«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабының 21-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10941 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 07.06.2022 жылғы № 202 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабының 21-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесінің мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі _____________ Е. Досаев 2015 жылғы 27 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығымен бекітілген
Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 21-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестициялық бағдарлама – экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде мұнай өнімдерінің бағасына әсер ететін инвестициялық құрамдастарды қамтитын, жоспарланған техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында белгілі бір кезеңге мұнай өнімдерін өндірушілердің қазіргі өндірістік қуаттарын құруға, жаңғыртуға және жаңартуға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;
2) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.06.2016 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган).
2-тарау. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге дейін мұнай өнімдерін өндіруші тұжырымдаманы әзірлейді.
4. Инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасы мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) оның техникалық бөлігін қоса алғанда, инвестициялық бағдарламаның сипаттамасы;
2) инвестициялық бағдарламаны өткізілуі мақсатының тұжырымы;
3) инвестициялық бағдарламаны іске асырудың алдын ала күнтізбелік жоспарын белгілеу;
4) инвестициялық бағдарламаның қаржы-экономикалық нәтижелерінің құнын алдын ала есептеу және бағалау;
5) инвестициялық бағдарламаның тәуекелін алдын ала бағалау;
6) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеудің, қажетті консультациялық қызметтің (қажет болған жағдайда) құнын есептеу.
5. Инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын уәкілетті органға келіп түсккеннен кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде қарайды.
Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын қарайды және мазмұнына қатысты ескертулер болған жағдайда, инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын пысықтауға күнтізбелік он күн ішінде негізделген ескертулерді көрсете отырып қайтарады.
6. Ұсынылған тұжырымдаманың мазмұнына ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын мақұлдайды.
7. Мақұлданған инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасы күнтізбелік жиырма күн ішінде мұнай өнімдерін өндірушіге оның негізінде инвестициялық бағдарламаны әзірлеу үшін жіберіледі.
8. Инвестициялық бағдарламалар мынадай өлшемдерден тұрады:
1) ең аз қаржы-экономикалық тәуекелдер;
2) төмен нормативтік және (немесе) нормативтен тыс шығындар;
3) жобаның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің оң мәндері – табыстың (кірістіліктің) ішкі нормасы;
4) нарық конъюнктурасына және төлем қабілеті бар сұранымға сәйкес оны барынша пайдалану мақсатында заем ресурстарын қарызға алу мен өтеу схемасын оңтайландырумен, өндірістік шығындарды азайтумен, өндірісті әртараптандырумен қамтамасыз ететін инвестицияларды өтеудің ең аз мерзімдері;
5) өндірілетін мұнай өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру.
9. Инвестициялық бағдарламаның мазмұны осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген.
3-тарау. Инвестициялық бағдарламаларды бекіту тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Әзірленген инвестициялық бағдарламалар уәкілетті органның қарауына және бекітуіне ұсынылады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаларды күнтізбелік отыз күн ішінде қарастырады.
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны бекітеді.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Ескертулер болған жағдайда, уәкілетті орган негізделген ескертулерді көрсете отырып, инвестициялық бағдарламаны күнтізбелік жиырма күн ішінде мұнай өнімдерін өндірушіге пысықтау үшін қайтарады.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16. Мұнай өнімдерін өндіруші инвестициялық бағдарлама жобасының ескертулерін ескере отырып пысықтайды және оны уәкілетті органға қайта қарау үшін жібереді.
17. Уәкілетті органның инвестициялық бағдарламаны қайта қарау мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспайды.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тарау. Инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы есептіліктің ұсынылу тәртібі
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Мұнай өнімдерін өндірушілер инвестициялық бағдарламаны іске асыру кезінде уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей инвестициялық бағдарламаның технологиялық бөлігін іске асыру туралы есептілікті еркін жазбаша түрде береді.
18-тармақ өзгерітлді ҚР Энергетика министрінің 27.06.2016 жылғы № 277 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19. Мұнай өнімдерін өндірушілер уәкілетті органға мынадай мәліметтерді қамтитын мәтіндік есепті:
1) есепті кезеңде іске қосылған технологиялық қондырғылар туралы ақпаратты;
2) инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде өнімдердің сапалық сипаттамасының өзгерістері туралы ақпаратты ұсынады.
20. Уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша сұратады.
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.06.2016 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21. Ұсынылатын құжаттардың әрбір парағына мұнай өнімдерін өндірушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қол қояды, оған растайтын құжат қоса беріледі, ал қаржылық құжаттарға бас бухгалтер қол қояды.
Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидаларына 1-қосымша
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Инвестициялық бағдарламаның мазмұны
Инвестициялық бағдарламаның мазмұны (бұдан әрі - Мазмұны) мынадай құрылымды қамтиды:
1. Мұнай өнімдерін өндірушінің қысқаша сипаттамасынан:
1) заңды тұлғаның атауы;
2) ұйымдық-құқықтық нысан, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;
3) заңды тұлғаның басшысы;
4) заңды тұлғаның мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық почтасы;
5) заңды тұлға қызметінің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы, негізгі өндірістік көрсеткіштері. Соңғы есептік кезеңге мұнай өнімдерін өндірушінің қаржы-шаруашылық қызметі туралы қысқаша есебі;
2. Инвестициялық бағдарламаның қысқаша сипаттамасынан:
1) жобаның атауы;
2) жобаның негізгі мақсаттар;
3) жобаға тікелей қатысушылары;
4) жобаны іске асыру орны (облыс, аудан);
5) қысқаша мазмұны: шығарылуы болжанатын өнім, ықтимал түрлендіру спектрін, мақсаты мен қолдану саласын көрсете отырып, тауардың немесе қызметтердің қысқаша сипаттамасы.
3. Болжанатын жобаның сипаты:
жаңасын құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру немесе кеңейту және жоба бойынша техникалық құжаттаманың болуы (техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама, құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жабдықтарды жеткізуге арналған шарттар мен келісімшарттардың көшірмелері, жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттардың көшірмелері; ғимараттарды, құрылыстарды жалдауға арналған шарттардың көшірмелері және басқа құжаттар).
4. Жоба бойынша іске асыру мен шектеулердің ерекше шарттары:
лицензиялардың (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса), патенттердің, рұқсаттардың болуы, экспорттық және импорттық квоталардың болуы, өткізу нарығы мен шикізат, су-энергиямен жабдықтау, көлік, байланыс бойынша шектеулер мен ұсыныстар, қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндігі, шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігі, технологиялық үдерістердің экологиялық тазалығына қойылатын талаптар.
5. Жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:
1) өз қаражаты;
2) қарыз қаражаты (кредиттер немесе шаруашылық етуші субъектілердің тартылған қаражаты) және/немесе гранты;
3) жобаны іске асыру мерзімдері (инвестицияны жүзеге асыру сәтінен бастап (ай (жыл);
6. Инвестициялық бағдарламаның техникалық бөлімі:
жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы.
7. технологиялық шешімді таңдау негіздемесі:
1) жобаның орналасу орнын және көлемін (ауқымын) таңдау негіздемесі (жеткізушілер мен нарықтар үшін орналасу қолайлылығы);
2) ілеспе инфрақұрылым мен көліктік мүмкіндіктер;
3) қазіргі үй-жайларды пайдалану немесе қайта жаңарту мүмкіндіктері;
4) жоба бойынша тауарларды өндіру (қызметтер көрсету) көлемін анықтайтын факторлар;
5) осы Мазмұнның қосымшасының 1-кестесіне сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы (ұқсастармен салыстыруда тауарларды өндіру, қызметтерді көрсету үшін ұсынылатын техникалық деңгейі мен құны, ақпарат көзіне сілтеме);
6) шикізат ресурстарын пайдалану ұтымдылығының дәрежесі: шикізатты өңдеу дәрежесі;
7) өндірістің рециклдігі (қалдықтарды өңдеу);
8) жергілікті шикізатты пайдалану;
9) осы Мазмұнның қосымшасының 2-кестесіне сәйкес жобаны іске асыру кестесі;
8. Инвестициялық бағдарламаның коммерциялық бөлімі:
1) шикізат пен жабдықтарды жеткізу: шикізат нарығын (отандық және импорттық) талдау;
2) пайдаланылатын шикізат түрлерінің тізбесі;
3) көлік шығыстарын есепке ала отырып, бағалардың қол жетімділігі мен деңгейі.
