«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 8-тармағының сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10888 тіркелді
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 8-тармағының сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 316 бұйрығымен бекітілген
Автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, шаруашылық автомобиль жолдарын, елдi мекендердің көшелерiн мемлекеттік есепке алу тәртiбiн белгiлейдi (бұдан әрi - автомобиль жолдары).
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алу - автомобиль жолдары саласындағы уәкiлеттi органның (бұдан әрi - жол органы) автомобиль жолдарын паспорттау негiзiнде деректер банкiн құру;
2) автомобиль жолдарының паспорты - жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзу нәтижесінде алынған автомобиль жолдарының техникалық және пайдалану сипаттамасы туралы деректерiн қамтыған техникалық құжат;
3) жолдарды техникалық есепке алу - автомобиль жолдарының паспортын жасау үшiн автомобиль жолдарына техникалық және пайдалану сипаттамасы туралы деректер жинағы.
2. Мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу тәртiбi
4. Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу мақсатында жол органы жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзедi, деректер банкiнiң құрылуы негiзiнде автомобиль жолдарының паспорты қалыптасады.
5. Жолдарды техникалық есепке алу мынадай жұмыс кезеңдерін көздейдi:
1) дайындық;
2) далалық;
3) камералдық.
5. Дайындық жұмыстары кезiнде жол органдары бағдарлама жасайды, онда жұмыстардың көлемi, еңбек және көлiк шығындары, жұмыстардың орындалу мерзiмi анықталады.
6. Дала жұмыстары кезiнде жолға (объектiге) қатысты жолдың сипаттамасы және параметрi туралы деректер жинау орындалады.
7. Камералдық жұмыстар кезінде дала жұмыстарын өңдеу және техникалық құжаттарға жол органы белгiлейтiн сипаттамасы мен параметрi туралы деректер енгiзудi жүргізедi.
8. Мемлекеттiк есепке алу республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүргiзiледi.
9. Техникалық есепке алуды және паспорттауды жүргiзуге жол органы жасайтын мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген шарттар бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру және басқа да мамандандырылған ұйымдар тартылады.
10. Жаңадан салынған, қайта жаңғыртылған және пайдалануға берiлген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн техникалық есепке алу дала жұмыстарын орындаусыз қолдағы жобалық немесе орындаушылық құжаттама негізінде жүргiзуге жiберiледi.
11. Жаңадан салынған, қайта жаңартылған және пайдалануға берiлген автомобиль жолдарын техникалық есепке алу мемлекеттік қабылдау комиссиясының актiлерi бекітiлгеннен кейiн алты айдан кешiктiрілмей жүргiзiледi.
12. Жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзу нәтижесінде алынған автомобиль жолдарының техникалық және пaйдалану сипаттамасы туралы деректер негiзiнде автомобиль жолдарының паспорты қалыптасады.
13. Автомобиль жолдарының паспортына, және деректер банкiне, жыл сайын 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша өзгерiстер енгiзiледi.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |