Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 78 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11149 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 28.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 78 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Toggle Dropdown
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3-1. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында да, сол сияқты ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жүзеге асырылуы мүмкін мәмілелерді жасаудың мынадай:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері және Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған (ұсынған), № 358 нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттық ұйымдастырушыларының жүйелерінде айналысқа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздармен халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасау;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасау;
Toggle Dropdown
3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8594 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысымен белгіленген ең төменгі рейтингі бар шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасау;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларымен халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында «репо» және «кері репо» операцияларын жүргізу;
Toggle Dropdown
5) меншікті облигациялармен мәмілелер жасау;
Toggle Dropdown
6) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 27-баптарына сәйкес акционерлік қоғамның (оның ішінде екінші деңгейдегі банктің) өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуы;
Toggle Dropdown
7) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды өткізу;
Toggle Dropdown
8) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына айырбастау немесе конвертациялау;
Toggle Dropdown
9) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру;
Toggle Dropdown
10) халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысының қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржаларында айналыстағы акцияларымен (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) мәмілелер жасау;
Toggle Dropdown
11) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес заңды тұлғалардың акцияларымен немесе жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерімен мәмілелер, сондай-ақ мемлекеттік емес бағалы қағаздармен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағына сәйкес мәмілелер жасау;
Toggle Dropdown
12) базалық активі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің иемденуіне рұқсат етілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын депозитарлық қолхаттармен мәмілелер жасау;
Toggle Dropdown
13) екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалатын бағалы қағаздармен мәмілелер жасау;
Toggle Dropdown
14) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау рәсімі жүргізілген бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ бас банк пен ұлттық басқарушы холдинг арасындағы еншілес банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беру жөніндегі мәмілелерді жасау жағдайларын қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен қайталама нарықта мәмілелер жасайды.».
Toggle Dropdown
1
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«70-1. Осы тарауда белгіленген, клиенттердің активтерін жаңа кастодианға беру тәртібі Қағидалардың 60-тармағында, 61-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 62-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, 64, 69 және 70-тармақтарында көзделген талаптарды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген бас банк (бұдан әрі – бас банк – жаңа кастодиан) пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру бойынша операцияны жүргізу шеңберінде кастодианның инвестициялық қордың активтерін жаңа кастодианға беруіне қолданылмайды.
Toggle Dropdown
Көрсетілген жағдайда еншілес банк - кастодиан клиенттің еншілес банкпен кастодиандық шартты бұзбай және клиенттің бас банкпен - жаңа кастодианмен кастодиандық шартты жасамай клиенттің активтерін қабылдау-өткізу актісінің негізінде инвестициялы қордың активтерін бас банкке - жаңа кастодианға береді.
Toggle Dropdown
Клиенттің еншілес банктің - кастодианның активтерін есептен шығару және бас банкте - жаңа кастодианда есепке алу жөніндегі операцияларды кастодиандар клиенттің активтерін қабылдау-өткізу актісінің негізінде клиенттің жеке шоттардан (шоттарға), ағымдағы шоттардан/шоттарға есептен шығару (есепке алу) бойынша операцияларды жүргізуге арналған бұйрықтарды ұсынбай жүргізеді. Бас банктің - жаңа кастодианның клиентке жеке, ағымдағы шоттарды ашуы жеке, ағымдағы шоттарды ашуға арналған бұйрықтарды ұсынбай жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Клиенттің активтерін қабылдау-өткізу актісі төрт данада жасалады, инвестициялық қордың (бар болса) инвестициялық портфелін басқарушыға, еншілес банк - кастодианға, бас банк - жаңа кастодианға, уәкілетті органға бір-бір данадан, оған инвестициялық қордың (бар болса) инвестициялық портфелін басқарушының, еншілес банк - кастодианның, бас банк - жаңа кастодианның бірінші басшылары және бас бухгалтерлері қол қояды және олардың мөр таңбаларымен расталады.
Toggle Dropdown
Бас банк - жаңа кастодиан мен еншілес банк - кастодиан арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру бойынша операцияны жүргізу кезінде хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде клиенттерден жазбаша қарсылықтың болмауы клиенттің инвестициялық қордың активтерін бас банкке - жаңа кастодианға беруге келісімі ретінде қаралады.».
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының банктер
арасындағы активтер мен міндеттемелерді
бірмезгілде беру жөніндегі операцияны
жүргізу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
қосымша