9. жабдықтарды шығаратын жеткізушілерді таңдау:
1) қажетті жабдықтар тізбесі және оған қойылатын негізгі техникалық талаптар;
2) әлемдік және жергілікті нарықтардағы жабдықтар мен технологиялардың жаңалығы;
3) көлік шығыстарын, монтаждау мен іске қосу-жөндеу жұмыстарын есепке ала отырып жабдықтардың құны;
4) жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда);
5) қосалқы бөлшектермен немесе жұмсалатын материалдармен жабдықтау көздері;
10. маркетинг:
1) осы Мазмұнның қосымшасының 3-кестесіне сәйкес шығарылатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен көлемдерінің тізбесі;
2) қолданыстағы шектеулерді (квота, лицензиялар және басқалар) есепке ала отырып, өткізу нарықтарын болжамдау - (нарық сыйымдылығы);
3) ішкі және сыртқы нарықтардағы әлеуетті төлем қабілеті бар сұраным, қазіргі уақыттағы оны қанағаттандыру дәрежесі;
4) жеткізу қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдердегі қандай елдерге көзделіп отырғанын көрсете отырып өткізу арналары;
5) нарықта ұқсас, өзара ауыстырылатын немесе өзара толықтырылатын тауарлардың, қызметтердің бар-жоғы, оларды өндірудің болашақтағы өсуін бағалау, соңғы бірнеше жылдағы тауарлар импортының және/немесе экспортының серпіні, көлемі мен бағалары, негізгі бәсекелестері және олардың нарықтағы үлес салмағы;
6) ықтимал әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі нәтижесіндегі нарық болжамы;
11. Өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттар:
1) тауарларды жеткізуге арналған келісімшарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
2) тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің бағалары деңгейінің болжамдық бағалауы;
3) коммерциялық тәуекел факторлары және негізгі маркетингтік іс-шаралар;
12. Инвестициялық бағдарламаның ұйымдық бөлімінен (тартылатын ұйымдар):
1) жобаны салушы;
2) жабдықтарды өндірушілер;
3) жабдықтарды жеткізушілер;
4) қаржыландыратын ұйым;
5) делдалдар;
6) жобаны іске асыру барысында оған қатысушылар арасындағы міндеттер мен жауапкершілікті бөлу;
7) ұйымдық құрылым және тауарлар сапасының менеджмент және бақылау жүйелері;
13. Инвестициялық бағдарламаның әлеуметтік бөлімі:
1) еңбек ресурстарындағы жобаның қажеттіліктері (қажетті саны және біліктілігі): қажетті біліктілігі бар кадрлардың болуы;
2) біліктілік көмегін тарту қажеттілігі, оның ішінде импорт;
3) жобаның халықты жұмыспен қамтуға және білім беру деңгейін арттыруға әсері;
14. Инвестициялық бағдарламаның қаржылық бөлімі:
1) инвестицияларды бағалау: толық инвестициялық шығындар (негізгі және айналым капиталына инвестициялар);
2) жобаны қаржыландыру және инвестиция құрылымы (инвестицияның жалпы көлемін бағалау: жобаны іске асыру үшін қаржының жеткіліктілігі, инвестиция құрылымы, қаржыландыру схемасы және шарттары, пайданы пайдалану ықтималы);
3) инвестициялық бағдарламаның іске асырылуының ықпалы мұнай және газ конденсатын өңдеу жөніндегі қызмет бағасына әсері;
4) тәуекелдерді бағалау:
тәуекелдер түрлері,
тәуекел дәрежесі (дисконт ставкасы).
15. Қаржылық талдау және жобаның қаржылық үлгісі:
1) үлгілерді инвестициялық артықшылықтарды ескермей-ақ және тиісті инвестициялық артықшылықтарды ескере отырып есептеу;
2) жобаның әрекет ету цикліндегі таза дисконтталған табысын (NPV);
3) жобаның әрекет ету цикліндегі ішкі кірістілік нормасын (IRR);
4) жобаның өзін-өзі ақтау мерзімін (жай және дисконтталған);
5) жобаның әрекет етуінің әр жылына жай пайда нормасын (рентабельдігін);
6) түрлері бойынша бюджетке төленетін салықтар, кедендік баждар мен төлемдерді;
7) төленетін салықтардың барлық түрлері бойынша бюджеттік тиімділіктің жиынтық есебін.
16. Инвестициялық бағдарламаның экологиялық бөлімі:
жоба технологияларының қоршаған ортаға әсер етуі бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі;
17. Инвестициялық бағдарламаның экономикалық бөлімі:
1) жобаның ел экономикасының қажеттілігіне (даму бағдарламасына, басқа да бағдарламалық құжаттарға) сәйкестігі;
2) халық тұтынатын азық-түлік тауарларын және азық-түліктік емес тауарлардың шығарылуын ұлғайту;
3) импортты алмастыру (қабылданған импорт алмастыру бағдарламаларына сәйкестігі);
4) экспортты ұлғайту;
5) жаңа жұмыс орындарын құру;
6) халықтың білімін және біліктілік деңгейін арттыру;
7) «ноу-хау» озық технологияларды игеру;
8) жобаны іске асырудан мультипликатордың нәтижесі;
9) сапа жүйесінің тиісті халықаралық стандарттарына сәйкес келетін өндірісін ұйымдастыру.
Инвестициялық бағдарламаның Мазмұнына қосымша
форма
1-кесте
Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы
Көрсеткіштердің атауы |
Көрсеткіштердің мәні |
|
Ұсынылатын үлгі |
Аналогтар |
|
1. |
|
|
2. |
|
|
2-кесте
Жобаны іске асыру кестесі
Іс-шаралардың атауы |
Іс-шараның іске асырылу кезеңі _____ жыл |
Іс-шараның жоспарланған параметрлері (көрсеткіштері) |
||||||||
|
І тоқ. |
ІІ тоқ. |
ІІІ тоқ. |
ІV тоқ. |
Өлшем бірл. |
Техникалық параметрлері |
Өлшем бірл. |
Инвестициялар сомасы |
Өлшем бірл. |
Инвест. көзі |
1. |
|
|
|
|
|
|
|
|||
2. |
|
|
|
|
|
|
|
3-кесте
Шығарылатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен көлемдерінің тізбесі
Тауарлардың атауы |
Өндіріс көлемі құндық мәнде (мың теңге) |
Өндіріс көлемі заттай мәнде |
Өнім белгісі |
Ескертпе |
|
Қолданыстағы |
Жаңа |
||||
1. |
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидаларына 2-қосымша
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
форма
Инвестициялық бағдарламасының өткізілуі туралы есеп ____________________________________________________ (мұнай өнімдерін өндірушінің атауы)
инвестициялық бағдарламаның атауы _________________________________________________________ (қолданылу мерзімін көрсете отырып)
Кім бекітті _________________________________________________________
(бұйрықтың күні, нөмірі)
р/с |
Іс-шараның атауы |
Іс-шараның іске асырылу мерзімі |
Бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараның, объектінің жоспарланған параметрлері (көрсеткіштері) |
||||||||
|
|
I тоқсан |
II тоқсан |
III тоқсан |
IV тоқсан |
Өлшем бірлігі |
Техникалық параметрлер |
Өлшем бірлігі |
Инвестициялар сомасы |
Өлшем бірлігі |
Инвестициялар көзі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараның, объектінің орындалуы, нақты параметрлері (көрсеткіштері) (өсімі бойынша қорытындысымен) |
Ауытқуы |
Ауытқу себебі |
|||||
Өлшем бірлігі |
Техникалық параметрлер |
Өлшем бірлігі |
Инвестициялар сомасы |
Өлшем бірлігі |
Инвестициялар көзі |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |