарт тұтынушының қызмет көрсетушінің техникалық шарттарының талаптарына жауап беретін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануға берген сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде жасалады.
10. Тұтынушы заңды тұлғамен жасалған сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған шарттың қолданылуы пайдалануға берілген сәттен бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін нақты пайдаланатын бүкіл мерзімге таралады.
11. Қызмет көрсетушімен сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған шартты жасасу үшін тұтынушы заңды тұлға:
жергілікті атқарушы органдары орындаған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің сыртқы желілері мен құрылыстарының орындаушы түсірілімін;
тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасын көрсету схемасын;
қосылатын объектіні пайдалануға беру туралы мемлекеттік актіні; қосалқы тұтынушылар мен олардың сумен жабдықтау және су бұру объектілері туралы деректерді (олар болған жағдайда);
қосалқы тұтынушылардың су тұтыну және су бұру көлемдері туралы мәліметтерді (олар болған жағдайда);
су тұтынуды және су бұру көлемдерін есептеу үшін негіз болып табылатын деректерді ұсынады.
Өнімінің құрамына сумен жабдықтау жүйесінің суы кіретін, суды кәсіпорынның технологиялық мұқтаждықтары үшін пайдаланатын, оқшау тазарту құрылыстары бар кәсіпорындар осы тармақта көрсетілген талаптармен қатар қызмет көрсетушіге:
ластаушы заттардың орташа және жоғарғы көлемі бойынша су бұру жүйесіне шығарулардағы оқшау тазарту құрылыстарынан өткенге дейінгі және одан кейінгі сарқынды сулардағы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануының жобалық шамасын;
пайдаланатын судың және ағызатын сарқынды судың қажетті мөлшері мен сапасы негізделген түсіндірме жазбаны ұсынады.
12. Тұтынушы заңды тұлғаның сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шартты жасасуға өтінімін алған кезде, сондай-ақ тұтынушы объектілері туралы деректердің өзгерістері туралы жазбаша хабарлаған кезде қызмет көрсетуші бес жұмыс күні ішінде тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне тексеру жүргізеді.
13. Объект жаңа иеге көшкен кезде тұтынушы сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт жасасу үшін меншік құқығын мемлекеттік тіркеген сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде қызмет көрсетушіге жүгінеді.
14. Тұтынушы заңды тұлғамен шарт жасасқан кезде қызмет көрсетуші оған мынадай қосымшаларды толтырады:
екі жақта қол қоятын қызмет көрсетуші мен тұтынушының пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы актісін;
тұтынушының объектілерін тексеру деректері негізінде жасалған су тұтыну көлемінің есебін;
су бұру жүйелеріне ағызуға жол берілетін су бұру көлемінің есебін;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің талаптарына сәйкес есептелген тұтынушының су бұру жүйесіне ағызуға жататын сарқынды сулардың сапалық құрамын.
15. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде мыналарға:
сумен жабдықтау және су бұру желілерінің және олардың құрылыстардың үстіне әр түрлі материалдар мен заттарды қоюға, қоқыс жинауға;
сумен жабдықтау және су бұру желілерінің және олардағы құрылыстардың үстіне тұрақты немесе уақытша құрылыстар тұрғызуға;
қызмет көрсетушімен келіспей сумен жабдықтау және су бұру желілерінде жұмыс істеуге;
су төгіле тұрақты ағуы үшін ішкі су құбырының жүйесіндегі шүмекті ашуға;
тіке ағатын схема бойынша жабдықты суыту үшін ауыз суды пайдалануға;
су тарту құдықтарының жанында үй жануарларын суғаруға, кір жууға, автомашина мен тұрмыстық заттарды жууға, оларға құбырларды және шлангілерді қосуға, сондай-ақ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидалардың талаптарына қайшы келетін басқа да іс-қимылдарды жүргізуге;
су тарту бағандарына және өрт сөндіру гидранттарына уақытша су құбыры желілерін қосуға;
су бұру желілеріне қар және мұз қиыршықтарын тастауға жол берілмейді.
16. Сумен жабдықтаудың уақытша желілері уақытша желілерге қосылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімге пайдалануға жол беріледі.
17. Ауыз суды жасыл желектерді суаруға, аумақтарға, жолдарға, тротуарлар мен өтпе жолдарға себуге, көшелерді және алаңдарды жууға пайдалану кезінде арнайы су пайдалануға рұқсатқа сәйкес суару уақытын, тұтынушы орнататын арнайы суару құрылғыларын қосу немесе су алу пункттерінің орнын қызмет көрсетуші белгілейді.
Бұл ретте суару үшін су жеткізетін желілер сумен жабдықтау желілеріне қосылатын жерде есепке алу аспаптарымен және жабу вентилімен жарақтандырылады.
18. Жаңадан салынған сумен жабдықтау жүйелерін, сондай-ақ жөндеу жұмыстары жүргізілген сумен жабдықтау жүйелерін шаю және дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін пайдалануға жол беріледі.
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 05.05.2023 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес (28.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті берушінің сумен жабдықтау жүйесінен құрылыс объектісінің сумен жабдықтау желісін ауызсумен жуу және дезинфекциялау кезінде пайдаланылған судың көлемі көрсетілетін қызметті берушінің келісімі бойынша құрылыс салушы белгілейтін ауызсуды есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша айқындалады. Есепке алу аспаптарының түрін, сондай-ақ техникалық және метрологиялық сипаттамаларын көрсетілетін қызметті берушімен келісу қажет.
Ауызсуды есепке алу аспабы болмаған кезде пайдаланылған судың көлемі су құбырларының гидравликалық есебіне сәйкес жуылатын құбырды толық толтырған кезде және ондағы су қозғалысының жылдамдығы кемінде 1 м/сек болғанда айқындалады.
Құбырлар мен сыйымдылық құрылыстарын дезинфекциялау, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен құрылыстарын жуу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 539 бұйрығымен бекітілген Ауызсу мен тазартылған сарқынды суларды зарарсыздандыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
19. Су бұру жүйесіне ағызылатын сарқынды сулар елді мекеннің тазарту қондырғыларында тазартылуға жатады және тазарту қондырғыларының персоналы үшін қауіп тудырмайды.
20. Өндірістік сарқынды суларды ағызатын тұтынушылардың тұрғын үйлерге (тұрғын ғимараттарға) жапсарлас салынған үй-жайлары су бұру жүйесіне дербес шығарумен жабдықталады.
21. Жаңадан салынған сумен жабдықтау және су бұру желілерін елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу жөніндегі жұмыстарды және оларды пайдалануға беруді қызмет көрсетуші орындайды немесе оның техникалық қадағалауымен орындалады.
22. Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта құру қызмет көрсетушінің келісімі болған жағдайда жүргізіледі. Қызмет көрсетуші он жұмыс күні ішінде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы актісіне, тұтынушының су тұтыну және су бұру көлемінің есебіне тиісті өзгерістер енгізеді.
23. Есепке алу аспаптарына дейін қосылған гидранттар мен крандарды, сондай-ақ тұтынушының су өлшеуіш торабында айналма сызық болған жағдайда ондағы тиекті арматураны қызмет көрсетушінің өкілі жабық күйінде пломбалайды.
24. Өрт сөндіру жағдайларынан басқа, қызмет көрсетушімен келіспей айналма сызықтың тиекті арматурасынан, өрт гидранттары мен крандарынан пломбаны алуға жол берілмейді.
25. Қызмет көрсетуші тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне жоспарлы тексерулер және одан ағатын суларға талдаулар жүргізеді.
Ескертпе: Қызмет көрсетуші жоспарлы тексеру жүргізілетіні туралы тұтынушыға 15 күнтізбелік күннен бұрын хабарлайды.
26. Тұтынушы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тексеруге, есепке алу аспаптарын және айналмалы желі пломбаларын тексеруге, бақылау құдықтарынан сынама алу үшін, сондай-ақ тұтынушының аумағы арқылы өтетін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тексеруге және пайдалану жұмыстарын жүргізуге қызмет көрсетушінің өкілдерінің кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
27. Қызмет көрсетушінің өкілі тексеру уақытында жасалған әрекеттер мен тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану тәртібін бұзудың анықталған фактілері туралы екі жақ қол қоятын тиісті акті жасайды.
Тұтынушы немесе оның өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда, актіге қызмет көрсетушінің өкілі және су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы өңірлік органның өкілі қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдардың және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы ведомствосының өкілдері - олар болған жағдайда қол қояды.
Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тексеруді, су сынамаларын алуды жүргізу және оның құзыретіне кіретін өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруы үшін қызмет көрсетушінің өкілдерін жібермеуі туралы актілерге тұтынушы (оның өкілі) қол қоюдан бас тартқан кезде қызмет көрсетушінің өкілі қол қояды.
28. Тұтынушы пайдаланып жүрген сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде ауыз судың, қоршаған ортаның ластануына, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі жұмыстың бұзылуына және халықтың денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін барлық бүлінулер немесе ақаулар туралы қызмет көрсетушіге тез арада хабарлайды.
29. Қызмет көрсетуші бір тәулік ішінде ауыз сумен жабдықтау су көзіндегі су сапасының нашарлау жағдайлары, сумен жабдықтау және су бұру желілеріндегі авариялар туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының, ведомствоның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.
30. Қызмет көрсетуші тұтынушыға кемінде үш күнтізбелік күн ішінде хабарлай отырып, сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсетуді мынадай жағдайларда:
1) қызмет көрсетушінің тұтынушы қосылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне жоспарлы алдын ала жөндеу, қызмет көрсету, сумен жабдықтау желілерін зарарсыздандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізгенде, сондай-ақ жаңа сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қосу жөніндегі жұмыстарды жүргізгенде;
2) тұтынушы заңды тұлғаның «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңында белгіленген мерзімде сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерге арналған шарт бойынша толық көлемде ақы төлемегенде;
3) тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз болғанда және қызмет көрсетушінің анықталған ақауларды және бұзушылықтарды жою жөніндегі жазбаша талаптарын орындамағанда ішінара немесе толық тоқтатады.
Осы тармақта көзделген негіздер бойынша сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ішінара немесе толық тоқтату басқа тұтынушыларға қызметтер көрсету сапасына әсер етпейді.
31. Осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген негіздер бойынша сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсету қайта жаңғырту (көлемдерді қалпына келтіру) қызметтерді ішінара немесе толық тоқтатуға әкеп соққан бұзушылықтарды немесе жұмыстарды жойғаннан кейін жүргізіледі.
32. Қызмет көрсетуші тұтынушыны ескертусіз, бірақ оны дереу хабарландыру арқылы мынадай жағдайларда сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ішінара немесе толық тоқтатады:
1) сумен жабдықтау және су бұру объектілерін энергиямен жабдықтау авариялық тоқтатылғанда;
2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі аварияда.
33. Осы тармақта көзделген негіздер бойынша сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсетуді толығымен тоқтату кезінде қызмет көрсетуші тұрақты режимде сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызмет көрсетуді қайта қалпына келтіру сәтіне дейін олардың коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін халықты уақытша сумен жабдықтауды ұйымдастыру (су әкелу) жөнінде шаралар қабылдайды.
2-параграф. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезіндегі пайдалану жауапкершілігін болу шекарасын анықтау тәртібі
34. Қызмет көрсетуші мен тұтынушы сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қызмет көрсетеді және әрқайсысы өз пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде олардың қалыпты техникалық жағдайын қамтамасыз етеді.
35. Пайдалану жауапкершілігі:
Қызмет көрсетуші үшін:
жыл бойы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жоспарлы-ескерту жұмыстарын жүргізуді;
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қысқы маусымға дайындау жөніндегі іс-шараларды;
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізуді;
аварияларды жою және судың жайылып кетуін жоюды;
су бұру жүйелеріне ағызатын сарқынды сулардың сапасын бақылауды;
аварияларды, техникалық шығындарды және суды ұтымсыз пайдалануды төмендету жөніндегі іс-шараларды;
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жүргізілген жұмыстардан кейінгі бұзылған тұрмысқа жайлылықты қалпына келтіруді;
тұтынушы үшін:
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиісті техникалық жағдайда ұстап тұруды қамтамасыз етуді;
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тұтастығын қамтамасыз етуді;
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қысқы маусымға дайындау жөніндегі іс-шараларды;
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жүргізілген жұмыстардан кейінгі бұзылған тұрмысқа жайлылықты қалпына келтіруді қамтиды.
36. Тұтынушы пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің, өртке қарсы жүйелердің, жабдықтардың, арматураның және су өлшеу тораптарының қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз етеді және мынадай жұмыстарды:
судың анық және жасырын жайылуын жоюды;
құбырлар мен жабдықтардың авариялық учаскелерін жөндеуді немесе ауыстыруды;
жазғы кезеңде орнатылған барлық уақытша сумен жабдықтау желілерін ағытып тастауды;
есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін кедергісіз алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, су өлшеу торабын қатып қалудан қорғауды;
сумен жабдықтау және су бұру жүйелері орналасқан үй-жайлардың жеткілікті жылумен оқшаулануын қамтамасыз етуді;
шатыр асты үй-жайларда төселген сукернеуіш бактарды және құбырларды жылытуды;
қосарланған қақпақтардың орнатылуын қамтамасыз етуді немесе су өлшеуіш камералар мен өртке қарсы гидранттары бар құдықтардағы қақпақтарды жылытуды;
ғимараттардың ішкі сумен жабдықтау және су бұру желілерінде құбырлардың жапсарларының герметикалығын тексеруді, олардың босаңдығын жоюды, тексерулер мен тазартуларды жабуды, үй-жайлардың және қоршаған ауаның кері температуралы учаскелерінде пайдаланылатын құбырларды жылытуды жүзеге асырады.
37. Қызмет көрсетуші мен жеке меншік тұрғын үйдің иесі немесе заңды тұлға болып табылатын тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру желілері арасындағы теңгерімдік тиесілілігін болу шекарасы болып елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосылған жердегі құбырға ұштасу болып табылады.
38. Мыналар:
сумен жабдықтау бойынша - ғимаратқа су құбырын енгізудегі бірінші ысырманың бөлуші фланеці;
су бұру бойынша - елді мекеннің су бұру желілеріне қосылатын жердегі құдық кондоминиум объектілерінде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы болып табылады.
39. Мыналар:
сумен жабдықтау бойынша - тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) сыртқы қабырғасы;
су бұру бойынша - елді мекеннің су бұру желісіне құдықпен түйісу орнына шығаруы кондоминиум объектілерінде теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы болып табылады.
40. Кондоминиумға қатысушылардың жалпы үлестік меншігі болып табылатын үйге ортақ желілерді тиісті техникалық жағдайда ұстауды және қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуді кондоминиумның басқару органы, кондоминиум тіркелмеген жағдайда жалпы үлестік меншік иелері жүзеге асырады.
41. Сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, құрылыстарға, жеке және үйге ортақ есепке алу аспаптарына қызмет көрсетуге арналған шарттарды тұтынушылар немесе кондоминиумның басқару органдары қызмет көрсетушімен немесе қызметтің осы түрін жүзеге асыруға тиісті лицензиялары бар басқа да тұлғалармен жасасады.
42. Кондоминиумның басқару органы (жалпы үлестік меншік иелері) қызмет көрсетуші пайдаланатын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің бір бөлігіне қызмет көрсету үшін қызмет көрсетушінің қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
3-параграф. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде суды есепке алуды ұйымдастыру тәртібі
43. Есепке алу аспаптарын бастапқы орнатуды қызмет көрсетуші немесе қызметтің осы түрін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар басқа ұйым тұтынушымен жасалған жеке шарт негізінде жүзеге асырады.
44. Тұрғын үйлерге (тұрғын ғимараттарға) жапсарлас салынған үй-жайлар теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында есепке алу аспаптарымен жабдықталады.
45. Есепке алу аспаптары орнатылатын үй-жайларда 5о С-тан төмен емес температурамен ұстап тұрады, жарықтандыру және материалдық құндылықтар сақталатын жерлерден оқшаулау көзделеді.
46. Есепке алу аспабын орнатуға сумен жабдықтау желілерінің су өлшеуіш торабына дейін шайғаннан кейін жол беріледі.
Есепке алу аспабын орнату кезінде әзірлеуші зауыттың есепке алу аспабының үлгісі мен дәлдік сыныбына байланысты техникалық талаптары сақталады.
Қызмет көрсетуші есепке алу аспаптары орнатылуының техникалық талаптарға сәйкестігін тексереді.
47. Тұтынушыға орнатылуға тиіс есепке алу аспабының шартты өтуінің диаметрі есептеу арқылы анықталады және қызмет көрсетушімен келісіледі.
48. Тұтастығы бұзылған, бастапқы тексеру туралы бедері жоқ есепке алу аспаптарын, сондай-ақ тексеру мерзімі өткен есепке алу аспаптарын орнатуға және пайдалануға жол берілмейді.
49. Коммерциялық есепке алу үшін пайдаланылатын есепке алу аспабын қызмет көрсетушінің өкілі пломбалайды.
50. Тұтынушы есепке алу аспаптарының жұмысындағы барлық ақаулар мен бұзылулар туралы, сондай-ақ олардың пломбаларының жұлынуы немесе тұтастығының бұзылуы туралы қызмет көрсетушіге тез арада хабарлайды.
51. Есепке алу аспабы қатардан шыққан жағдайда, тұтынушы жөнделген есепке алу аспабын орнатуды қамтамасыз етеді.
52. Есепке алу аспабы:
салыстырып тексеруаралық интервалын түзету кажет болған;
есепке алу аспабының қолдануға жарамдылығын растау қажет болған;
салыстырып тексеру таңбасының, өзі жабысатын лейблдің, пластикалық пломбаның бедері зақымданған және есепке алу аспаптарының бастапқы немесе мерзімді салыстырып тексеруден, оның ішінде олардың сақталуы кезінде өткенін растайтын құжат жоғалған;
есепке алу аспабын немесе есепке алу аспаптары бар бұйымдарды консервациялауға қойылатын талаптарға байланысты есепке алу аспаптарына мерзімді салыстырып тексеру жүргізілмеген болса, сақтаудан кейінгі есепке алу аспаптарын қолданысқа енгізген;
есепке алу аспаптарын, сондай-ақ есепке алу аспаптары жиынтығымен қолданылатын бұйымдарды қайта консервациялаған;
есепке алу аспаптарын салыстырып тексеруаралық интервалының жартысы өткеннен кейін ұзақ сақтауға берген;
есепке алу аспаптарын салыстырып тексеруаралық интервал жартылай аяқталған соң әзірлеуші сатпаған есепке алу аспабын тұтынушыға жіберген жағдайларда кезектен тыс салыстырып тексерілуі тиіс.
53. Қызмет көрсетуші үш айда кемінде бір рет тұтынушылардың есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің дұрыс алынғандығын бақылайды.
54. Есепке алу аспаптарын тексеру кезінде қызмет көрсетушінің өкілі олардың көрсеткіштерін алады, қызмет көрсетуші пломбалаған су өлшеуіш торабының айналма сызығында және басқа құрылғыларда орнатылған есепке алу аспабында және ысырмадағы пломбалардың бар-жоғын және тұтастығын тексереді.