Toggle Dropdown
Редакция 11.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 26 бұйрығымен
бекітілген
Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесі
1. Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттардың тізбесі
1. Атмосфералық ауаны ластайтын заттар:
1) Күкірт диоксиді мен күкірттің басқа да қосылыстары;
2) Азот оксиді мен азоттың басқа да қосылыстары;
4) Ұшпалы органикалық қосылыстар;
5) Металдар мен олардың қосылыстары;
6) Тотияйын мен оның қосылыстары;
8) Хлор және оның қосылыстары;
9) Фтор және оның қосылыстары;
10) Шекті көмірсутегілер;
13) Қара көміртегі (күйе);
14) Шаң-тозаң, соның ішінде құрамында асбест бар (өлшемді бөлшектері, талшықтары);
15) Полихлорлы дибензодиоксиндер мен полихлорлы дибензофурандар;
16) Елді мекендердің атмосфералық ауасында шекті рұқсатты шоғырлануының (бұдан әрі – ШРШ) және әсер етудің бағдарлы қауіпсіз деңгейіне (бұдан әрі – ӘБҚД) Қазақстан Республикасының
санитарлық-гигиеналық нормативтері белгіленген қауіптілігі 1 және
2-сыныптағы өзге де ластаушы заттар мен олардың қосылыстары.
2. Суды ластайтын заттар:
1) Галогендердің органикалық қосылыстары және суда осы қосылыстарды құрауы мүмкін заттар;
2) Фосфордың органикалық қосылыстары;
3) Қалайының органикалық қосылыстары;
4) Металдар мен олардың қосылыстары;
5) Көмірсутегілер мен олардың қосылыстары;
7) Тотияйын мен оның қосылыстары;
8) ШРШ немесе ӘБҚД белгіленген пестицидтер (улы химикаттар);
9) Өлшемді заттар мен суспензиялар;
10) Эфтрофизацияға әсер ететін заттар (нитраттар мен фосфаттар);
11) Оттегі теңгеріміне қолайсыз әсер ететін заттар;
12) Мәдени-тұрмыстық, шаруашылық-ауыз су және балық шаруашылығы су пайдалану су объектілеріндегі ШРШ және ӘБҚД Қазақстан Республикасының санитарлық-гигиеналық нормативтері белгіленген қауіптілігі 1 және 2-сыныптағы өзге де ластаушы заттар мен олардың қосылыстары.
2. Эмиссия нормативтері белгіленетін қалдықтар түрлерінің тізбесі және қоршаған ортада ашық түрде орналастырылатын күкірт
1. Коммуналдық қалдықтар.
2. Өнеркәсіптік қалдықтар, соның ішінде.
3. Радиоактивті қалдықтар.
4. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы.