Bestprofi Logo

Бұйрық № 230 от 2015-04-23г./Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2018 г.

Документ на казахском языке

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11122 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 жылғы № 536 Бұйрығына сәйкес

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидалары бекітілсін.

2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 230 бұйрығымен бекітілген

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1. Осы Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 36) тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарының штаттық кестесінде қарастырылған (бұдан әрі – штаттағы лауазымдар) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы тәртібін анықтайды.

2. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы бос лауазым орыны бар жоғары оқу орнымен (бұдар әрі - жоо) жүзеге асырылады.

3. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуына тиісті бейіндері бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын (бұдан әрі – үлгілік біліктілік сипаттамалары) бекіту туралы» 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес адамдар жіберіледі (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5750 тіркелген)

Өнер, мәдениет және спорт саласындағы жоғары оқу орындарының қауымдастырылған профессорлар (доцент), профессорлар лауазымдарына орналасу конкурсына тиісті ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ осы мамандық бойынша танылғын жетістіктерге ие мамандар жіберіледі.

4. Жоғары оқу орындарында профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымы болған жағдайда тиісті жоғары оқу орны құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.

4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

5. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1) профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымының атауы;

2) жоғары оқу орнының орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон көрсетілген атауы;

3) құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні мен уақыты;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес анықталатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар.

6. Бос лауазымдарға арналған конкурсқа өтініштер (еркін нысанда) хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей беріледі.

3-бөлім. Конкурстық комиссияны қалыптастыру

3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

7. Профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына тағайындауға арналған конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) саны мен дербес құрамын және оның өкілеттік мерзімін жоғары оқу орны басшысы анықтайды.

8. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі міндеттері:

1) конкурсқа қатысу үшін барлығына бірдей теңдік мүмкіндігін беру;

2) конкурсқа қатысушылардың арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету;

3) әділдіктің сақталуына және конкурстың жариялы түрде өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру;

4) конкурстық комиссия отырысының кестесін анықтау;

5) конкурстық құжаттамаларға талдау жүргізу;

6) конкурстың қорытындысы бойынша шешім шығару болып табылады.

9. Конкурстық комиссия мына құрамда құрылады:

9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1) конкурстық комиссияның төрағасы – жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор);

2) конкурстық комиссия төрағасының орынбасары – жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор) немесе жоғары оқу орны құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

3) конкурстық комиссияның хатшысы – жоғары оқу орнының штаттық қызметкері;

4) құрамында кемінде үш адам бар конкурстық комиссия мүшелері (жоғары оқу орнының штаттық оқытушылары немесе ғылыми қызметкерлері арасынан, кадрлық қызметтің басшысы, заң кеңесшісі, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан ұйымдар өкілдері).

4-бөлім. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау

4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

10. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

8) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) (бұдан әрі – № 272 бұйрық) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

10) № 272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

5-бөлім. Конкурсты өткізу тәртібі

5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымдарға орналасуы үшін үміткерлердің өтінімдерін қарастыру;

2) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы негізінде үміткерлермен әңгімелесу өткізу;

2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

2) конкурс өткізілетін күн мен орынды белгілейді;

3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;

13. Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін қажетті құжаттарды табыс еткен азаматтар конкурсқа қатысушылар болып табылады.

14. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарына тағайындау конкурсы сауалнама, тестілеу, әңгімелесу, шығармашылық есеп беру, авторлық әзірлемелерді қорғау, практикалық тапсырмалар нысанында үміткерлердің қызмет қорытындылары талдамалық жалпылау негізінде өткізіледі, бұл ретте кәсіби деңгейді анықтау үшін әрбір лауазым бойынша үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес білімдері тексеріледі.

15. Әңгімелесудің мақсаты бос лауазымға конкурс жариялаған нақты жоғары оқу орнының ерекшеліктерін, үлгілік біліктілік сипаттамаларын ескере отырып, үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттеріне баға беру болып табылады.

15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Әңгімелесу қорытындылары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бағалау парағына енгізіледі.

16. Бұдан кейін конкурстық комиссия профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналастыру үшін конкурстық іріктеу бойынша ашық немесе жасырын дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.

16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

16-1. Ашық дауыс беру жағдайында конкурстық комиссияның шешімі бағалау парақтарының нәтижелері негізінде конкурстық комиссияның мүшелері санының басым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Конкурстық комиссия отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі отырысқа қатысқанда заңды деп саналады.

5-бөлім 16-1-тармақпен толықтырылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Талқылау барысы және конкурстық комиссияның қабылданған шешімі конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен хатшысы қол қоятын хаттама түрiнде ресiмделедi.

Ерекше пікірі бар конкурстық комиссияның мүшелері оны білдірген жағдайда оны комиссия хаттамасына қоса берілетін жазбаша нысанда баяндайды.

16-2. Жасырын дауыс беру барысында конкурстық комиссия осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беру үшін үміткерді бюллетеньге (бұдан әрі – Бюллетень) енгізу туралы шешім қабылдайды.

5-бөлім 16-2-тармақпен толықтырылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

17. Дауыс беруші тұлға кандидатты қабылдауға келісетіндігін немесе келіспейтіндігін әр кандидаттың аты-жөнінің қасында жазылған «келісемін» немесе «келіспеймін» деген сөздерді белгілеу арқылы білдіреді. Конкурстық іріктеуде бір лауазымға екі және одан да көп үміткер қатысқан жағдайда, бюллетеньде бірде-бір аты-жөні сызылып тасталмаса, онда ол жарамсыз деп танылады.

18. Дауыстарды санау үшін конкурстық комиссия жасырын дауыс берудің алдында конкурстық комиссия арасынан кемінде үш адамнан тұратын есептеу комиссиясын сайлайды. Есептеу комиссиясы әр кандидатура бойынша берілген дауыстардың нәтижесін жариялайды. Есептеу комиссиясының хаттамасын конкурстық комиссия бекітеді және конкурс материалдарына қосады.

19. Конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 мүшесі дауыс беруге қатысқан жағдайда, конкурстық комиссияның шешімі жарамды болып саналады.

20. Кандидат, егер оған комиссия құрамынан қатысып отырғандардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытындыға ие болады. Дауыс берген кезде дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Жасырын дауыс беру арқылы қабылданған конкурстық комиссияның шешімі, егер ол осы Қағидаларды сақтау негізінде қабылданған болса, түбегейлі болып саналады.

21. Құпия дауыс берудің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия әр бос лауазымға үміткер бойынша еңбек шартын жасау үшін «жоғары оқу орнының басшысына ұсынылады» немесе «жоғары оқу орнының басшысына ұсынылмайды» деген жазумен ұсынымдар дайындайды.

Комиссия хатшысы конкурсқа қатысқан тұлғаларды конкурстың нәтижелерімен және конкурстық комиссияның ұсынымдарымен таныстырады

22. Еңбек шартын жасау 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, конкурстық комиссия отырысы аяқталғаннан және жоғары оқу орны ректорының шешімінен кейін жүргізіледі.

23. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын және ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау конкурсының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты жасалады.

23-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

6-бөлім. Шағымдану тәртібі

6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

31. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныса алады.

25. Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

25-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Жоғары оқу орындарының профессор- оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидаларына 1-қосымша

Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

(ректордың №___ «__» _______ 20___ жылғы бұйрығымен бекітілді)

лауазым__________________________________________________________

кафедра/институт/мектеп____________________________________________

үміткердің Т.А.Ә.___________________________________________________

Біліктілік талаптар

Бағалау өлшемдері

Ескертпе

Білімі

сәйкес/

сәйкес емес


 

Дәрежесі/атағы

сәйкес/

сәйкес емес


 


 

5

4

3

2

1


 

Кәсіби тәжірибесі


 


 


 


 


 


 

Кәсіби талаптар (жарияланымдардың болуы, іргелі және/немесе ғылыми қолданбалы жобаларға жетекші немесе орындаушы ретінде қатысуы, мұғалім студенттердің көзімен сауалнама нәтижелері және т.б.)


 


 


 


 


 


 

Тілдерді білу


 


 


 


 


 


 

Бағалау критерийлері

5

4

3

2

1

Ескертпе

Мазмұны мен тақырыптың сәйкестігі


 


 


 


 


 


 

Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану


 


 


 


 


 


 

Жағдаяттық тапсырмалар және кейстердің болуы


 


 


 


 


 


 

Берілген ақпараттың өзектілігі


 


 


 


 


 


 

Баяндау мәнері және аудиторияның қатысуы


 


 


 


 


 


 

Сұрақтар

5

4

3

2

1

Ескертпе


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Шешім

Негіздеме

Ескертпе

Бос лауазымға орналасуға ұсынылады


 


 

Бос лауазымға орналасуға ұсынылмайды


 


 

______________________________________________________ Конкурстық комиссия мүшесінің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Жоғары оқу орындарының профессор- оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидаларына 2-қосымша

Қосымшаның оң жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беруге арналған бюллетень (үлгі)

(ректордың №___ «__» _______ 20___ жылғы бұйрығымен бекітілді)

лауазым _____________________________________________________________

кафедра _____________________________________________________________

Факультет (Институт) ________________________________________________

Үміткердің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайжа)

Дауыс беру нәтижелері

1





Келісемін

Келіспеймін

2





Келісемін

Келіспеймін

















1) Аты-жөндері алфавиттік тәртіпте енгізіледі.

2) Кандидатураны «Жақтап» дауыс беру нәтижелері «Келіспеймін» сөзін сызып тастаумен, ал «Қарсы» дауыс берген жағдайда – «Келісемін» сөзін сызып тастаумен білдіріледі.

3) Комиссия мүшесі «Келісемін» деп дауыс берген кандидатура саны жарияланған бірлік санынан аспауы тиіс.

4) Аталған қағидаларды бұзу арқылы толтырылған бюллетень жарамсыз деп саналады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание