• Мое избранное
Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 277 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11213 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.04.2018 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес
Редакция 12.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабы 13)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтын 2) және 3)-тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар және даму министрі _____________________Ә. Исекешев
2015 жылғы 20 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 8 сәуірдегі
 № 277 бұйрығымен
 бекітілген
Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 13)-тармақшасына  сәйкес әзірленді және еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадаларының қуатын пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жүк жөнелтуші - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларға немесе келісімшарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында мұнайды өндіруді жүзеге асыратын тұлға немесе оны заңды негіздердесатып алған тұлға мұнайды магистральдық құбырлар бойынша тасымалдау және/немесе теміржол эстакадаларында мұнайды ағызу/құю жөніндегі, табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерін пайдалануға ниеттенген, олар уәкілеттік берген тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.12.2016 жылғы № 526 Бұйрығына сәйкес (08.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) мұнай тасымалдаушы ұйым - табиғи монополиялар саласында мұнайды магистральдық құбырлар бойынша тасымалдау және/немесе теміржол эстакадаларында мұнайды ағызу/құю жөніндегі қызметтерді көрсететін магистральдық құбырдың және/немесе теміржол эстакадасының меншік иесі;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.12.2016 жылғы № 526 Бұйрығына сәйкес (08.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3) өнім – тасымалдауға дайындалған және тиісті өнім түрі бойынша техникалық регламенттерге сәйкес келетін, тұрақты (тұрақты емес) газ конденсатын, табиғи газды, ілеспе газды, басқа да сұйық және газ тәріздес көмірсутектерді, мұнай өнімдерін қоса алғандағы мұнай;
4) мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан және жанғыш жіктастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;
5) өнімді тасымалдау – өнімді жөнелтушіден қабылдау пунктінен бастап алушыға тапсыру пунктіне дейін оны магистральдық құбыр бойынша қабылдау, тапсыру, айдау, өнімді басқа да магистральдық құбырларға қотару, ағызу, беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу, сақтау, араластыру процесі;
6) магистральдық құбырдың/теміржол эстакадасының өткізу қабілеті - мұнай тасымалдау ұйымы техникалық мүмкіндігін ескере отырып белгілеген магистральдық құбырдың/теміржол эстакадасының барынша жоғары өткізу қабілеті;
7) еркін өткізу қуаттары - жүк жөнелтушілер пайдаланбайтын магистральдық құбырдың/теміржол эстакадасының өткізу қуаты;
8) реттелетін қызметтер - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі көрсететін және тұтынушыға белгілі бір тауарды беру түріндегі қызметтерді (тауарлар, жұмыстар) ұсынған жағдайды қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
9) уәкілетті орган - магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2. Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану тәртібі
         3. Еркін өткізу қуаты болған жағдайда жүк жөнелтушілер арасында магистральдық құбыр мен теміржол эстакадасында қуаттарды бөлуді уәкілетті орган жүргізеді.
4. Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбыр мен теміржол эстакадасында қуаттарды пайдалану Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы «Магистральдық құбыр туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабы 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тасымалдауға арналған көлемдерді бөлу жолымен жүргізіледі.
5. Мұнайды магистральдық құбыр арқылы және теміржол эстакадасымен тасымалдағанда, табиғи монополия субъектілері Заңның 6-бабы 9) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен мұнай тасымалдау графигіне сәйкес жүк жөнелтушілерге қажетті реттелетін қызметтерді ұсынады.
6. Мұнай тасымалдаудың, ағызудың/құюдың техникалық мүмкіндігі туралы растама болмаған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы жүкжөнелтушіні бір күн ішінде хабардар етеді.
7. Бір магистральдық құбырдың (магистральдық құбыр учаскесінің) өткізу қуаты бар болған және екінші магистральдық құбырдың (магистральдық құбыр учаскесінің) еркін өткізу қуаты болмаған кезде, мұнайды Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына, сондай-ақ газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығына және (немесе) оның шегінен тысқары жерлерге беруді қамтамасыз ету мақсатында жөнелтуші магистральдық құбырдың меншік иесінің не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаның және уәкілетті органның жазбаша келісімімен айырбастау-операцияларын (своп) жүзеге асыруы мүмкін.
Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес осы тармақтың мақсаты үшін айырбастау-операциялары (своп) деп бір жөнелтушінің өнімін екінші жөнелтушінің өніміне олардың арасында жасалған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылатын айырбастау түсініледі.
8. Заңның 8-бабы 3-тармағына сәйкес, магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде мұнай тасымалдау ұйымы есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей ай сайын уәкілетті органға тасымалдау көлемдері мен бағыттарын көрсете отырып, мұнай тасымалдау графигінің нақты орындалуы туралы есепті ерікті нысанда ұсынады.