«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11173 тіркелді
Редакция 09.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысы Ж. Қасымбек КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ________________ А. Сәрінжіпов 2015 жылғы «___» ___________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ________________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы «___» ___________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ________________ Қ. Қасымов 2015 жылғы 15 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылдың 27 наурыздағы № 362 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.06.2018 жылғы № 458 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.12.2020 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес (19.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Бастапқы даярлау»;
2) «Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман»;
3) «Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман»;
4) «Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес»;
5) «Алғашқы медициналық көмек көрсету»;
6) «Медициналық күтім»;
7) «Кеменің басқару құрамының қорғауға жауапты адамдарын даярлау»;
8) «Кемені күзету туралы хабардарлық саласындағы даярлау»;
9) «Күзет мәселелері бойынша тағайындалған міндеттер саласындағы даярлау»;
10) «Мұнай танкерлері мен химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау»;
11) «Мұнай танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау»;
12) «Химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау»;
13) «Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау»;
14) «Газ тасымалдаушыларында жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау»;
15) «Қауіпті жағдайларда басқару және адамның мінез-құлқы»;
16) «Жолаушылар мен жүктің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі»;
17) «Газдарды немесе тұтанудың төмен температуралы отынның өзге де түрлерін пайдаланатын кемелер үшін қауіпсіздік жөніндегі халықаралық кодекстің қолданысына жататын кемелердегі жұмыс үшін бастапқы даярлау»;
18) «Газдарды немесе тұтанудың төмен температуралы отынның өзге де түрлерін пайдаланатын кемелер үшін қауіпсіздік жөніндегі халықаралық кодекстің қолданысына жататын кемелердегі жұмыс үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау»;
19) «Полярлық суларда пайдаланатын кемелер үшін бастапқы даярлау»;
20) «Полярлық суларда пайдаланатын кемелер үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау»;
21) «Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің жүзуі шектелген ауданның радиооператоры»;
22) «Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің радиооператоры»;
23) «Жоғары жылдамдықтағы кемені басқару»;
24) «Кемені басқару – кемені жүргізу»;
25) «Кемені басқару – кеме механикасы»;
26) «Навигациялық вахта құрамындағы матрос»;
27) «Бірінші сыныпты матрос»;
28) «Машиналық вахта құрамындағы моторист»;
29) «Бірінші сыныпты моторист»;
30) «Электрик»;
31) «Жолаушыларға арналған үй-жайларда жолаушыларға тікелей қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персонал үшін қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау»;
32) «Жолаушылар кемелерінде ұйымдастырылмаған көптеген адамдар басқару бойынша даярлау».
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылдың 27 наурыздағы № 362 бұйрығына 2-қосымша
1-нысан
Нысан жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.06.2018 жылғы № 458 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Нысан жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.12.2020 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес (19.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |