Toggle Dropdown
Аң аулау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақандағы № 18-03/157 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11091 тіркелді
Редакция 13.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аң аулау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
____________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
____________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 11 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/157 бұйрығымен
бекітілген
1. Осы Аң аулау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау тәртібін және мерзімін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнiмдi жеке пайдалану үшiн аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау;
2) кәсiпшiлiк аң аулау - кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау;
3) ұлттық аң аулау – аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдаланып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.
3. Аң аулау мынадай түрлерге бөлiнедi:
2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау.
4. Заңның 33-бабына сәйкес аң аулау құқығына:
1) егер аң аулау атыс қаруын қолданыла отырып жүргізілетін болса, жиырма бір жасқа толған;
2) егер аң аулау осы Қағидаларда рұқсат етілген басқа да аңшылық құралдарының түрлері, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргізілетін болса, он төрт жасқа толған;
3) «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16463 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша аңшы куәлігі (бұдан әрі – аңшы куәлігі) болған;
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) 1-қосымшада көзделген нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат (бұдан әрі - жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат) немесе «Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) 1-қосымшада көзделген нысан бойынша аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасын алған жағдайрда жеке тұлғалар ие болады.
Шетелдіктер үшін Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шарты, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, жолдама алу, сондай-ақ ішкі істер органдары аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге берген қорытынды негізінде туындайды.
5. Аңшылық олжаларын жинау мақсатында жануарлар дүниесінің объектілерін алу кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аң аулау хаттамасы және осы Қағидаларға 2-9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жануарлар түрлеріне олжалау парақтары толтырылады.
6. Аң аулау кезінде аңшылық алқаптарда тұрмыстық және кәсіпшілік қалдықтарымен, тастанды заттармен ластамау бойынша тазалық сақталады.
2-тарау. Аң аулауды жүргізу тәртібі
7. Кәсiпшiлiк аң аулау аңшыда мынадай құжаттар:
2) жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат немесе аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы;
3) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат;
4) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/144 бұйрығымен бекітілген Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10651 болып тіркелген) 2-қосымшада көзделген нысан бойынша аңшы жыртқыш құстың паспорты (бұдан әрі – аңшы жыртқыш құстың папорты);
5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған шарт;
6) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауланған жануарларды есепке алу журналы (кәсіпшілік журналы) болған кезде жүзеге асырылады.
Ұжымдық (топтық) кәсіпшілік аң аулау кезінде аңшылық шаруашылығының субъектісі жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамды тағайындайды.
8. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау аңшыда мынадай құжаттар:
2) жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат;
3) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
4) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге жеке тұлғаларға берілген рұқсат;
5) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – аушы жыртқыш құстың паспорты болған кезде жүзеге асырылады.
Тұяқты жануарлар мен аюды ұжымдық (топтық) әуесқойлық (спорттық) мақсатта аулау кезiнде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты пайдалануға жауапты аңшының деректерi оның бет жағына, ал қалған қатысушылардың деректері олардың аңшы куәлiктерiнiң нөмiрлерi көрсетіліп, аңшылық субъектісінің жолдамасында белгіленеді.
9. Аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің аталық түрлерін олжалауды аңшы алдамшы үйрек немесе тұлып болған кезде жүзеге асырады.
10. Тұяқты жануарларды, қоңыр аюды олжалау аңшылық шаруашылығының тиісті субъектісі қорықшысының қатысуымен, ал резервтік қордың алқаптарында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізіледі.
11. Тұяқты жануарларды, қоңыр аюды, ал көктемгі аң аулауда аталық үйректерді, саңырау құр, құр және жылқышы аталықтарын олжалау туралы белгіні осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген тұлғалар, жануарлардың басқа түрлерін тікелей атып алғаннан кейін - күн сайын аң аулау аяқталғаннан кейiн не келесі аң аулау орнына ауысқан кезде сол күні қорықшы немесе ол болмаған кезде аңшының өзi жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсатында, ал кәсiпшiлiк аң аулау кезiнде – кәсiпшiлiк журналына жасайды.
12. Қасқырларды, шибөрiлердi, қарғаларды, сауысқандарды, үлкен суқұзғын, тағандарды, қаңғыбас иттерді аулау (атып алу) кезінде жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат талап етiлмейдi:
1) жануарлар дүниесін қорғауды жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдары жүзеге асыру кезінде, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметінің, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметiмен үлкен суқұзғынды атуды қызметтік қаруды және авиа- автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолдана отырып жүзеге асырған;
2) жануарлардың басқа түрлерiн аулау (авиа-, автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолданбай) аң аулауға берілген жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаты қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген кезде жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат талап етiлмейдi.
1) ойық ұңғылы атыс қаруын (құстардан басқа);
2) тегiс ұңғылы, оның ішінде ойық бөлігінің ұзындығы 140 мм аспайтын атыс қаруын;
3) аралас (ойық және тегіс ұңғылы), оның ішінде алмалы-салмалы және жиналмалы ойық ұңғылы атыс қаруын;
4) өзі аулайтын құралдарды (қапқандарды, тұзақтарды, салмақты қысқышты, қаусырманы);
5) аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолдана отырып, жүргiзiледi.
4. Аңшылық иттерді жолдаманың қолданылу аумағынан тыс жерде iздеу және шақыру кезінде аңшы оғы алынған және қапталған аңшылық атыс қарумен болады.
15. Жолдаманың қолданылу аймағынан тыс жерде жараланған тұяқты жануарлардың, аю мен қасқырлардың iзiне түсу және оларды жинап алу аңшылық алқаптарында жараланған жануар бар аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасының келісімiмен жүзеге асырылады.
16. Аң аулау аяқталғаннан кейiн, аң аулау аралығындағы үзiлiстерде, бiр жерден екiншi жерге көшкен кезде, аңшы аңшылық атыс қаруын оғы алынған күйге келтiріледi.
Мылтық қарудың оқ ұясында және оқшантайында оқ болмаған кезде оғы алынып тасталған болып есептеледi.
17. Ен салынған (сақина, микрочип салынған) құстарды немесе сүтқоректiлердi олжалау кезiнде олжалаудың күнi мен орны көрсетiлген ақпарат, сақина, микрочип және басқа да белгiлер кейіннен ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органға беру үшiн аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасына немесе Ведомствоның аумақтық бөлімшесіне беріледі.
18. Заңның 38-бабының 5-тармағына сәйкес мына жағдайларда:
2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/144 бұйрығымен бекітілген аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10651 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен);
4) аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;
5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;
6) егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;
7) елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта;
8) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;
9) күйзелiстi және дәрменсiз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезiнде, көктайғақ кезiнде, аштықтан әлсiрегендердi, жусанды паналаған суда жүзетiн құстарды);
10) қозғалтқышы іске қосылған авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, қарда жүретін техниканы, шағын көлемді кемелерді, түнде көру аспаптарын, лазерлік нысана көрсеткіштерді, жарық беру және дыбыс шығару аспаптарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;
11) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;
12) егін орағы аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берілетін аумақты қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
14) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатраға атыс қаруын қолданып;
15) аңшылық иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;
16) өзен құндызы тұрғызған бөгетті бұзып;
17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектілерін қозғалтпауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);
18) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;
19) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған ойық жиналмалы (қосалқыларды) ұңғыны қолданып;
20) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;
21) өздiгiнен атылатын қаруларды, қысқыштарды, қаусырмаларды, қапсырмаларды, кескiштердi қолданып; тұзақтар құрып, аулау орларын қазып; адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, қоңыр аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;
22) торларды қолданып; су құю арқылы iннен шығарып (уәкiлеттi органның ведомствосымен келісу бойынша жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе еріксіз ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);
23) дала кеміргіштерін құрту кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа да аурулары болған жағдайларда улы химикаттар және басқа да химиялық препараттар қолдануды қоспағанда, жарғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды қолданып;
24) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілген жануарлар санынан асырып;
25) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілмеген жануарлардың басқа түрлерін;
26) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;
27) аулап алу объектісі болып табылатын жануарлар түрлеріне, басқа елдерден әкелінген жыртқыш қыран құстарды пайдалана отырып;
28) еркекүйрекке көктемгі аң аулау кезінде еліктіруші үйрексіз немесе тұлыпсыз;
29) тұяқты жануарларды және қоңыр аюды аулау кезінде қорықшының немесе жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың еріп жүруінсіз;
30) әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрі бес бүтін оннан алты миллиметрлік бүйірден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып;
31) тыныштық сақтау аймақтарында және өсiмiн молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.
