Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 522 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.12.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.04.2016 жылғы № 234 Қаулысымен (11.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2016 жылы № 80 (28808) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
1. Паспорт (негізгі параметрлері)
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.12.2015 жылғы № 1001 Қаулысымен (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) 1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.04.2016 жылғы № 234 Қаулысымен (11.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2016 жылы № 80 (28808) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бөлім жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.08.2016 жылғы № 515 Қаулысына сәйкес (23.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) 1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 373 Қаулысымен (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысымен (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Атауы |
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме |
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы; |
Үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
Мақсаттары |
Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру |
Міндеттері |
1. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру. |
Іске асыру мерзімдері |
2015 – 2019 жылдар |
Нысаналы индикаторлар |
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2020 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады: |
Қаржыландыру көздері мен көлемдері |
1) республикалық бюджет қаражаты: 2015 – 60 531 976 мың теңге; 2016 – 56 742 921 мың теңге; 2017 – 19 069 748 мың теңге; 2018 – 8 969 748 мың теңге; 2019 – 8 959 748 мың теңге; 2) жергілікті бюджет қаражаты: 2017 – 30 000 000 мың теңге; 2018 – 30 000 000 мың теңге; 2019 – 30 000 000 мың теңге; 3) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатынан субсидиялауға 2015 жылы – 7 200 000 мың теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды тартуға 2015 жылы – 9 781 530 мың теңге, 2016 жылы – 14 565 048 мың теңге. |
2. Кіріспе
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жалпыұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» Стратегиясы» және «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және, ең алдымен, шағын және орта бизнестің даму жай-күйі мен деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестіктің дамымауы, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген проблемаларды шешу үшін экономиканың нақ осы секторының әлеуетті мүмкіндіктері өте зор.
Шағын және орта бизнестің экономиканы әртараптандырудағы рөлі де маңызды. ИИДМБ іске асыру шарттарында ірі өндірістер барған сайын көбірек қалыптастырылатын болады, олардың жұмыс процестеріне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатарынан көптеген қосалқы мердігерлер жұмылдырылатын болады. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда шағын кәсіпкерлік субъектілері тұрғындардың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған секторларда жұмыс істей отырып, дамуға жаңа түрткі беруге тиіс.
Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлікті қолдау жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажет, олар қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуды, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, құзыретті арттыруға жәрдемдесуді, консультациялық қолдау алуды және кәсіпкерлік бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер тартуды қамтитын болады, бірақ олармен шектелмейді.
Негізгі терминдер мен анықтамалар
Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банк - Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
2) банктік кредит (бұдан әрі - кредит) - банктік қарыз шартының негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банк кәсіпкерге беретін ақшалай қаражат сомасы;
3) даму банкі - «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және/немесе оның үлестес лизингтік компаниясы;
4) кепілдік беру - Кәсіпкерлерді Бағдарлама шарттарында және кепілдік шартына сәйкес кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын мемлекеттік қолдау нысаны;
4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
Кіші бөлім 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
5) ИИДМБ - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
6) субсидиялау шарты - қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ішінара субсидиялайды;
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.07.2017 жылғы № 459 Қаулысымен (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 ж. № 150 (28529) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) кепілдік шарты - қаржы агенттігі, банк және кәсіпкер арасында кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
9) микрокредит беру бойынша кепілдік шарты - микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым, Банк және микроқаржы ұйымы арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
10) қаржылық лизинг шарты - лизингтік компания/банк және кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;
11) банктік қарыз шарты - банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит, сондай-ақ Банкте кредиттік желі ашу туралы келісім береді.
12) Лизингтік компания - Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;
13) лизингтік мәміле (лизинг) - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтарымен міндеттерін орнатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылдар жиынтығы;
14) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
15) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер - 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда), жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі кредит алу үшін банкке өтініш берген уақытта кемінде үш жылды құрайтын жеке кәсіпкер. Жас шамасы ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкердің банкке өтініш берген күні айқындалады. Жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкерлердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған кезде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен бірге үлестес болуына жол беріледі;
16) халықаралық шетелдік ұйымдар (бұдан әрі - ХШҰ) - шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруда және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуда шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына жәрдем көрсететін және/немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жәрдем көрсетуге бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйымдар;
17) ісін жаңа бастаған кәсіпкер - жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі банкке/лизингтік компанияға/микроқаржы ұйымына кредит/лизинтік шарт/микрокредит үшін өтініш берген уақыт кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер. Жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкерлердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған кезде ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен бірге үлестес болуына жол беріледі;
18) ЭҚЖЖ (бұдан әрі - Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторлары) - Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;
19) қаржылай қолдамайтын оператор - «Сыртқы консультанттарды тарту арқылы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын бірлесіп қаржыландыру (ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі бағдарламасы)», «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрамдастарын қоспағанда, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде Кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
20) білім беру мекемесі - бизнес-тренингтер өткізу және «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысушылардың шет елдердегі тағылымдамасын консультациялық сүйемелдеу арқылы басшы жұмыскерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру жөнінде қызметтер көрсететін ғылыми ұйым;
21) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;
21-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.04.2016 жылғы № 234 Қаулысына сәйкес (11.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2016 жылы № 80 (28808) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 21-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
22) жоба - кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы.
23) «бір терезе» қағидаты - (азаматтар, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер) мемлекеттік қызметтер көрсетуді алу құқықтарын растайтын түрлі құжаттар мен анықтамаларды әртүрлі сатылардан жинау және әртүрлі сатыларға беру процестеріне өтініш берушілердің қатысуын болдырмауды немесе барынша ықтимал шектеуді көздейтін мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жұмысты ұйымдастыру;
24) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі - облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
25) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган, жалпы санының кемінде 50%-ына бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады;
26) субсидиялау - болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде банкке/микроқаржы ұйымына/лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |