Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет мнистрлігінде 2015 жылы 11 ақпанда № 10228 тіркелді
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысының 2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Агенттік туралы ереженің 20-тармағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Агенттіктің жұмыс регламенті бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Агенттіктің Сотқа дейінгі тергеу департаменті Ұйымдастыру-бақылау басқармасы Агенттіктің Әкімшілік жұмыс департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасымен бірлесе отырып, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Аппарат басшысы А.А. Шайымоваға жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Төраға Қ. Қожамжаров
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2015 жылғы 9 қаңтардағы
№ 8 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс РЕГЛАМЕНТІ
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Регламент Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) оған жүктелген функцияларды орындау процесіндегі қызметінің ішкі тәртібін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Агенттік Төрағасы Агенттікке жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Агенттік Төрағасы Төрағаның орынбасарларының, Аппарат басшысының, Агенттіктің Департаменттері мен дербес басқармалары басшыларының лауазымдық міндеттерін белгілейді.
Toggle Dropdown
Агенттік Төрағасы Агенттіктің және аумақтық бөлімшелердің барлық жұмыскерлері орындауға міндетті ұйымдастырушылық-өкімдік актілерді шығарады.
Toggle Dropdown
Агенттік Төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін Төраға белгілейтін оның орынбасарларының бірі атқарады.
Toggle Dropdown
Төрағаның орынбасарлары белгіленген міндеттерін бөлуге сәйкес жетекшілік ететін құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің жұмысын бағыттайды және бақылайды, ұйымдастыру, сондай-ақ олардың жүргізуіне жататын мәселелер бойынша заңмен берілген өкілеттіктері шегінде процессуалдық және өзге де шешімдерді қабылдайды.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметінің стратегиялық бағыттарын әзірлеу бойынша Агенттіктің Департаменттері мен дербес басқармаларының(бұдан әрі – Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері) қызметтерін үйлестіруді Агенттіктің Әкімшілік жұмыс департаментінің (бұдан әрі – ӘЖД) Жоспарлау және қаржы-шаруашылық жұмыс басқармасы (бұдан әрі - ЖжҚШЖБ) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Агенттіктің қызметі жариялылық жағдайларында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралыҚазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін деңгейде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Агенттіктің бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын ресми хабарламасына арналған материалдар, анықтамалар, заңдылықтың және құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы қорытулар Агенттік Төрағасының орынбасарларымен келісілгеннен кейін Агенттіктің Баспасөз қызметіне беріледі. Осы материалдардағы мәліметтерді дайындаған құрылымдық бөлімшелердің басшылары олардың дұрыстығы мен толықтығына жауапты болады.
Toggle Dropdown
Жариялауға арналған материалдарды ұсыну тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасу нысандары Агенттік Төрағасының тиісті актілерімен (құжаттарымен) белгіленеді.
Toggle Dropdown
Агенттіктің атынан ресми хабарламалар тек Агенттік Төрағасының нұсқауы бойынша Агенттіктің ресми өкілі арқылы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуда жарияланады.
Toggle Dropdown
4. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері ведомстволық құқықтық актілерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленгенөз құзыреті шегінде қызметін жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентіне бастамалық ақпараттарды (қызметтік жазбаларды) дайындау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрықтары мен нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Құжаттармен жұмыс жасау үшін осы Регламентпен белгіленген талаптар Агенттік мекемелерінің және органдардың барлық қызметкерлері мен жұмыскерлеріне қолданылады.
Toggle Dropdown
2. Жұмысты жоспарлау
Toggle Dropdown
6. Агенттік қызметін стратегиялық, операциялық (жылдық) және өзге де жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
7. Стратегиялық жоспар – бюджеттік бағдарламалар бойынша оны іске асыру үшін қаржыландыру көлемі көрсетіліп, жоспарлық кезеңге арналған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат.
Toggle Dropdown
Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде бес жылдық кезеңге әрбір үш жылда әзірленеді және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
8. Стратегиялық жоспардың құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Toggle Dropdown
9. Стратегиялық жоспарды әзірлеу не оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері әзірленетін жылдың 15 наурызына дейін Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарларымен, Аппарат басшысымен келісілген ұсыныстарды Агенттіктің ӘЖД ЖжҚШЖБ-ға береді.
Toggle Dropdown
Ұсыныстар дәлелді және қатысуы стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін талап етілетін құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен келісілген болуы тиіс.
Toggle Dropdown
10. Агенттіктің ӘЖД ЖжҚШЖБ:
Toggle Dropdown
1) ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
2) стратегиялық жоспардың жобасын не оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды әзірлейді және оны Агенттік басшылығымен, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерімен келіседі;
Toggle Dropdown
3) стратегиялық жоспардың жобасын не оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға қарау үшін әзірленетін жылдың 15 мамырынан кешіктірмей енгізеді;
Toggle Dropdown
4) стратегиялық жоспардың жобасын не оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне қарау үшін жолдайды;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ескертулері бар болған кезде стратегиялық жоспардың жобасын не оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды пысықтайды.
Toggle Dropdown
11. Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін Агенттіктің ӘЖД ЖжҚШЖБжыл сайын Стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттері мен көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, ресурстары, жауапты орындаушылары және орындау мерзімдері бойынша ұштастырылған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының нақты іс-қимылдарынан тұратын операциялық (жылдық) жоспарды ағымдағы қаржы жылында әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.
Toggle Dropdown
Операциялық жоспардың құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығымен бекітілген Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидаларының (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9787 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Toggle Dropdown
Операциялық жоспар стратегиялық жоспардан тыс жүргізілетін іс-шаралардан тұруы мүмкін.
Toggle Dropdown
Операциялық жұмыс жоспарының іс-шаралары елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық және криминогендік жағдайын негізге ала отырып, жыл бойы түзетілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларымен келісілген операциялық жұмыс жоспарына ұсыныстарды құрылымдық бөлімшелер тиісінше, желтоқсанның және тоқсанның соңғы айының 5 күні Агенттіктің ӘЖД ЖҚШЖБ ұсынады.
Toggle Dropdown
Операциялық жұмыс жоспарына берілетін ұсыныстар дәлелді, ал басқа құрылымдық бөлімшелердің қатысуын көздейтіндері - олармен келісілген болуы тиіс.
Toggle Dropdown
Операциялық жұмыс жоспарының дайындалған жобалары келісу үшін құрылымдық бөлімшелерге таратылады. Жұмыс жоспарының жобаларын келісу нәтижесі бойынша Агенттіктің ӘЖД ЖҚШЖБ пысықтайды, Агенттік Төрағасының орынбасарлары қол қояды және жоспарланған кезеңнің басына дейін 15 күнтізбелік күн бұрынАгенттік Төрағасына бекіту үшін ұсынылады. Сонымен қатар, жұмыс жоспарлары жоспарланған кезеңнің басына дейін 7 күнтізбелік күннен кешіктірілмей бекітіледі.
Toggle Dropdown
12. Операциялық жоспардың орындалуын мониторингілеу мақсатында Агенттіктің іс-шараны орындауға жауапты құрылымдық бөлімшелері тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5-не дейін;
Toggle Dropdown
Стратегиялық жоспар бойынша - тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 25-не дейін есептік кезеңде оның іске асырылу барысы туралы ақпаратты Агенттіктің ӘЖД ЖжҚШЖБ-ға жолдайды.
Toggle Dropdown
Операциялық және стратегиялық жоспарларды мониторингілеу нәтижелері бойынша Агенттіктің ӘЖД ЖжҚШЖБ жедел есептiлiкті дайындайды және жылына екі рет белгіленген мерзімдерде оның Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жолдануын қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
13. Операциялық жұмыс жоспарларына ұсыныстар дәлелді, ал Агенттіктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің, Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың қатысуын көздейтіндері - олармен келісілген болуы тиіс.
Toggle Dropdown
14. Агенттіктің жедел (құпия) жұмысының тоқсан сайынғы жоспарының жобасын Агенттіктің Сотқа дейінгі тергеу департаменті (бұдан әрі – СДТД) Арнайы басқармасы Агенттіктің СДТД Жедел басқармасының ұсыныстары негізінде жасап, Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарының бекітуіне жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың 25-күніне ұсынады.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шаралардың жылдық жоспарын әзірлеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының 2005 жылғы 1 қазандағы № 25-1-86 қбпү бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және ұйымдарында мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша жоспарлар мен есептерді даярлау және ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады және Аппарат басшысымен келісілгеннен кейін, Төрағаның бекітуіне ұсынылады.