Bestprofi Logo

Бұйрық № 7-1/351 от 2015-04-20г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарлардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 7-1/351 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11113 тіркелді

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б.Сұлтанов 2015 жылғы 21 сәуір

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 7-1/351 бұйрығымен бекітілген

Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары

1. Осы Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалардың қолданысы «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес құрылған ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелерге таралады.

2. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі

3. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері Заңның 35–бабы 2–тармағының 4) және 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер мекеменің аумағында (үй-жайында) арнайы бөлінген жерде мынадай ақпаратты орналастырады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурста жариялайды:

1) ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) олардың ұсыну мерзімін көрсете отырып, өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерінің тізбесі;

2) қажетті құжаттардың тізімі (шарттар, түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, көрсетілген қызметтердің/орындалған жұмыстардың актілері, фискальдық чектер), ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) арналған баға прейскуранты.

5. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініші негізінде өз қызметіне сәйкес келетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетеді.

6. Өтінішті және осы Қағидалардың 4–тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдауды мемлекеттік мекеменің жауапты адамы жүзеге асырады.

7. Өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге қабылдау туралы талон бере отырып, мемлекеттік мекеме тіркейді.

8. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері мемлекеттік мекемеде белгіленген күн тәртібіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын ұсынылады.

9. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін ұсыну үшін оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орындар жасалады.

10. Қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысу мемлекеттік мекемелердің кассалары арқылы міндетті түрде фискалдық жадысы бар кассалық-бақылау машинасын қолданып және клинентке бақылау чегін бере отырып жүргізіледі, ақшасыз есеп айырысу мемлекеттік мекемелердің ағымдағы «Ақылы қызметтерден түсетін қаражат» шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

11. Ақылы түрде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) алған жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік мекеме шот-фактура ұсынады.

12. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

13. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражат:

1) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін мемлекеттік мекеменің және оның филиалдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жарақтандыруға және ұстауға, негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге;

2) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін мемлекеттік мекеменің филиалдарының қызметкерлеріне арналған арнайы киімдер мен арнайы қорғаныс құралдарын сатып алуға;

3) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін дегельминтизация, дезинфекцияға, дезинсекцияға және дератизацияға арналған ветеринариялық препараттарды арнайы ветеринариялық құралдарды, материалдарды сатып алуға;

4) ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің және олардың филиалдарының қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына 1-қосымша

_____________________________________ (ветеринария саласындағы мемлекеттік _____________________________________ мекеменің атауы) _____________________________________ _____________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) ЖСН/заңды тұлғаның атауы, БСН) Мекенжайы:___________________________

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу

бойынша мынадай ақылы қызмет түрлерін көрсетуді сұраймын ____________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын: ______________________________

_____________________________________________________________________

Байланыс телефоны __________________ е-mail _________________________

20 ___ жылғы ________________________________________________________

(өтініш берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы)

Қосымша: ______ парақта 1 данада ____________________________________

Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына 2-қосымша

_____________________________________________________________________

(ветеринария саласындағы мемлекеттік мекеменің атауы)

_____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар

Өтініштің тіркелген нөмірі және қабылдау күні _______________________

Ақылы негізде көрсетілетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін

қызметтерді) өткізу бойынша қызметтің түрі __________________________

_____________________________________________________________________

Қоса берілген құжаттардың саны және атаулары ________________________

Қосымша: ______ парақта 1 данада_____________________________________

Құжаттар 20 __ жылғы ________________________________ қабылданды

Қорытынды алынған күн _______________________________________________

_______ _____________________________________________________________

(қолы) (өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегi, аты, әкесiнiң

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание