• Мое избранное
"Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 25.01.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11101 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 25 қаңтардан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2018 жылғы № 961 Бұйрығына сәйкес
Редакция 02.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тiркеудi;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға оның көшірмелерін жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
ҚР Ішкі істер министрі  полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы «___»________________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің 
міндетін атқарушы
____________________М. Құсайынов
2015 жылғы «____»________________
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2015 жылғы 14 сәуірдегі
 № 344 бұйрығымен
 бекітілген
«Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Қаржы министрінің м.а 23.07.2015 жылғы № 618 Бұйрығымен (14.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 19.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1. Жалпы ережелер
1. «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)  көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.01.2018 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамында жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.01.2018 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап  – 5 жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан бір күн бұрын береді;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздік комитеті 3 жұмыс күні ішінде қолдаухатты келісуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы ҰҚК органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген 5 жұмыс күн мерзімі  күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады.
Көрсетілетін қызметті беруші 5 жұмыс күні ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді ұзартудың себебтері мен мерзімін көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияға әрі қарай көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру үшін жазбаша хабарлама жолдайды.
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ  уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыру нысаны бойынша не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.01.2018 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) арқылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 538-бабына сәйкес мемлекеттiк баж төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінен 50 пайызды құрайды.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.01.2018 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорация – белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден  сенбіні  қоса  алғанда  түскі  үзіліссіз  сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін;
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша «электронды кезек» тәртібінде жүзеге асырылады, портал арқылы электронды кезекті брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жеке өзі өтініш жасаған кездегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтi алу үшiн қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.01.2018 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы шетелдікті Қазақстан Республикасына шақыру туралы сауалнама-өтiнiш;
3) мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбiртек.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, көрсетілетін қызметті алушының хабарлама бергені үшін бюджетке мемлекеттік баж сомасын төлегенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен сақталатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өтіп кеткеннен кейін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
10. Мыналар:
1) ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүддесі үшін;
2) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
4) егер ол ұлтаралық және дiни араздықты тудырса;
5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
6) егер ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болса, сондай-ақ оның әрекеттерінде сот қауіпті түрде қайталанған қылмыс бар деп таныған жағдайда;
7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылған жазаны өтемеген болса;
8) егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпеген болса;
9) егер ол келу туралы өтiнiш хат жолдаған кезде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
10) онда Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде тыйым салынады.
Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген көшіп келушілерге шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
Қабылдаушы тұлғалардың көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 4-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
 қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының,
 Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің
 шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның не Министрліктің лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы 1, мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына телефон: 8 (7172) 71-40-33, 71-40-03 беріледі.
Шағым жазбаша түрде пошта не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды. 
Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. 
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма қол беріледі. 
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жолданады. 
Мемлекеттік корпорацияға қолма қол және пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады). 
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады. 
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш білдіргені туралы ақпарат қолжетімді, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 
12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген
 өзге де талаптар
13. Өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше қозғалу, бағдар алу қабілетін немесе мүмкіндігін толық не ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушының  бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы  жүгінуі арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып жүргізеді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.01.2018 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 
1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Министрлік туралы» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналасқан.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Жеке істері бойынша
 Қазақстан Республикасына
 кіруіне шақыруларды ресімдеу»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.01.2018 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
нысан
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясына  
               ___________________________
               (аумақтық бөлімшесінің  
               ___________________________
             атауы)
     «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы
  ХАБАРЛАМА
Көрсетілетін қызметті алушыға хабарлау үшін
 ____________________________________________________________________         (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Шақыруларды ресімдеудің негіздерін зерделеу үшін, келісілетің құзыретті
мемлекеттік органнан келіп түскен сұрау салуға байланысты көрсетілетін
 мемлекеттік қызметтің мерзімі 20___ жылғы «___»____ бастап  
 20___ жылғы «___»____ дейін ұзартылады. Келісу нәтижесі туралы
қосымша хабарланатын болады.
 ____________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті беруші-лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты  (болған жағдайда) және қолы)
                 М.О.
 Орындаушы:_________________________________________________________   (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
 Телефон__________________
 20__ жылғы «___» __________________
 Алдым: _____________________________________________________________      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты        (болған жағдайда) / қолы)
 20__ жылғы «___» __________________
«Жеке істері бойынша
 Қазақстан Республикасына
 кіруіне шақыруларды ресімдеу»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.01.2018 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
нысан
ЖЕКЕ ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА КІРУІНЕ ШАҚЫРУ
 ПРИГЛАШЕНИЕ НА ВЪЕЗД В РЕСПУБЛИКУ КАЗАХСТАН ПО ЧАСТНЫМ ДЕЛАМ
INVITATION FOR VISIT TO THE REPUBLIC OF KAZAKSTAN FOR PRIVATE CASE
Шақырушы адам/Приглашающий/Inviting person:
 Teгi, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/Фамилия, имя, отчество
 (при его наличии)/Name: _____________________________________________
 Туған жылы/Дата рождения/Date of birth: _____________________________
 Азаматтығы/Гражданство/Nationaliti: _________________________________
 Мекенжайы/Адрес/Address: ____________________________________________
 Шақырылатын адам(дар)/Приглашаемый (е)/Invited person: ______________
 Тегі, аты/Фамилия, имя/Nаmе: ________________________________________
 Туған жылы/Дата рождения/Date of birth: _____________________________
 Туыстық дәрежесі/Степень родства/Degree of relation: ________________
 Азаматтығы/Гражданство/Nationaliti: _________________________________
 Мекенжайы/Адрес/Address: ____________________________________________
 Сапардың мақсаты/Цель поездки/Purpose of visit: _____________________
 Сапардың мepзiмi/Cpoк поездки/Period of visit: ______________________

