• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023 г

Отправить по почте

9

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 мамырда № 11110 тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.06.2023 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.03.2017 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 6-баптарына, «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21.08.2019 жылғы № 443 Бұйрығына сәйкес (13.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.09.2022 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес (16.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік базалық жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде     мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы бұйрықпен бекітілетін Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағының бесінші бөлігін қоспағанда, оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________________Ә. Исекешев
2015 жылғы 24 сәуір
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 223 бұйрығымен
бекітілген
4
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.01.2016 жылғы № 11 Бұйрығымен (14.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 жылғы № 579 Бұйрығымен (12.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.03.2017 жылғы № 55 Бұйрығымен (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2017 жылғы № 278 Бұйрығымен (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығымен (26.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2018 жылғы № 800 Бұйрығымен (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.07.2018 ж. бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.03.2019 жылғы № 122 Бұйрығымен (29.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21.08.2019 жылғы № 443 Бұйрығымен (13.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.05.2020 жылғы № 163 Бұйрығына сәйкес (21.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) «мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 6-баптарына сәйкес әзірленді. Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі- Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Заң), «Қазақстан Республикасында жұмыс істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптары жер асты және ашық тау-кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі- Заң) 7-бабы, «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасымен бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін ұсыну, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.09.2022 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес (16.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.11.2021 жылғы № 424 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) «бір өтініш» қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері – зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;
4) жасына байланысты зейнетақы төлемдері – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне барабар жүзеге асырылатын ақшалай төлем;
5) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары;
7) зейнетақылар мен жәрдемақылар алушы (бұдан әрі – алушы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдері және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері және (немесе) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындалған жеке тұлға;
8) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жұмыс өтілі болған адамдарға берілетін ақшалай төлем;
9) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, мүгедектік туындаған, асыраушысынан айырылған кезде азаматтарға берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;
10) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (бұдан әрі – базалық зейнетақы) – Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
11) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
12) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары;
13) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) – уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
14) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасы саласында белгіленген жағдайларда төлем түрлерін жүзеге асыруға арналған орталық атқарушы органның орталықтандырылған дерекқоры;
15) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
16) өтініш беруші – базалық зейнетақы және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін және (немесе) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындауға жүгінетін жеке тұлға;
17) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
18) цифрлық құжаттардың сервисі – операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтерді алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;
19) электрондық іс макеті (бұдан әрі –ЭІМ) – Мемлекеттік корпорацияда Е-макет автоматтандырылған ақпаратық жүйеде қалыптастыратын жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушының электрондық іс макеті;
20) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
21) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
2-тарау. Зейнетақыларды және жәрдемақыларды Мемлекеттік корпорация, МӘС бөлімшесі арқылы тағайындауға жүгіну тәртібі
3. Базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі – зейнетақылар), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақылар) алуға құқығы бар адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжатты мыналар арқылы ұсынады:
3-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 жылғы № 78 Бұйрығымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 жылғы № 94 Бұйрығымен (16.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.11.2021 жылғы № 424 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.09.2022 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес (16.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Мемлекеттік корпорация арқылы – зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау үшін.
Бұл ретте, «бір өтініш» қағидаты бойынша өтініш берушінің таңдауы бойынша мыналар:
Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы мен зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін;
белгіленген тәртіппен мүгедектігі бар адам деп танылған адамдар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беруі мүмкін;
2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы – мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін «бір өтініш» қағидаты бойынша беріледі;
3) портал арқылы – базалық зейнетақы, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау үшін;
4) проактивті қызмет арқылы – мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау кезінде проактивті қызмет арқылы өтініш беру талап етілмейді. Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету тәртібі осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген.
Қандас мәртебесі бар адамдар зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға жүгінгенде сәйкестендіру үшін қандас куәлігі ұсынылады.
Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті олардың заңды өкілдері береді.
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.