Toggle Dropdown
Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10749 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министрдің міндеттерін атқарушы С. Омаров
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
«____» _________ 2015 жыл
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
Министрдің міндеттерін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпанда
№ 7-1/179 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және процессингтік орталықтың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын, жануардың жеке нөмірі туралы, диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін қоса алғанда, оны ветеринариялық өңдеу туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы мәліметтерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бір бөлігі;
Toggle Dropdown
2) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жұмыстарын жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін қолданылатын сырғалар (радиожиілік таңбасы бар аспалы), болюстер, чиптер және өзге бұйымдар (құралдар);
Toggle Dropdown
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған аспап, құрал–саймандар;
Toggle Dropdown
4) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бұйымдарына (құралдарына) ен салатын лазерлік станция (бұдан әрі – лазерлік станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмірлерді салуды жүзеге асыратын ұйым;
Toggle Dropdown
6) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссиясы) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республикалық әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бөлу;
Toggle Dropdown
7) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясы бойынша дерекқор – тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясының автоматтандырылған жүйесі;
Toggle Dropdown
8) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
10) процессингтік орталық – Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына сәйкес жұмыс ісейтін Қазақстан Республикасының Үкіметімен құрылған мемлекеттік ветеринариялық мекеменің құрылымдық бөлімшесі;
Toggle Dropdown
11) тіркеу – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы ақпаратты жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорға енгізу рәсімі.
Toggle Dropdown
3. Процессингтік орталық:
Toggle Dropdown
1) жеке нөмірлердің эмиссиясын;
Toggle Dropdown
2) жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және олардың өндірушілерін тіркеуді;
Toggle Dropdown
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдардың (құралдардың) және атрибуттардың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында (бұдан әрі – Бірдейлендіру қағидалары) белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау;
Toggle Dropdown
4) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5) жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізуді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
6) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8) ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендірілуін мониторгингілейді.
Toggle Dropdown
2. Жеке нөмірлердің эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі
Toggle Dropdown
4. Процессингтік орталық облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың қажеттілігі туралы ақпаратты алған күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде:
Toggle Dropdown
1) ауыл шаруашылығы жануарларының бұрын берілген жеке нөмірлерін есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің дәйекті нөмірленуін анықтауды;
Toggle Dropdown
2) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін үлестіріп беруді;
Toggle Dropdown
3) жеке нөмірлердің эмиссиясының дерекқорын қалыптастыруды;
Toggle Dropdown
4) құлаққа асылмалы, безендірілетін ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінен басқа, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелеріне ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін тапсыруды жүргізеді.
Toggle Dropdown
5. Ауыл шаруашылығы жануарларынның жеке нөмірлері заңның
Toggle Dropdown
8 бабының 38) тармақшасындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес белгіленгенеді.
Toggle Dropdown
6. Ауыл шаруашылығы жануарлары есептен шығарылғаннан кейін жеке нөмірлерді тізімнен шығару жеке нөмірлер эмиссиясының және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорларында көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7. Процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарлары есептен шығарылғаннан кейін 5 жыл өткен соң есептен шығарылған жеке нөмірлердің эмиссиясын жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу реті
Toggle Dropdown
8. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді жеке нөмірлер эмиссиясы жөніндегі дерекқорда тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11926 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – Тіркеу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың талаптарға сәйкестігін анықтау тәртібі
Toggle Dropdown
9. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
10. Процессингтік орталықтың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың Бірдейлендіру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтауы оларды тіркеу кезінде Тіркеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Тарау алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізу
тәртібі
Toggle Dropdown
16. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқор ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқормен өзара байланысты.
Toggle Dropdown
17. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізу:
Toggle Dropdown
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша үлестіріп берілген ауыл шаруашылығы жануарларына берілген жеке нөмірлердің есебін жүргізуді;
Toggle Dropdown
2) тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы мәліметтерді енгізуді қамтиды.
Toggle Dropdown
18. Тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы ақпарат процессингтік орталықтың интернет-ресурсына орналастырылады және олардың тіркелу шамаларына байланысты үнемі жаңартылып отырады.
Toggle Dropdown
7. Тарау алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8. Тарау алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9. Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіруінің мониторингін жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
25. Процессингтік орталықтың ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіруінің мониторингі:
Toggle Dropdown
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорындағы жеке нөмірлердің эмиссиясы және ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендірілуі бойынша әкімшілік – аумақтық бірліктерге бөліп таратылған жеке нөмерлерді бақылау арқылы;
Toggle Dropdown
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорындағы жеке нөмірлердің эмиссиясын және тапсырыс берушілерге (республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге берілген нөмерлерді салыстыру арқылы;
Toggle Dropdown
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорына мәліметтердің уақытылы еңгізілуі және жаңартылыуыны арқылы жүргізіледі.
Toggle Dropdown
26. Процессингтік орталық осы Қағидалардың 25 тармағында көрсетілген мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің мониторингіне талдау жүргізіп, олар бойынша жасалған рәсімделген есептерді, кестелерді ақпаратты қағаз түріндегі тасмалдаушылар, ақпаратты электронды жинақтаушы, өңдеуші сақтаушы жүйелер арқылы да ветеринария саласындағы өкілетті органның мекемесіне есептік периодтан кейнгі әр айдың 10 жұлдызына дейн табыстайды.
Toggle Dropdown
Процессингтік орталықтың
жұмыс істеу қағидаларына
1–қосымша
Toggle Dropdown
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды беру және қабылдау журналы /
Журнал выдачи и приемки изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных
Toggle Dropdown
| Рег.
№/№
п/п | бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың
атауы/
Наименование изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных | Келісім-шартқа қол қоюдың басындағықалдық/Остаток наначалоотчетного периода | Сақтау
қоймаларына түсім/
Поступление на склад
хранения | Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарын (құралдарын) және атрибуттарын негізінде берген құжаттың күні және №/№ и дата
документа, на основании которого были выданы изделия (средства) и атрибуты для проведения идентификации сельскохозяйственных животных | Қоймадан тиеу/
Отгрузки со
склада | Есеп
беру кезеңінің
соңын
дағы
қалдығы/
Остаток
на конец
отчет
ного периода | Ескертпе/Примечание |
| Күні/Дата | Мөлшері
(дана)/
Коли
чество
(штук.) | Күні/
Дата | Тиеу
мөлшері/
Коли
чество
отгрузки |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Процессингтік орталықтың
жұмыс істеу қағидаларына
2–қосымша
Toggle Dropdown
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу акті
Toggle Dropdown
№______ «___»_________20___ ж.
Toggle Dropdown
Мен (біз) ___________________________________________________________
Toggle Dropdown
(процессинг орталығының өкілі (дері) Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
________________________________________________________________ және
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың иесінің(лерінің) жеке немесе
Toggle Dropdown
заңды өкілі(дері) Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
қатысуымен_________________________________________ іріктеліп алынды.
Toggle Dropdown
(бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың атауы)
Toggle Dropdown
Партия көлемі___________________, партияның түскен күні____________ж.
Toggle Dropdown
Жолдама құжаттар_____________________________________________________________
Toggle Dropdown
(құжат түрін, нөмерін, берілген түрін көрсету қажет)
Toggle Dropdown
Жолдамада болмаған құжаттар _________________________________________
Toggle Dropdown
(атауларын көрсету қажет)
Toggle Dropdown
Іріктеп алуды жүргізген процессинг орталығының өкілі (дері):
Toggle Dropdown
_______________ ___________________________________________
Toggle Dropdown
(қолы) (Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Өнім иесінің(лерінің) жеке немесе заңды өкілі(дері):
Toggle Dropdown
_______________ ___________________________________________
Toggle Dropdown
(қолы) (Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Процессингтік орталықтың
жұмыс істеу қағидаларына
3–қосымша
Toggle Dropdown
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу нәтижесі туралы акті
Toggle Dropdown
№______ «___»_________20___ ж.
Toggle Dropdown
Мен (біз)____________________________________________________________
Toggle Dropdown
(комиссия мүшесі(лері)нің Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
қатысуымен іріктеп алу жұмыстары жүргізіліп__________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________ туралы акт жасалды.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелері қолдары:
Toggle Dropdown
1.___________________________________________________ _____________
Toggle Dropdown
2.___________________________________________________ _____________
Toggle Dropdown
3.___________________________________________________ _____________
Toggle Dropdown
4.___________________________________________________ _____________
Toggle Dropdown
5.___________________________________________________ _____________
Toggle Dropdown
(комиссия мүшелері Т.А.Ә. лауазымдары) (қолы)
Toggle Dropdown
Процессингтік орталықтың
жұмыс істеу қағидаларына
4–қосымша
Toggle Dropdown
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды қайтару акті
Toggle Dropdown
№______ «___»_________20___ ж.
Toggle Dropdown
Мен(біз)_____________________________________________________________
Toggle Dropdown
(процессинг орталығының өкілі (дері) Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
________________________________________________________________ және
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың иесінің(лерінің) жеке немесе заңды өкілі(дері) Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
қатысуымен _____________________________қайтару жұмыстарын жүргіздік.
Toggle Dropdown
(бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың атауы)
Toggle Dropdown
Партия көлемі_________________, партияның түскен күні______________ж.
Toggle Dropdown
Жолдама құжаттар_____________________________________________________________
Toggle Dropdown
(құжат түрін, нөмерін, берілген түрін көрсету қажет)
Toggle Dropdown
Жолдамада болмаған құжаттар _________________________________________
Toggle Dropdown
(атауларын көрсету қажет)
Toggle Dropdown
Іріктеп алуды жүргізген процессинг орталығының өкілі (дері):_________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________
Toggle Dropdown
(қолы) (Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Өнім иесінің(лерінің) жеке немесе заңды өкілі(дері):_________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________
Toggle Dropdown
(қолы) (Т.А.Ә.)