19. Жануарлардың популяцияларын сақтау, олардың өсiмiн молайтуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және шаруашылық пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасында осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес аң аулауды жүргізу мерзiмдерi (бұдан әрі – аң аулауды жүргізу мерзімдері) белгiленедi.
Ведомствоның аумақтық бөлімшелері аң аулауды ашу туралы және оны осы Қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген аң аулауды жүргізудің белгіленген мерзімдерінен күнтізбелік 15 күнге дейін неғұрлым ерте немесе неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
Аң аулау қағидаларына
1-қосымша
Аң аулау хаттамасы Hunting protokol
Аңшының тегі мен аты әкесінің аты (бар болған жағдайды) _________________ Hunterʼs Name
Мекенжайы _______________________________________________________ Address
20__жылғы «___» __________ қауіпсіздік техникасымен және аң аулау ережесімен таныстым
With the hunting rules and safety precautions is acquainted
_________________________________________________________________ /
Аңшының қолы/ /Hunter’s signature/ Аң аулау өткізілетін орын
___________________________________________
Hunting area
Аң аулауды өткізу уақыты: 20__жылғы «__»________ бастап 20__жылғы
«__»________ дейін______ аң аулау күні
The hunting time: starting from till days of hunting
Аң аулаудың нәтижелері/ Results of hunting
|
Күні/Date
|
Ауланған жануар түрі/Animal’s species
|
Саны /Quantity
|
Олжаның сапасы (мүйіздерінің, бас сүйегінің, азу тістерінің мөлшері мен салмағы, терісінің көлемі және басқа)/Quality of trophy (dimensions ahd weight of horns, skull, fangs, size of skin, etc.)
|
|
|
Орысша
|
In English
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Осы аң аулау хаттамасымен келісемін және аңшылық шаруашылығы ұйымына шағымым жоқ
(бар, олар мынадай)/I agree with this hunting protocol and have no claims to
the hunting enterprise (I have, they as follows): _________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Аңшының аты тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______/_____________/ Hunter
Аң аулау басшысы аты тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)______/_______/ Hunting manager
Аңшының мүддесін білдіретін тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)________/_________/ Hunter’s representative body
Аңшылық шаруашылығы субъектісінің басшысының аты, тегі, әкесінің аты
(бар болған жағдайда) ___________/____________/ Head of hunting enterprise
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Аң аулау қағидаларына
2-қосымша
Асканий бұғысының мүйізіне арналған олжалау парағы
Аңшы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________(түрі) атып алды
Атып алу күні 20___жылғы «___»_________
Атып алу орны (аңшылық шаруашылығы)__________________________________
Жануардың жасы/салмағы ______________________________________________
Олжаны бағалау
|
Бағалау көрсеткіштері
|
Өлшеу нәтижелері
|
Сомасы
|
Орташа мөлшері
|
Коэффициент
|
Балл
|
|
1. Мүйіздің ұзындығы, сантиметр:
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
2. 1) Көз үстіндегі алғашқы қосымша бұтақшалардың ұзындығы, сантиметр:
оң жақтағы
сол жақтағы
2) Көз үстіндегі екінші қосымша бұтақшалардың саны (әр жағынан бір-бірден, дана)
|
|
|
|
|
|
|
3. Тәж астындағы қосымша бұтақшалардың ұзындығы, сантиметр:
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
4. Ашаның шеңбері:
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
5. Көз үстіндегі қосымша бұтақшалардан жоғары тұрған мүйіз шеңбері:
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
6. Тәжден төмен тұрған мүйіз шеңбері:
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
7. Мүйіздер алшақтығы
|
|
|
|
|
|
|
8. Мүйіздер салмағы, килограмм
|
|
|
|
|
|
|
9. Қосымша бұтақшалар саны, дана:
оң жақтағы мүйізде
сол жақтағы мүйізде
|
|
|
|
|
|
|
10. Тәж пішіні қарапайым, 12-16 сантиметрден 6 қосымша бұтақша
|
|
|
|
|
|
|
11. Мүйіздердің түр-түсі ашық
|
|
|
|
|
|
|
12. Түйіршіктілігі мен ізділігі: ізі ірі, түйіршіктілігі орташа
|
|
|
|
|
|
|
13. Қосымша бұтақшалар шеттерінің түр-түсі ақ
|
|
|
|
|
|
|
Балдар сомасы
Ақаулары үшін шегерім
Ақаулар жоқ
|
|
|
|
|
|
|
Түпкілікті бағаcы
|
|
|
|
|
|
Аң аулау басшысы _________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Мөр орыны
Бағамен келісемін ________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Аң аулау қағидаларына
3-қосымша
Құдыр бас сүйегіне арналған олжалау парағы
Аңшы _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________(түрі) атып алды
Атып алу күні 20___жылғы «___»________
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ________________________________
Жануардың жасы/салмағы ______________________________________________
Олжаны бағалау
|
Бағалау көрсеткіштері
|
Өлшеу нәтижелері
|
Балл
|
|
1. Бас сүйектің ұзындығы, сантиметр
|
|
|
|
2. Бас сүйектің ені, сантиметр
|
|
|
|
3. Азу тістің ұзындығы, сантиметр
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
Түпкілікті бағасы
|
|
|
Аң аулау басшысы _________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Мөр орыны
Бағамен келісемін ________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Аң аулау қағидаларына
4-қосымша
Марал мүйізіне арналған олжалау парағы
Аңшы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________(түрі) атып алды
Атып алу күні 20 __жылғы «____»_______
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) __________________
Жануардың жасы/салмағы ________________________________
Олжаны бағалау
|
Бағалау көрсеткіштері
|
Мүйіздердің ішкі алшақтығы
|
Оң жақтағы мүйіз
|
Сол жақтағы мүйіз
|
Балл айырмасы (шегерім)
|
|
1. Мүйіздер ұзындығы, сантиметр
|
|
|
|
|
|
2. Бірінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, сантиметр
|
|
|
|
|
|
3. Екінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, сантиметр
|
|
|
|
|
|
4. Үшінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, сантиметр
|
|
|
|
|
|
5. Төртінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, сантиметр
|
|
|
|
|
|
6. Бесінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, сантиметр
|
|
|
|
|
|
7. Бірінші және екінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері
|
|
|
|
|
|
8. Екінші және үшінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері
|
|
|
|
|
|
9. Үшінші және төртінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері
|
|
|
|
|
|
10. Төртінші және бесінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері
|
|
|
|
|
|
11. Мүйіздердің ішкі алшақтығы
|
|
|
|
|
|
Жиыны
Балл сомасы
Шегерім
|
|
|
|
|
|
Түпкілікті бағасы, балл
|
|
|
|
|
|
Қосымша көрсеткіштер
|
Оң жақтағы мүйіз
|
Сол жақтағы мүйіз
|
Өлшеу нәтижелері
|
|
12. Мүйіздер шеттерінің арасындағы қашықтық, сантиметр
|
|
|
|
|
13. Мүйіздердің ең үлкен алшақтығы, сантиметр
|
|
|
|
|
14. Қосымша бұтақшалар саны, сантиметр
|
|
|
|
|
15. Кемістігі бар барлық қосымша бұтақшалардың жалпы ұзындығы, сантиметр
|
|
|
|
Аң аулау басшысы _________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Добавить абзац
Мөр орыны
Бағамен келісемін ________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Аң аулау қағидаларына
5-қосымша
Қабанның азу тісіне арналған олжалау парағы
Аңшы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________(түрі) атып алды.
Атып алу күні 20___жылғы «____»_______
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ________________________________
Жануардың жасы/салмағы ______________________________________________
Олжаны бағалау
|
Бағалау көрсеткіштері
|
Өлшеу нәтижелері, см
|
Сомасы
|
Орташа мөлшері
|
Коэффициент
|
Балл
|
|
1. Төменгі азу тістің ұзындығы сантиметр:
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
2. Төменгі азу тістің ені, милиметр:
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
3. Жоғарғы азу тістің шеңбері, сантиметр:
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
Балл сомасы
Ақаулары үшін шегерім
Үстеме
|
|
|
|
|
|
Аң аулау басшысы _________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Мөр орыны
Бағамен келісемін ________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Аң аулау қағидаларына
6-қосымша
Сібір елігінің мүйізіне арналған олжалау парағы
Аңшы ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________(түрі) атып алды.
Атып алу күні 20___жылғы «____»_______
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ________________________________
Жануардың жасы/салмағы ______________________________________________
Олжаны бағалау
|
Бағалау көрсеткіштері
|
Өлшеу нәтижелері
|
Сомасы
|
Орташа мөлшері
|
Коэффициент
|
Балл
|
|
1. Мүйіздің ұзындығы:
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
2. Мүйіздердің алшақтығы
|
|
|
|
|
|
|
3. Бас сүйегімен құрғақ мүйіздердің салмағы, бас сүйекке шегерім, грамм
|
|
|
|
|
|
|
4. Мүйіздер көлемі, сантиметр куб
|
|
|
|
|
|
|
5. Мүйіздердің түр-түсі
|
|
|
|
|
|
|
6. Төмпешіктігі
|
|
|
|
|
|
|
7. Ашалар
|
|
|
|
|
|
|
8. Қосымша бұтақшалардың үшкірлігі Бағалау көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
|
Балл сомасы: Мүйіздің әдемілігі үшін үстеме қосымша бұтақшалардың ассиметриялылығы үшін шегерім
|
|
|
|
|
|
|
Түпкілікті баға
|
|
|
|
|
|
Аң аулау басшысы _________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Мөр орыны
Бағамен келісемін ________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Аң аулау қағидаларына
7-қосымша
Бұлан мүйізіне арналған олжалау парағы
Аңшы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________(түрі) атып алды.
Атып алу күні 20___жылғы «____»_______________
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ________________________________
Жануардың жасы/салмағы ______________________________________________
Олжаны бағалау
|
Бағалау көрсеткіштері
|
Өлшеу нәтижелері
|
Сомасы
|
Орташа көлем
|
Коэффициент
|
Балл
|
|
1. Мүйіздің шеңбері, сантиметр
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
2. Мүйіздер алшақтығы, сантиметр
|
|
|
|
|
|
|
3. Күрекшенің ұзындығы, сантиметр
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
4. Күрекшенің ені
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
5. Барлық қосымша бұтақшалардың жалпы ұзындығы, сантиметр
|
|
|
|
|
|
|
6. Қос мүйіздегі қосымша бұтақшалар саны
|
|
|
|
|
|
|
Балл сомасы
Мүйіздердің жуандығы мен әдемілігі үшін үстеме
Қосымша бұтақшалардың ұзындығындағы айырма үшін және мүйіздердің ассиметриялылығы үшін шегерім
|
|
|
|
|
|
|
Түпкілікті бағасы
|
|
|
|
|
|
Аң аулау басшысы _________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Мөр орыны
Бағамен келісемін ________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Аң аулау қағидаларына
8-қосымша
Сібір тау текесіне арналған олжалау парағы
Аңшы ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________(түрі) атып алды.
Атып алу күні 20___жылғы «____»___________________
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ________________________________
Жануардың жасы/салмағы ______________________________________________
Олжаны бағалау
|
Бағалау көрсеткіштері
|
Өлшеу нәтижелері
|
Сомасы
|
Орташа мөлшері
|
Коэффициент
|
Балл
|
|
1. Мүйіздің ұзындығы, сантиметр
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
2. Мүйіздің шеңбері
оң жақтағы
сол жақтағы
|
|
|
|
|
|
|
3. Мүйіздердің алшақтығы, сантиметр
|
|
|
|
|
|
|
Үстемелер:
мүйіздердің түр-түсі қоңыр
кедір-бұдырлылығы (сақиналар саны) орташа симметриялылығы
|
|
|
|
|
|
|
Түпкілікті бағасы
|
|
|
|
|
|
Аң аулау басшысы _________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Мөр орыны
Бағамен келісемін ________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Аң аулау қағидаларына
9-қосымша
Жыртқыш аңдар: қоңыр аю, қасқыр, сілеусінбас сүйектеріне
арналған олжалау парағы
Аңшы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________(түрі) атып алды.
Атып алу күні 20___жылғы «____»_________
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ________________________________
Жануардың жасы/салмағы ______________________________________________
Олжаны бағалау
|
Бағалау көрсеткіштері
|
Өлшеу нәтижелері
|
Балл
|
|
1. Бас сүйегінің
ұзындығы, сантиметр
|
|
|
|
2. Бас сүйегінің ені, сантиметр
|
|
|
|
Түпкілікті бағасы
|
|
|
Аң аулау басшысы _________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Мөр орыны
Бағамен келісемін ________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Аң аулау қағидаларына
10-қосымша
Ауланған жануарларды есепке алу журналыA
(кәсіпшілік журнал)
_____________________________________________________________________
(жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы)
_____________________________________________________________________
(бригадирдің, басқа жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))
|
Аулаған күні
|
Аңшылық шаруашылығының және (немесе) учаскенің атауы
|
Пайдаланылған аулау құралдарының түрлері және саны
|
Аңшылардың саны
|
Аулау көлемі, дарақ
|
Жануарлардың түрлері
|
Жіберу күні, жүк құжаты № автокөлік №
|
Аңшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
8
|
10
|
Аң аулау қағидаларына
11-қосымша
Аң аулауды өткізу мерзiмдерi
|
Жануарлар түрлері
|
Аң аулау мерзiмдерi
|
|
Су тышқан (ондатра)
|
1 қазаннан 15 ақпанға дейін
|
|
Кәдiмгi тиiн
|
20 қазаннан 15 ақпанға дейін
|
|
Қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, аққалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы), сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (ақ қоян, ор қоян)
|
1 қарашадан 15 ақпанға дейін (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта** 15 қазаннан бастап)
|
|
Құм қоян
|
1 қарашадан бастап, 31 қаңтарды қоса алғанда
|
|
Зорман (сары тышқан)
|
ұйқыдан шыққаннан бастап, 30 сәуiрге дейін
|
|
Суырлар*
|
5 маусымнан бастап ұйқыға кеткенге дейін оңтүстік аймақта***
15 маусымнан бастап ұйқыға кеткенге дейін солтүстiк аймақта**
|
|
Шалшықшылар, жылқышы
|
1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін (аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз бен 30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)
|
|
Бөдене, кептер, түркептер
|
20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)
|
|
Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ
|
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары – тамыздың соңғы сенбісінен 30 қарашаға дейін.
Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстары қыркүйектің бірінші сенбісінен бастап 15 желтоқсанға дейін.
Атырау облысы – 15 қырүйектен 15 желтоқсанға дейін.
Маңғыстау, Түркістан облыстары – қыркүйектің екінші сенбісінен 31 желтоқсанға дейін.
(аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз бен 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)
|
|
Шiл (аққұр, тундралық, сұр, далашiлi, сақалдышiл), шіл
|
қыркүйектің алғашқы сенбісінен 30 қарашаға дейін
|
|
Құр
|
қыркүйектің бірінші сенбісінен 15 желтоқсанға дейін (15 тамыздан бастап аңшылық иттермен және құстармен аң аулау) (аталықтарды көктемгі аң аулауға 1 наурыз бен 15 мамыр аралығында 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде рұқсат етіледі)
|
|
Қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа)
|
қыркүйектің алғашқы сенбісінен 30 қараша аралығында аталықтары мен қысыр қалған аналықтарын көктемгi аулауға 15 сәуір мен 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi. (тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қатер төнген, материалдық залал келтірген жағдайда, уәкілетті органның және жерілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдарының аң аулау мерзімдеріне қарамастан қоңыр аюды атуға жол беріледі)
|
|
Борсық
|
оңтүстік өңірлерде 1 қыркүйектен бастап 15 желтоқсанға дейін***,
солтүстік өңірлерде 1 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін**
|
|
Жанат тектес ит
|
1 қыркүйектен ұйқыға кеткенге дейін
|
|
қабан, құдыр
|
қыркүйектің алғашқы сенбісінен 31 желтоқсанға дейін
|
|
Сібір елігі, сібір тау ешкісі, марал, аскания бұғысы, бұлан
|
15 шілдеден аталықтарына, 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін аналығы мен төлдеріне
|
|
Саңырау құр
|
1 қазан мен 30 қараша аралығында, аталықтарын көктемгi аулауға 10 сәуір мен 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi
|
|
Гималай ұлары, кекiлiк
|
1 қазаннан бастап 15 желтоқсанға дейін
|
|
Құндыз
|
15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін
|
|
Қырғауыл
|
1 қарашадан бастап 31 желтоқсанға дейін (аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен 1 қазаннан бастап)
|
|
Қасқыр
|
1 қарашадан бастап 1 наурызға дейін
|
* – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа.
** – солтүстік аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Катонқарағай, Ұлан, Алтай, Глубокое, Шемонаиха, Үлкеннарын, Марқакөл аудандары, сондай-ақ Риддер қаласының әкімшілігіне бағынысты жерлер, Абай облысының Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Жаңасемей аудандары, сондай-ақ Семей қаласының әкімшілігіне бағынысты жерлер.
*** – оңтүстік аймақ: Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстары, Қарағанды облысының Шет, Ақтоғай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Зайсан аудандары, Абай облысының Ақсуат, Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандары..