• Мое избранное
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10844 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.07.2019 жылғы № 373 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 16-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Д.Р. Арғындықовқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк
 даму министрiнiң
 2015 жылғы 18 наурыздағы
 № 145 бұйрығымен
 бекітілген
  • 2
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 16-бабының 25) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды.
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистика жүргізу «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
бастапқы құжаттама – өндірісте жазатайым оқиғалар туындаған кезде жұмыс беруші жасайтын құжаттар;
бастапқы статистикалық деректер – статистикалық нысандардан алынған немесе тіркелген деректер;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы деректер банкі – бастапқы құжаттамадан алынатын, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның функцияларын іске асыруға байланысты туындайтын мәліметтер жиынтығы;
жалпымемлекеттік статистикалық байқау – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жүргізетін статистикалық байқау.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібі
5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты жеке және заңды тұлғалар бастапқы құжаттаманың негізінде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға ұсынады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар жүйелейді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) береді.
6. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар өңірлер бойынша ұсынған ақпарат негізінде жиынтық деректерді қалыптастыру және статистика жүргізу мақсатында Министрлік деректер банкін құрады.
7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жарақаттылық және кәсіптік ауру жөнінде бастапқы статистикалық деректерді заңды тұлғалар статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарына береді.
8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистика жүргізу «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.