Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 168 бұйрығына
1-қосымша
Кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органдарына есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну қағидалары
1. Осы Қағида«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінің 30-бабына сәйкес әзірленді және кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органдарына кедендік операциялар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Кеден өкілі тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың оны күнінен кешіктірмей кедендік тазартуды жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған есепті кезең ішіндегі кедендік операциялар туралы есепті қағаз тасымалдағышында және Excel форматында электронды түрде ұсынады.
3. Қағаз тасымалдағышындағы кедендік операциялар туралы есепке бас бухгалтер, кеден өкілінің басшысы қол қояды және оның мөрімен куәландырылады.
Кеден өкілінің мемлекеттік
кірістер органдарына есептілікті,
оның ішінде ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып
ұсыну қағидаларына қосымша
Кедендік операциялар туралы есеп
Кеден өкілінің атауы_________________________________________________
БСН__________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы_____________________________________________________
Іс жүзіндегі мекен-жайы______________________________________________
Кеден өкілінің тізіліміне енгізу туралы
бұйрықтың күні және нөмірі 20___ жылғы «___»______№ _________________
Заңды тұлғаның басшысы ___________________
Есептілік жасалған күн _________________________________________
Шартты түрде шығарылатыны бар кедендік декларациялар, «шығаруға рұқсат етіледі» деген мәртебені алғаннан кейін көрсетіледі.
* КДМБА – кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты.
** КД – кедендік декларация.
*** УКД – уақытша кедендік декларация.
**** «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексі.