"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 11-1/18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 11-1/343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 мамырда № 11080 тіркелді
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 11-1/18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10267 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіндегі:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығына және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістерін айқындайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.»;
6-тармақ алынып тасталсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
персоналды басқару қызметі қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберсе.
Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.»;
24-тармақ алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков