Toggle Dropdown
2
Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10839 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 13.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Toggle Dropdown
Министр Б. Сұлтанов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 236 бұйрығымен
бекітілді
Toggle Dropdown
2
Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары
Toggle Dropdown
Осы Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 41-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, «Елбасы Aкадемиясы» корпоративтік қорына жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.
Toggle Dropdown
1-1. Мемлекеттік тапсырмалардың тізбесі Кодекстің 41-бабының 4-1-тармағымен айқындалады.
Toggle Dropdown
1-2. Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне қосу үшін осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген тапсырыстар мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес болуы қажет:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің немесе қоғам мүдделерін қорғаудың өзге мүмкіндігінің болмауы;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілерді, аса маңызды инфрақұрылым объектілерін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қоғамдық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қолдану, пайдалану және күтіп-ұстау;
Toggle Dropdown
3) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиісті нарығында бәсекелестіктің болмауы;
Toggle Dropdown
4) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің, зияткерлік меншік объектілерінің ерекшелігі мен бірегейлігі.
Toggle Dropdown
1-3. Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының елу пайызынан аспайтын көлемде беруіне жол беріледі.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың ережесі денсаулық сақтау саласында, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорына қолданылмайды.
Toggle Dropdown
2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу жарғылық капитал ұлғайтылмай жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу тәртібі
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға немесе басқа да мiндеттердi орындауға арналған ұсыныстар мен негiздемелер дайындауды қамтиды.
Toggle Dropdown
4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiммен, бюджеттік бағдарламалардың жобаларымен, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларымен немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен бiрге Кодекстің 41-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуге немесе мемлекеттік тапсырыс нысанында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға ұсыныс ұсынады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларын алу мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және монополияға қарсы органға мемлекеттік қызметтерді көрсетуге немесе мемлекеттік тапсырма нысанында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға ұсыныс көшірмесін, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның жарғысының көшiрмесiн жолдайды. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және монополияға қарсы орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiнен бастапқы енгізілген құжаттар пакетін қайтармай, мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты өзге құжаттарды және (немесе) ақпаратты ресми түрде сұратады.
Toggle Dropdown
5. Ұсыныс осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттiк тапсырма нысанында орындауға жоспарланып отырған мемлекеттiк қызметтер мен бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларымен немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен, бюджеттік өтінімдермен, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік бағдарламаларының жобаларымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларымен бiрге енгiзiледi.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік тапсырма нысанында іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялық жобалар бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлаудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген барлық рәсімдерінен өтеді.
Toggle Dropdown
8. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде және Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және мемлекеттiк тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғаларды көрсете отырып, мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн жоспарланған мерзімге (бұдан әрi – мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi) қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттiк тапсырма нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның атауын;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасын;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен заңды тұлғаның атауын;
Toggle Dropdown
4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығымен бекітілген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодын көрсете отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттiк тапсырманы орындауға қажеттi жоспарланған мерзімге бюджет қаражатының сомасын қамтиды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы қысқа әрi айқын жазылады және мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның мәнiн көрсетеді.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді кейінге қалдырмай шешу қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Кодекстің 41-бабына сәйкес қаржы жылы ішінде Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджетте бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалар шегінде Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне толықтырулар енгізеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін толықтыру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларын есепке ала отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік тапсырманы орындау тәртібі
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық үш жылдық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле (бұдан әрі – шарт) жасау арқылы іске асыру шеңберінде, онда нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
11. Шартта мемлекеттік тапсырманы орындаудың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері, қажет болған кезде сапа мен тиімділік көрсеткіштері, орындау мерзімі, бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы орындау көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілігін қамтиды.
Toggle Dropdown
11-1. Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының елу пайызынан аспайтын көлемде беруіне жол беріледі.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
13. Кодекстің 41-бабы 1-тармағына сәйкес жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі немесе дербес білім беру ұйымы немесе оның мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты ұйымы немесе «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлға) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне оның аясында мемлекеттік тапсырма орындалатын шартта белгіленген мерзімде орындалу барысы туралы және орындалатын мемлекеттік тапсырма бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы есепті ұсынады.
Toggle Dropdown
14. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік тапсырма нысанында мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы ақпаратты көрсете отырып, орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша нәтижелер, мемлекеттік тапсырма нәтижесін іс жүзінде қолдану және оның есепті қаржы жылындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей береді.
Toggle Dropdown
Орындау мерзімі бір қаржы жылынан астам мемлекеттік тапсырмалар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті қаржы жылындағы мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы ақпарат көрсетілген есепті ұсынады.
Toggle Dropdown
Есеп осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-МТ нысан бойынша берiледi.
Toggle Dropdown
1
Мемлекеттік тапсырманы
әзірлеу және орындау
қағидаларына 1-қосымша
Toggle Dropdown
Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған ұсыныс
Toggle Dropdown
№
|
Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы
|
Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы
|
Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
Оның шеңберiнде мемлекеттiк тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы
|
Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жоспарланатын жоспарлы кезеңге бюджет қаражатының сомасы
|
__жыл
|
__жыл
|
__жыл
|
Жалпы сома, мың теңге
|
Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі
|
Жалпы сома, мың теңге
|
Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі
|
Жалпы сома, мың теңге
|
Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі)
|
Сомасы мың теңге
|
%
|
Сомасы мың теңге
|
%
|
Сомасы мың теңге
|
%
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi
|
Мемлекеттік тапсырма оларға қол жеткізуге мақсаттар мен міндеттерді көрсете отырып, мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттiк қызмет көрсету және бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру қажеттілігінің негіздемесі және қисындылығы мен тиімділігін растау
|
Тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері, мемлекеттік тапсырманың орындалу сапасының және тиімділігінің көрсеткіштері
|
15
|
16
|
17
|
Toggle Dropdown
Мемлекеттік
тапсырманы
әзірлеу және орындау
қағидаларына 2-қосымша
Toggle Dropdown
1-МТ нысан
Toggle Dropdown
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша нәтижелер туралы есеп _________________ жылға арналған есепті кезең
Toggle Dropdown
Индекс: 1-МТ нысан
Toggle Dropdown
Мерзімділігі: жылдық
Toggle Dropdown
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі______________________________________________________________
Toggle Dropdown
Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға
Toggle Dropdown
Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі 1 ақпаннан кешіктірмей
Toggle Dropdown
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің интернет-ресурсында орналастырылады
Toggle Dropdown
Өлшем бірлігі: мың теңге
Toggle Dropdown
№
|
Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы
|
Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы
|
Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк тапсырма орындалған республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы
|
Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы
|
Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi
|
Орындалған мемлекеттік тапсырмалардың нәтижелері туралы ақпарат
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Toggle Dropdown
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы _____________________________________________________________________ Мекенжайы _________________________________ Телефон _________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________ Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орындаушысы ___________________________________________ __________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Орталық атқарушы органның аппарат басшысы / мемлекеттiк мекеме басшысы __________ ________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Бюджеттік бағдарлама басшысы _______ __________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Бас бухгалтер/ қаржы-экономика бөлімінің бастығы ________ _____________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме:
Toggle Dropdown
1-бағанда нөмір «№» реті бойынша толтырылады;
Toggle Dropdown
2-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
3-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
4-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
5-бағанда мемлекеттiк тапсырма орындалған республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
6-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
7-бағанда мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi көрсетіледі;
Toggle Dropdown
8-бағанда мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттік қызмет көрсету немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, тиімділігі, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу, мемлекеттік тапсырма нәтижесінің іс жүзінде қолданылуы және оның есепті қаржы жылы ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат көрсетіледі.