Toggle Dropdown
2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11096 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 14 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 61 Бұйрығына сәйкес
2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет Министрі Б.Имашев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрі ____________ Ә. Исекешев 2015 жылғы «___»_________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________Е. Досаев 2015 жылғы 5 мамыр