«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11002 тіркелді
Редакция 17.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты
Үлгі шарттары өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 жылғы № 589 Бұйрығымен (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Үлгі шарттары жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.04.2020 жылғы № 257 Бұйрығына сәйкес (31.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
____________ ____________________ (қала) (күні: күні, айы, жылы) Бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан (жергілікті атқарушы органның немесе уәкілетті ұйымның атауы) _________________________________________________ негізінде әрекет ететін (құжаттың атауы) ____________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы орган немесе уәкілетті ұйым өкілінің лауазымы) ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда) бір тараптан және бұдан әрі «Тасымалдаушы» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы) _________________________________________________ негізінде әрекет ететін (құжаттың атауы) басшы ______________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда) екінші тараптан төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1-тарау. Шарттың мәні
1. Ұйымдастырушы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың маршрутына қызмет көрсету құқығын береді, ал тасымалдаушы өзіне төменде көрсетілген маршруттар бойынша тасымалдарға қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді қабылдайды.
№ |
Маршрут нөмiрi |
Маршруттың атауы |
Жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар, троллейбустар саны |
Маршруттың ұзақтығы километрмен |
|
|
|
|
|
2-тарау. Тараптардың міндеттері
2. Тасымалдаушы:
1) рейс алдындағы (ауысым алдындағы) және міндетті техникалық қарап тексеруден өтпеген, сондай-ақ автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары жасалмаған автокөлік құралдарының маршрутқа шығуына жол бермеуге;
2) автокөлік құралдары жүргізушілеріне рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеру жүргізілуін, олардың еңбек және тынығу режимінің сақталуын қамтамасыз етуге;
3) багаждың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңілдіктер беруге;
5) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттың барлық аялдама пункттерінде – өз бетінше не жолаушылар агенттіктері, автовокзалдар, автостанциялар және (немесе) жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін сатуды, оның ішінде жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін тікелей және қайтар бағыттарға электронды түрде сатуды, сондай-ақ қайтарылуын қамтамасыз етуге, және олардың жолаушыларда болуын бақылауды жүзеге асыруға;
6) жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерін жариялауға, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбіртегінде тіркеуге;
7) жарияланған тарифтерді сақтауға және тарифтердің алдағы өзгеруі туралы жолаушыларды алдын-ала хабардар етуге;
8) тасымалдауларды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілеуге;
9) маршруттың қызмет көрсетуіне осы маршрутқа қызмет көрсету құқығына арналған куәлікте көрсетілген негізгі құрамның автокөлік құралдарының кемінде жартысын қолдана отырып, тасымалдау үшін осы Шартта көзделген автобустардың, троллейбустардың және микроавтобустардың саны мен түрін (класын) пайдалануға;
10) маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың бекітілген маршрутын және қозғалыс кестесін сақтауға;
11) нақты уақыт режимінде тасымалдауды ұйымдастырушыға ақпарат бере отырып, автокөлік құралдарын спутниктік навигациялық жабдықтармен жарақтандыруға;
12) ұлттық стандарттарды сақтауға;
13) жолаушының қауiпсiздiгiн, оған қажетті қызмет ету жайлылығы және шарттары жасалуын қамтамасыз етуге;
14) маршрут (км) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда Шарт қолданыста болған уақыт ішінде бағдардың бекітілген сызбанұсқасына сәйкес ____ километр көлемінде жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыруға;
15) маршрут (км) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда автобустардың салонында жолақысын электрондық төлеу жүйесінің құрылғыларын, байланыс жабдықтарын, модемді, ақпараттандыру және диспетчерлеу жүйесін жарамды және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.
3. Ұйымдастырушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде осы Шартта көзделген маршруттың жолаушыларды отырғызудың және түсірудің белгіленген пункттерінің, оларға кіреберіс және кірме жолдарының болуын, безендірілуін және күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге;
2) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде осы Шартта көзделген маршруттың жүру жолында орналасқан автомобиль жолдарының жай-күйін, сондай-ақ олардың жайластырылуын жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге;
3) автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың белгіленген қозғалыс кестесінің сақталуын, сондай-ақ осы Шарттың 4-тармағының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
4) Тасымалдаушыны жол жүрісі жағдайының, тасымалдың, маршруттар сызбасының және қозғалыс кестесінің өзгеруі туралы уақтылы хабардар етуге;
5) күнтізбелік он күн ішінде Тасымалдаушының маршруттарда туындайтын проблемалары бойынша өтінішін және тасымалдарды жетілдіру бойынша ұсыныстарын қарауға және оларды шешу үшін шаралар қабылдауға;
6) «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) көрсетілген есеп негізінде ай сайын субсидиялар төлемін жүзеге асыруға міндетті.
3-тарау. Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту жөніндегі талаптар
4. Тасымалдаушы осы Шарттың барлық қолданылу мерзіміне осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес маршрутта пайдаланылатын негізгі құрамдағы автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңартуға:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (30.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 15.05.2024 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (05.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы Шарт жасалған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін қалалық (ауылдық) және қала маңындағы маршруттарда;
осы Шарт жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық), облысаралық қалааралық маршруттарда.
Осы тармақтың талаптары Тасымалдаушыға төтенше жағдай немесе карантин енгізуге байланысты оның жылжымалы құрамының мәжбүрлі бос тұрған кезеңінде қолданылмайды.
4-тарау. Тараптардың құқықтары
5. Тасымалдаушы жолаушылардың қоғамдық тәртіпті және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 23-8) - тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын сақтауын талап етуге құқылы.
6. Ұйымдастырушы осы Шарттың 8-тармағында көрсетілген елеулі талаптарының бұзылуын қоспағанда, осы Шарт талаптарының бұзылғаны анықталған кезде Тасымалдаушыны оларды осы Тасымалдаушыны хабардар еткен күннен бастап Ұйымдастырушы белгіленген кемінде он, бірақ жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жоюға міндеттеуге құқылы.
Тасымалдаушы осы Шарттың талаптарының анықталған бұзушылықтарын Ұйымдастырушы белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, осы Шарт сот тәртібінде бұзылады.
5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
7. Тасымалдаушымен осы Шарттың елеулі талаптары бұзылғаны үшін Ұйымдастырушы осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзады. Бұл ретте Ұйымдастырушы ол туралы Тасымалдаушыны күнтізбелік он күн бұрын алдын-ала хабардар етеді.
8. Осы Шарттың елеулі талаптарының бұзылуы:
1) осы Шарттың 8-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, маршрут тұрақтылығының төмендігі (күнтізбелік отыз күнде жетпіс пайыздан кем);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 05.12.2023 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес (30.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттің орындалмауына байланысты тасымалдаушының кiнәсiнен адам өлiмi орын алған жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) болуы;
3) осы Шарттың 2-тармағы 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келмейтін автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды маршрутта бір жылда үш және одан көп рет пайдалану;
4) үшінші тараптарға маршрутта (маршруттарда) қызмет көрсету құқығын беру болып табылады;
5) жүргiзушiнiң (жүргізушілердің) кiнәсiнен бір маршрутта адам өлiмi болған жол-көлік оқиғасының (ЖКО) бір жыл ішінде үш және одан көп рет болуы;
6) осы Шарттың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Шарттың 4-тармағының талаптарын орындамау болып табылады.
8-1. Осы Шарттың 8-тармағының 1) және 6) тармақшаларының талаптары Тасымалдаушыға төтенше жағдай немесе карантин енгізуге байланысты оның жылжымалы құрамының мәжбүрлі бос тұрған кезеңінде қолданылмайды.
5-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 10.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-2. Әлеуметтік маңызы бар маршрутты субсидиялау көлемі айына осы маршрутты субсидиялау қажеттілігінің жалпы көлемінің жетпіс пайызынан астам болған кезде, маршруттың күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақтылығы осы маршрутты субсидиялау қажеттілігінің жалпы көлемінің айына субсидиялаудың нақты пайызына тең болады.
5-тарау 8-2-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 05.12.2023 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 26.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әлеуметтік маңызы бар маршрутқа қызмет көрсететін Тасымалдаушы осы тармақтың бірінші бөлігінің және (немесе) осы Шарттың 8-тармағы 1) тармақшасының талаптарын орындамаған кезде, осы Шарт сот тәртібінде бұзылады.
9. Субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастары тізбесіне кіретін маршрутқа қызмет көрсететін Тасымалдаушы осы Шарттың 4-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда, осы Шарт сот тәртібінде бұзылады.
10. Осы Шарт Тасымалдаушының бастамасы бойынша бiр жақты тәртiппен бұзылған жағдайда, онда Тасымалдаушы ол туралы Ұйымдастырушыны күнтiзбелiк қырық бес күннен кешiктiрмей хабардар етедi.
11. Осы Шартты Ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімде дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталған кезде, бұл туралы тасымалдаушыны күнтізбелік он күн бұрын хабардар ете отырып, мерзімінен бұрын бұзады.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 15.05.2024 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (05.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тарау. Шарттың ерекше талаптары және орындау тәртібі
12. Осы Шартқа кез келген толықтырулар мен (немесе) өзгерістер жазбаша түрде жасалады, екі тарап растайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
13. Кестелер, маршруттар бойынша қозғалыстың кестесі және тарифтік кесте (қалааралық облысаралық маршруттардан басқа), сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың типі (класы) мен саны осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес жеке қосымшада келтiрiледi және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
14. Осы Шарттың орындалуы жөніндегі барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
15. Осы Шартта Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да талаптарды белгілеуі мүмкін.
16. Осы Шарт оған екі Тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті болады.
17. Осы Шарт әр Тарап үшін бір-бірден бірдей заңды күші бар екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.
7-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
18. Осы Шарт кемінде үш жыл мерзімге жасалады:
Қолданылуының басталуы _______________________ (күні: күні, айы, жылы) Қолданылуының аяқталуы _______________________ (күні: күні, айы, жылы)
19. Тасымалдаушы осы Шарттың 4-тармағының талаптарын сақтау кезінде, осы Шартқа өзгерістер және толықтырулар енгізу жолымен осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін күнтізбелік алпыс күннен кем емес берген Тасымалдаушының жазбаша өтініші негізінде осы Шарттың қолданылуы он жылға ұзартылады.
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 15.05.2024 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (05.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шарттың қолданылу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ұзартылған кезде, Ұйымдастырушы жыл сайын Шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тасымалдаушының жылжымалы құрамының осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкестігін осы маршрутқа қызмет көрсету құқығына арналған куәлікте көрсетілген негізгі құрамның автокөлік құралдарының пайдалану мерзімін және санын салыстыру арқылы растайды.
8-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері
Ұйымдастырушы Тасымалдаушы Қолы ________ Қолы _______ М.О. М.О.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгілік шартына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 15.05.2024 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (05.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қалалық (ауылдық) және қала маңындағы маршруттарда пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту бойынша кесте
Автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалану мерзімі |
Автобустар, шағын автобустар, троллейбустар саны* |
||||||
2-3 |
4-6 |
7-10 |
11-15 |
16-25 |
26-50 |
51 және одан көп |
|
7 жылға дейін |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
7 жылдан 12 жылға дейін |
50% |
25% |
20% |
20% |
20% |
20% |
20% |
12 жылдан 15 жылға дейін |
- |
25% |
25% |
25% |
24% |
22% |
21% |
15 жылдан астам |
- |
- |
- |
4% |
6% |
10% |
15% |
2. Ауданішілік, ауданаралық (қалааралық облысішілік), маршруттарда пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды жаңарту бойынша кесте
Автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалану мерзімі |
Автобустар, шағын автобустар, троллейбустар саны* |
||||||
2-3 |
4-6 |
7-12 |
13-15 |
16-25 |
26-50 |
51 және одан көп |
|
7 жылға дейін |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
7 жылдан 12 жылға дейін |
50% |
40% |
30% |
30% |
20% |
20% |
20% |
12 жылдан 15 жылға дейін |
- |
30% |
25% |
25% |
24% |
22% |
21% |
15 жылдан астам |
- |
- |
- |
4% |
6% |
10% |
15% |
3. Қалааралық облысаралық маршруттарда пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды жаңарту бойынша кесте
3-кесте жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 жылғы № 361 Бұйрығына сәйкес (15.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі |
Автобустар, шағын автобустар саны* |
||||||
2-3 |
4-6 |
7-10 |
11-15 |
16-25 |
26-50 |
51 және одан көп |
|
10 жылға дейін |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
10 жылдан 15 жылға дейін |
50% |
40% |
30% |
30% |
20% |
20% |
20% |
15 жылдан 18 жылға дейін |
30% |
30% |
25% |
25% |
24% |
22% |
21% |
18 жылдан астам |
- |
- |
- |
4% |
6% |
10% |
15% |
«+» - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалануға рұқсат етіледі;
«-» - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалануға рұқсат етілмейді;
* - автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың жалпы санынан белгіленген пайыздық мәндегі автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың санын анықтаған кезде мәні 0,5 және одан көп болса, саны ұлғаю жағына қарай анықталады (1 автобус, шағын автобус, троллейбус).
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартына 2-қосымша
Маршрут пен жол ақысы тарифтік кесте бойынша кестелерде қозғалыс схемаларында қамтылған, сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типі (класы) және саны жөніндегі ақпарат
1. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың кестелерінде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) маршруттың атауы;
2) аялдама пункттерінің атауы;
3) маршруттың ұзақтығы және аялдама пункттері арасындағы қашықтық;
4) рейс бойынша келу, тоқтап тұру, жөнелу, жүру уақыты, орташа жүру жылдамдығы бойынша бір бағытта және кері бөлу;
5) жылдық, тоқсандық, айлық, апталық немесе күндік өлшемдегі маршрутты жүзеге асыру мерзімділігі;
6) тасымалдаушының атауы;
7) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.
2. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың қозғалыс сызбаларында мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) маршруттың атауы;
2) аялдама пункттердің атауы;
3) тасымалдаушының атауы;
4) қауіпті учаскелер және олардың сипаттамасы;
5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.
3. Тарифтiк кестеде (қалалық (ауылдық) маршруттардан басқасында) мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) маршруттың атауы;
2) аялдама пункттердің атауы;
3) тасымалдаушының атауы;
4) жолаушылардың жол жүру, багажды алып жүру және жолаушылардың жеңілдетілген жол жүру құны;
5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып күні көрсетілген қойылған қолы (қалааралық облысаралық маршруттардан басқасы).
4. Маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типi (класы) бойынша ақпарат:
1) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың мемлекеттік нөмірі;
2) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың типi (класы);
3) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың шығарылған жылы;
4) автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың саны.