Toggle Dropdown
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10662 тіркелді
Редакция 12.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 369) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрi Е. Досаев _______________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 164 бұйрығымен
бекітілген
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары
1. Осы Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 369) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының және қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және электр энергиясын тікелей тұтынушыларға, өнеркәсіптік кешендерге және басым тұтынушыларға орталықтандырылған сатуы тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;
2) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын ескере отырып, осы жаңа объектілерді, оның ішінде электр энергиясын жинақтау жүйелерімен жарақталған объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;
3) басым тұтынушылар – құрамына тікелей тұтынушылар және (немесе) өнеркәсіптік кешендер, электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта өткізетін, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін, оның ішінде алдағы жеті жылдық кезеңге арналған электр энергиясы мен қуатының бекітілген болжамды балансында есепке алынбаған, істен шыққан электр қуаттарын реконструкциялаудан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар;
4) гибридті топ – электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланудың жиынтық үлесі кемінде жиырма бес пайыз болатын, бір энергия торабында орналасқан және уәкілетті орган бекіткен тәртіппен гибридті топтар тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тобы;
5) гибридті топтың әкімшісі – гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын осы гибридті топ ішінде және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында кейінен тұтынушыларға өткізу (сату) мақсатында сатып алуды (сатып алуды) жүзеге асыратын, гибридті топқа кіретін, сондай-ақ гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар үшін теңгерім провайдері болып табылатын заңды тұлға;
6) гибридті топ тұтынушысы – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын және гибридті топтардың тізбесіне енгізілген тұтынушы;
7) есепті кезең – тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-ден басталатын және тиісті айдың соңғы күні 24.00-де аяқталатын, оның нәтижесінде электр энергиясының сатып алу-сату көлемінің есептеулері жүргізілетін күнтізбелік ай;
8) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – уәкілетті орган айқындаған, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;
9) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – Субъект) – нетто-тұтынушыларды қоспағанда, ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi (бұдан әрі – ЖЭК пайдалану объектiсi) – ЖЭК пайдалана отырып электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;
11) жасыл тариф – уәкілетті орган бекіткен ЖЭК қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін ЖЭК пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;
12) жасыл энергияны тұтынушы – электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын жасыл тарифтер бойынша ЖЭК пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі;
13) Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімі (бұдан әрі - нақты теңгерім) – жүйелік оператор жасаған есепті кезең ішінде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін көрсететін құжат;
14) қайталама энергетикалық ресурстар – электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды пайдалану бөлігінде өнеркәсіптік өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін энергетикалық ресурстар;
15) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
16) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық жағынан қажетті және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы құрылысжайлар мен инфрақұрылым;
17) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және олармен өзара байланысты қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға технологиялық тұрғыдан қажетті құрылысжайлар мен инфрақұрылымның жиынтығы;
18) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – ҚЭКЖ субъектісі) – Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
19) коммерциялық есепке алу аспабы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған техникалық құрылғы;
20) өнеркәсіптік кешен – өздерінің құрамындағы меншік, жалға алу немесе өзге де заттық құқықтағы генерациялайтын көздерден электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;
21) сатып алу шарты – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы немесе қаржы-есеп айырысу орталығы мен Субъект немесе ҚЭКЖ Субъектісі арасында жасалған электр энергиясын сатып алудың ұзақ мерзімді шарт;
22) теңгерімдеуші нарық жүйесі - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің сатып алуға арналған өтінімдерді және сатуға арналған өтінімдерді беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен, электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастыру, цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының көлемін айқындау, энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының көлемін айқындау, жүйелік оператормен келісілген бекітілген тәуліктік кестеге түзетулер енгізу, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты мәндерін қалыптастыру, электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерін есептеу, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сатудың сағаттық бағаларын есептеу, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алудың (сатудың) және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудың (сатудың) сағаттық бағалары;
23) тікелей тұтынушылар - жасалған екі жақты шарттарға сәйкес өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме сауда тұтынушылары;
24) тіркелген тариф – ЖЭК пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;
25) уәкілетті орган – ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
26) шартты тұтынушы – өзімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көтерме тұтынушы, Заңға сәйкес айқындалатын өнеркәсіптік кешен және басым тұтынушы;
27) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын, көрсетілген Заңда көзделген тәртіппен электр энергиясының жоспарлы көлемдерін орталықтандырылған сатып алуды және орталықтандырылған сатуды жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
28) электр энергиясын жинақтау жүйесі – электр энергиясын жинақтауға, сақтауға және беруге арналған автоматтандырылған басқару жүйесі бар техникалық құрылғы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті, онымен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым.
Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Осы Қағидалардың талаптары мыналарға қолданылмайды: