• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 10.06.2025 г

Отправить по почте

Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19/1-274 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11131 тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 04.06.2025 жылғы № 109-НҚ Бұйрығына сәйкес 
Редакция 15.02.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-8) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 30.01.2025 жылғы № 21-НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Судың бастапқы есебінің қағидалары бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 21 сәуір

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________ В. Школьник
2015 жылғы 8 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздығы
№ 19/1-274 бұйрығымен
бекітілген
Қағидалардың жоғары оң жақтағы бұрышындағы сөздер жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.04.2016 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Судың бастапқы есебінің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (11.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Судың бастапқы есебінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес әзірленді және судың бастапқы есебінің тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 30.01.2025 жылғы № 21-НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.04.2017 жылғы № 161 Бұйрығына сәйкес (28.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) судың бастапқы есебі (бұдан әрі – СБЕ) – арнайы су пайдалануға рұқсаты бар су пайдаланушылар жүзеге асыратын жер үсті және жер асты суларын алу және (немесе) оларды тастау (су шаруашылығы теңгерімінің шығыс және кіріс бөлігінде) көлемдерін өлшеу, өңдеу және тіркеу;
2) су тарту құрылысы – су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі – объектілердің, жұмысқа қатысушылардың және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құжаттардың тіркелуін есепке алу құжаты.
2-тарау. Суды бастапқы есепке алу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (11.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Бастапқы су пайдаланушылар СБЕ жүргізу үшін:
1) көмегімен су алу немесе ағызу жүзеге асырылатын суды өлшеу, жинау және ағызу орындарының нөмірін көрсете отырып, су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғылардың, сондай-ақ осындай суларды қосалқы су пайдаланушыларға беруді есепке алу тораптарының орналасу схемасы жасалады;
2) СБЕ журналдарын жүргізеді.
4. Су шығыстарын өлшеу су тарту құрылыстарында және сарқынды суларды шығару орындарында:
1) жер үсті және жер асты суларын алуды жүзеге асыратын құрылыстар үшін кезеңділігі он күнтізбелік күнде бір реттен сирек емес;
2) тіреуіш құрылыстар, су тораптары, каналдар (магистральдық, шаруашылықаралық, шаруашылықішілік) үшін кезеңділігі күніне бір реттен сирек емес;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (11.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) сарқынды суларды ағызуды жүзеге асыратын құрылыстар үшін кезеңділігі он күнтізбелік күнде бір реттен сирек емес жүргізіледі.
5. Ашық арынсыз каналдарда су шығыстарын өлшеу үшін стандартты суағызғылар және науалар, сондай-ақ бірыңғай өлшемдерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары мен құрылғылары қолданылады.
6. Стандартты су ағызғылар мен науалар орнатылған орындарда су шығыстары су шаруашылығы құрылыстарының типіне байланысты мына тәсілдермен:
1) деңгей өлшеуіш мөлшер қаданың және шығыстар кестесінің көрсеткіштері бойынша;
2) анықтап тексерілген су тартуды реттегіш және (немесе) ағызу құрылыстарының кестесі бойынша анықталады.
7. СБЕ нәтижелері:
1) жер үсті және жер асты суларын алуды жүзеге асыратын құрылыстар үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су тұтынуды (су бұруды) су өлшеу аспаптарымен есепке алу журналында;
2) тіреуіш құрылыстар, су тораптары, каналдар (магистралды, шаруашылықаралық, шаруашылықішілік) үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су тұтынуды (су бұруды) су өлшеу құрылғылармен есепке алу журналында;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 30.01.2025 жылғы № 21-НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. СБЕ жүргізуге арналған журнал тігілуі, нөмірленуі, сондай-ақ, бірінші басшының немесе оны алмастырушы адамның қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) расталуы тиіс. Журналда өлшеуді жүргізуді бастаған күн көрсетіледі.
9. СБЕ нәтижесінде алынған мәліметтер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электронды (Excel форматында) тасымалдағыштарда су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі бассейндік инспекцияларына ұсынылады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 30.01.2025 жылғы № 21-НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Өлшем құралдары «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеріледі.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 30.01.2025 жылғы № 21-НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Су тарту (ағызу) құрылысының өлшеу құралы істен шыққан жағдайда су есебі соңғы көрсеткішті жазған сәттен бастап ақаусыз өлшеу құралы орнатылған күнге дейін соңғы күнтізбелік он күнге арналған орташа тәуліктік шығыстар бойынша жүргізіледі.
Судың бастапқы есебінің
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Су тұтынуды (су бұруды) су өлшеу аспаптарымен есепке алу журналы

Су шығысын өлшеу күні

Су шығысын өлшегіштің (аспаптың) көрсеткіштері

Су шығысын өлшегіштің жұмыс уақыты, тәулік

Аспапты түзетудің немесе анықтап тексерудің коэффициенті

Су алудың көлемі, текше метр/тәулік, (4 баған х 6 баған)

Есепке алуды жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қолы

алдыңғы

өлшеу сәтіндегі

көрсеткіштер айырмасы (3 баған - 2 баған)

1

2

3

4

5

6

7

8

9




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 

Есепті айдағы жиыны




 




 




 




 




 




 




 




 

Жыл басынан бері өспелі жиыны




 




 




 




 




 




 




 




 

Су пайдалануға жауапты адам тексерді:
___________________________________________ 20___жылғы «___»_________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, қолы           мөр орны
Судың бастапқы есебінің
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Су тұтынуды (су бұруды) су өлшеу құрылғылармен есепке алу журналы

Су шығысын өлшеу күні

Q=f(H) қисығы бойынша су бекеті диограммасының көрсеткіші (текше метр/секунд)

Бекет арнасын анықтап тексеру коэффициенті

Бекеттің тәуліктегі жұмысының сағат саны, (сағат)

Су алудың көлемі, текше метр/тәулік,(2 баған х 3 баған х 3600 секунд)

Есепке алуды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қолы

1

2

3

4

5

6

7




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 

Есепті айдағы жиыны




 




 




 




 




 




 

Жыл басынан бері өспелі жиыны




 




 




 




 




 




 

Су пайдалануға жауапты адам тексерді:
___________________________________________ 20___жылғы «___»_________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, қолы           мөр орны
Судың бастапқы есебінің
қағидаларына 3-қосымша
3-қосымша алынып тасталды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 30.01.2025 жылғы № 21-НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Судың бастапқы есебінің
қағидаларына
4-қосымша
4-қосымшаның кестесінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермеді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.04.2016 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 30.01.2025 жылғы № 21-НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалануды бассейндік инспекцияларға.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz 
Әкімшілік нысанның атауы: «Судың бастапқы есебін жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер».
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі) : СБЕ-1.
Кезеңділігі: тоқсандық.
 Есепті кезең: 20__  жылдың тоқсанында__ .
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Заңды және жеке тұлғалар бастапқы су пайдаланушылар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін.

ЖСН/БСН

Жинау әдісі - қағаз немесе электронды түрде.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан «Судың бастапқы есебін жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер»

Су объектісінің атауы (су шаруашылығы құрылысының немесе жер бедерінің)

ӘАОЖ (Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші) бойынша орналасқан жерінің коды

Су тартқыштың (су ағызғыштың) координаттары

Су тартқыштың (су ағызғыштың)

Су алудың (су ағызудың) белгіленген көлемі, мың текше метр

Есепті тоқсандағы су алудың (су ағызудың) нақты көлемі, мың текше метр

енділігіне

нөмірі ұзақтығына

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд

тоқсанына барлығы


 


 


 


 


 


 

Арнайы су пайдалануға рұқсатта

Ағымдағы жылдың белгіленген лимитіне сәйкес

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

кестенің жалғасы 

Есепті тоқсандағы су алудың (су ағызудың) нақты көлемі, мың текше метр

Қосалқы су пайдаланушыларға су беруді есептеу торабының нөмірі

Қосылқы су пайдаланушыларға берілді, мың текше метр

Судың жоғалуы, мың текше метр

нормативтік

нормативтен тыс

оның ішінде

тоқсанына барлығы

оның ішінде

1 ай

2 ай

3 ай

1 ай

2 ай

3 ай

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

Су пайдаланушының атауы______

Мекен-жайы_________________

___________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)

____________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше,

үйдің №, телефон, факс)

           _________________________________________________
           Су ресурстарын алуға (алуға) құқық берілген құжаттың  
 деректемелері______________________________________________________
           Суды есепке алу аспабының маркасы________________________  
           Суды есепке алу аспаптарын соңғы тексеру күні _____
           Телефондар _____________________________________________
           Электрондық пошта мекенжайы____________________________
           Орындаушы __________________________қолы _______ __
                                  тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
           Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________қолы ___
                                                              тегі, аты, әкесінің аты (болған  
жағдайда)
           Мөрдің орны (болған жағдайда) (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып
           табылатын адамдарды қоспағанда)
           Жасалған күні "___" __________________ 20___ года.
Ескертпе: осы нысан осы нысандағы қосымшаға «Судың бастапқы есебін жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер». Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
«Судың бастапқы есебін
жүргізу нәтижесінде
алынған мәліметтер»
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме «Судың бастапқы есебін жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер» (СБЕ-1, тоқсандық)
1. 1-бағанда су объектісінің (су шаруашылығы құрылысының немесе жергілікті жер бедерінің) атауы көрсетіледі.
2. 2-бағанда әкімшілік-аумақтық объект жіктеуішінің атауы көрсетіледі.
3. 3-тен 8-ге дейінгі бағандарда бойлығы мен ендігі бар су алу координаттары көрсетіледі: оның ішінде градуспен, минутпен және секундпен.
4. 9-бағанда су алу нөмірі көрсетіледі.
5. 10-нан 11-ге дейінгі бағандарда мың текше метр қоршаудың белгіленген көлемі көрсетіледі, оның ішінде: арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта, сондай-ақ ағымдағы жылдың белгіленген лимитіне сәйкес.
6. 12-бағанда есепті тоқсандағы қоршаудың нақты көлемі мың текше метр, тоқсандағы жалпы саны көрсетіледі.
7. 13-тен 15-ке дейінгі бағандарда сомалар есепті тоқсандағы қоршаудың нақты көлемі, мың текше метр, оның ішінде 1, 2 және 3 ай үшін.
8. 16-бағанда қайталама су пайдаланушыларға су беруді есепке алу торабының нөмірі көрсетіледі.
9. 17-ден 20-ға дейінгі бағандарда қайталама су пайдаланушыларға берілген сомалар мың текше метр, барлығы тоқсан үшін, оның ішінде 1, 2 және 3 ай үшін.
10. 21-ден 22-ге дейінгі бағанда мың текше метр шығын сомасы көрсетіледі, оның ішінде: нормативтік және нормативтен тыс.