Шақыру фактісін

растайтын орган:

Лауазымды адамның қолы:

Шақыратын адамның қолы:

Орган, подтверждающий факт приглашения:

Подпись должностного лица:

Подпись приглашающего:

The invation is endorsed by:

М.О. 20__ жылғы «___» ____

Signature of the official:

Signature of the inviting person:

 ____________________________________________________________________             (шақыруды ресiмдеген органға қайтарылуға тиiс)
ШАҚЫРУҒА БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
 Бастыққа ____________________________________________________________                (шақырылғандардың азаматтығы, тегi аты)
 Қазақстан Республикасына ____ күнге келуге рұқсат берiлгенiн
хабарлайды.
 Келу мақсаты ________________________________________________________
 Тұратын мекенжайы: __________________________________________________
Қазақстан Республикасына келуiн, Қазақстан Республикасында болудың белгiленген
қағидаларын сақтауын және уақтылы шығуын бақылауды қамтамасыз ету қажет.
 М.О. Бастық _________________________________________________________     (шақыруды ресiмдеген органның атауы)
Жеке iстер бойынша шақыру үлгiсiнiң сыртқы бетi
ШАҚЫРУ ШАРТТАРЫ: Шақырушы жақ туысқанының, танысының Қазақстан Республикасында болған мерзімінде: тұруы, тамақтануы, медициналық шығыстары, келетін адамның көші-қон полициясы органдарында күнтізбелік 5 күн iшiнде тіркелуі, Қазақстан Республикасынан уақтылы кeтуi жөніндегі міндеттемелерді өзіне алады. Қазақстан Республикасында болу  уақытында шақырылған адамға еңбек және коммерциялық қызметпен айналысуға, Қазақстан Республикасының оқу орындарына түсуге тыйым салынады. Шақыру берілген күннен бастап 1 жылға жарамды.
УСЛОВИЯ ПРИГЛАШЕНИЯ: Приглашающая сторона берет на себя обязательства по пребыванию родственника, знакомого в Республике Казахстан: проживание, питание, медицинские расходы, регистрация въезжающего в органах миграционной полиции в течение 5 календарных дней, своевременность выезда из Республики Казахстан. Во время пребывания в Республике Казахстан приглашаемому запрещается заниматься трудовой и коммерческой деятельностью, поступать в учебные заведения Республики Казахстан. Приглашение действительно 1 год со дня выдачи.
TERMS OF INVITATION: The inviting party undertakes all responsibilities for the sojourn of their relatives, friends in the Republic of Kazakhstan: accommodation, meals, medical expenses, registration of the visitor (s) at the migration police department within 5 days, and the departure from the Republic of Kazakhstan in due time. During his visit to the Republic of Kazakhstan the visitor is not allowed to undertake any employment or business activities or enter any educational establishment in the Republic of Kazakhstan. The invitation is valid 1 year from the date of issue.
 ________________________________________       Iшкi iстер органының белгiсi
 20__ жылғы «___» _______________________
 келгенi туралы мәлiметтер ______________
 кеткенi туралы мәлiметтер ______________
 қалалық IIБ бастығы ____________________
 20__ жылғы «___» _______________________
«Жеке істері бойынша
 Қазақстан Республикасына
 кіруіне шақыруларды ресімдеу»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.01.2018 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (19.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
нысан
Ішкі істер департаменті
 ____________________________________
қала, облысы
 ____________________________________
өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
 _____________________________________
егер басқа тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
болса көрсетіңіз
 ____________________________________
туған күні, айы, жылы
 ____________________________________
тұрақты тұратын жері
 _____________________________________
үй, ұялы телефондары
Шетелдікті Қазақстан Республикасына шақыру туралы сауалнама-өтініш
Қазақстан Республикасына шақырылатын адамдар туралы мәліметтер

р/р

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

(шақырылатын адамның паспортына қатаң сәйкестікте толтырылады)

Азаматтығы,

паспорттың №, берілген күні

Туған күні мен жері

Келетін елі, мекенжайы және тұрғылықты жері

Қазақстан Республикасындағы мекенжайы

Қазақстан Республикасында болу кезінде қозғалу бағыты

1

2

3

4

5

6

7


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

 Жол жүру мерзімі___________________________________________________
Соңғы 5 жылдағы Сіздің еңбек қызметіңіз (оқуды және әскердегі қызметті қоса алғанда)

Қызметке түскен және босатылған жылы

Ұйымның атауы және атқарған лауазымы

Ұйымның мекенжайы


 


 


 

 Жеке куәлік № ______________ 20 жылғы «___»  ________________
 ЖСН №_________________
 Паспорттың № _________________ 20 жылғы «___»_______________
 Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты  20___ жылғы  «___» ________ № _________
 Азаматтығы жоқ адамның куәлігі 20___ жылғы  «___» ______ №_________
Маған сауалнама - өтініште көрінеу жалған деректер көрсеткені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
 20__ жылғы «___» ________                  _______________________________   (өтініш иесінің қолы)
 Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін   
 20_____ жылғы «_____» ________       _______________________________  (өтініш иесінің қолы)
 Сауалнама - өтініш 20__ жылғы «___» ____ қабылданды.  
  __________________________________________________________________ сауалнама - өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
«Жеке істері бойынша
 Қазақстан Республикасына
 кіруіне шақыруларды ресімдеу»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 4-қосымша
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №
 ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық
топтамасын ұсынбауыңызға байланысты «Жеке істері бойынша Қазақстан
Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік қызметті
көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
       1) __________________________________________________________;
       2)___________________________________________________________;
3).....
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.
_____________________________________________________________________
          Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/(Мемлекеттік
                    корпорация қызметкерінің) (қолы)
Телефон__________________
Алдым: _________________________________________________________
         тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін
                           қызметті алушының қолы
20__ жылғы «___» _________________