Toggle Dropdown
1
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11029 тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» 27-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ережесінің 20-тармағының 3)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысы А.А. Шайымоваға жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Төраға Қ. Қожамжаров
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 90 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығынның іске асыру үшін әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Қызметшілерді бағалау мыналардан құралады:
Toggle Dropdown
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
Toggle Dropdown
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
Toggle Dropdown
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою, ілгерілету және тағылымдамадан өткізу бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Toggle Dropdown
6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
Toggle Dropdown
7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
Toggle Dropdown
8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
Toggle Dropdown
9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
Toggle Dropdown
10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы болып:
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (бұдан әрі - Агенттік) – Агенттіктің аппарат басшысы;
Toggle Dropdown
Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінде – «А» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері болып табылатын Агенттіктің аумақтық департаменттері басшыларының орынбасары.
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органның персоналмен жұмыс жасау бөлімшесінің (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) қызметшісі болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
Егер Комиссия құрамына бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 2)-тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
Toggle Dropdown
2. Бағалау жүргізуге дайындық
Toggle Dropdown
11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
Toggle Dropdown
Персоналды басқару қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парақтарын жібереді.
Toggle Dropdown
3. Тікелей басшының бағалауы
Toggle Dropdown
12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні онымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жібереді.
Toggle Dropdown
Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметшісі және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
Toggle Dropdown
4. Айналмалы бағалау
Toggle Dropdown
13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
Toggle Dropdown
Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
Toggle Dropdown
14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
Toggle Dropdown
15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орташа арифметикалық бағасын есептейді.
Toggle Dropdown
17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5. Қызметшінің қорытынды бағасы
Toggle Dropdown
18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
Toggle Dropdown
а = b + с
Toggle Dropdown
а - қызметшінің қорытынды бағасы,
Toggle Dropdown
b - тікелей басшының бағасы,
Toggle Dropdown
с - осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орташа арифметикалық бағасы.
Toggle Dropdown
19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
Toggle Dropdown
21 балдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»,
Toggle Dropdown
21-ден 33 балға дейін - «қанағаттанарлық»,
Toggle Dropdown
33 баллдан жоғары - «тиімді».
Toggle Dropdown
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
Toggle Dropdown
20. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
Toggle Dropdown
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
Toggle Dropdown
3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
Toggle Dropdown
4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
Toggle Dropdown
21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
Toggle Dropdown
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
Toggle Dropdown
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
Toggle Dropdown
1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
Toggle Dropdown
2) персоналды басқару қызметімен қызметшінің бағалау нәтижесін санау кезінде қате жіберілсе.
Toggle Dropdown
Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Toggle Dropdown
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қызметшінің танысудан бас тартуы оның қызметтік тізіміне бағалау нәтижелерін енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметшісі танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
Toggle Dropdown
23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
Toggle Dropdown
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
Toggle Dropdown
24. Агенттіктің аумақтық департаменттің Комиссия шешімі ол шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Агенттікке жолдану арқылы қызметшімен шағымдана алады.
Toggle Dropdown
25. Агенттік қызметшінің шағымы түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және осы Әдістеме бұзулуы анықталған жағдайда, Агенттіктің аумақтық департаментіне Комиссия шешімінің күшін жоюды тапсырады.
Toggle Dropdown
26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Агенттіктің аумақтық департаменті екі апта ішінде Агенттікке жібереді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл органдарының
«Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалаудың
әдістемесіне 1-қосымша
Toggle Dropdown
Тікелей басшысының бағалау парағы
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): _______________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________
Toggle Dropdown
|
№
р/н
|
Өлшем
|
Көрсеткіштің мәні
|
Баға
(балл)
|
|
1.
|
Бастамашылығы
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
|
2.
|
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
|
2-ден 8-ге дейін
|
|
|
3.
|
Әрекеттестікке икемділігі
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
|
4.
|
Қызметтік этиканы сақтауы
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)
|
|
|
|
Таныстым:
Қызметші
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) ______
күні______________________________
қолы______________________________
|
Тікелей басшы
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)_____
күні_____________________________
қолы_____________________________
|
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл органдарының
«Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалаудың
әдістемесіне 2-қосымша
Toggle Dropdown
Айналмалы бағалау парағы
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________
Toggle Dropdown
|
№
р/н
|
Өлшем
|
Көрсеткіштің мәні
|
Баға
(балл)
|
|
Бағынышты адам
|
|
1.
|
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
|
2.
|
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
|
2-ден 8-ге дейін
|
|
|
3.
|
Қызметтік этиканы сақтауы
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)
|
|
|
|
Әріптесі
|
|
1.
|
Топта жұмыс істей алу қабылеті
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
|
2.
|
Қызметтік этиканы сақтауы
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
|
3.
|
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)
|
|
|
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл органдарының
«Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалаудың
әдістемесіне 3-қосымша
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
мемлекеттік органның атауы)
Toggle Dropdown
|
№
р/р
|
Қызметшінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)
|
Тікелей басшының бағасы
|
Айналмалы баға
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Комиссия қорытындысы:
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Тексерген:
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы: __________________________________ Күні:_____
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы:__________________________________ Күні:_____
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Toggle Dropdown
Комиссия мүшесі: __________________________________ Күні:_____
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)