Toggle Dropdown
6
Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10322 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 07.02.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Салық және кеден саясаты департаменті:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялануын;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министрдің міндеттерін атқарушы М. Құсайынов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндеттерін
атқарушының
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 34 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 65-бабына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кірістерді болжау кезінде елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (бұдан әрі – ӘЭДБ) макроэкономикалық көрсеткіштері номиналды мәнде пайдаланылады.
Toggle Dropdown
Болжанатын кірістер түсімдерінің есептерінде салық есептілігінің көрсеткіштері (салықтардың есептелуі, түсімі, салықтар мен алымдар бойынша берешек, салық базасы туралы), мемлекеттік статистика деректері, мемлекеттік органдардың материалдары пайдаланылады.
Toggle Dropdown
4. Жоспарлы кезеңге арналған бюджетке түсетін түсімдерді болжау кезінде Салық кодексіне және Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер ескеріледі.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжау оңтайлы болжамды көрсеткіштерді айқындау мақсатында бірнеше есептеу әдістерімен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің болжамдарын айқындау кезінде ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау негізге алынады.
Toggle Dropdown
7. Жоспарлы кезеңге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің салықтық әлеуетін бағалауды айқындау кезінде ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеует негізге алынады.
Toggle Dropdown
8. Түсімдер бағалауын (салықтық әлеуетті) есептеу әдістері салықтық түсімдерді болжау кезінде есептеудің негізі болып алынатын базаға байланысты әртүрлі болады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді болжау
Toggle Dropdown
1-параграф. Салықтық түсімдер
Toggle Dropdown
9. Болжау кезінде есептеулер негізіне іс жүзіндегі базамен байланысы бар немесе оның шамасын айқындайтын, салықтық база немесе макроэкономикалық көрсеткіштер қабылданатын, салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалаудың есебі мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) тиісті салықтық базаға салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы тікелей есеп мынадай формула бойынша:
Toggle Dropdown
Pбағ. = NB * S, мұндағы:
Toggle Dropdown
Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша кірістер түсімдерін бағалау;
Toggle Dropdown
NB – салықтық база;
Toggle Dropdown
S – Салық кодексінде белгіленген мөлшерлеме;
Toggle Dropdown
2) макроэкономикалық көрсеткіштер мен тиімді мөлшерлемеге сүйене отырып, мына формула бойынша:
Toggle Dropdown
Pбағ. = MP * Sесеп
Toggle Dropdown
Sесеп = Pесеп /МРесеп * 100%, мұндағы:
Toggle Dropdown
Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша кірістер түсімдерін бағалау;
Toggle Dropdown
MP – ағымдағы қаржылық жылын бағалау бойынша макроэкономикалык көрсеткіштердің параметрлері;
Toggle Dropdown
Sесеп – есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %;
Toggle Dropdown
Ресеп – есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері;
Toggle Dropdown
MPесеп – есепті қаржылық жылдағы макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлері;
Toggle Dropdown
3) есепті қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша, мына формула бойынша:
Toggle Dropdown
Pбағ. = Pіс.ж(ағым.) /Uесеп
Toggle Dropdown
Uесеп = Pф(есеп) /Pесеп *100, мұндағы:
Toggle Dropdown
Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;
Toggle Dropdown
Pф(ағ.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;
Toggle Dropdown
Uесеп – есепті қаржылық жылдағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %;
Toggle Dropdown
Pф(есеп) – есепті қаржылық жылдың ұқсас кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдер;
Toggle Dropdown
Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер;
Toggle Dropdown
4) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша, мына формула бойынша:
Toggle Dropdown
Pбағ. = Pф(ағ.) /Kф( ағ.) * 12, мұндағы:
Toggle Dropdown
Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау;
Toggle Dropdown
Pф(ағ.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер;