Toggle Dropdown
1
Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11093 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 28.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23 1-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы 10 сәуір
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_________________ В. Школьник
2015 жылғы 17 сәуір
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 357 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген, ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу және «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2-тарау. Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
1-параграф. Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге (Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде тіркелуге жататын кемелер үшін) меншік құқығын растайтын кеме куәлігін беру
Toggle Dropdown
2. Кеме куәлігі кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайды.
Toggle Dropdown
Кеме куәлігін кеме иесіне көлік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында көзделген тәртіпте береді.
Toggle Dropdown
2-параграф. Шетелдiк кемеге (жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде тiркелген кемелер үшiн) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлiкті беру
Toggle Dropdown
3. Шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлік кеменің Жалға алынған шетел кемелері тіркеліміне енгізілгендігін растайды.
Toggle Dropdown
Шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлікті кеме иесіне көлік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында көзделген тәртіпте береді.
Toggle Dropdown
3-параграф Кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы куәлікті сыныптау куәлiгiн және кеменiң мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлiкті беру
Toggle Dropdown
4. Кеменің жүзуге жарамдылығы туралы куәлікті, сыныптау куәлігін және кеменің мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлікті Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалы ішкі суларда және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерге куәландыру кезінде береді.
Toggle Dropdown
5. Кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы куәлік және сыныптау куәлiгi өзіне мыналарды:
Toggle Dropdown
1) кеменің негізгі техникалық деректерінің және оның элементтері туралы мәліметтерді;
Toggle Dropdown
2) куәлік берілгеннен кейін кеменің негізгі техникалық деректерінің және оның элементтерінің өзгерістері туралы мәліметтерді;
Toggle Dropdown
3) кемені есепке қою туралы және есептен шығару туралы мәліметтерді қамтиды.
Toggle Dropdown
6. Кеменің мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлікте кемеде бар экологиялық қауіпсіздік жабдықтары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7. Барлық куәліктер жыл сайын расталып, 5 жыл мерзімге беріледі.
Toggle Dropdown
4-параграф. Өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн кеме журналын (вахталық журналды) жүргізу
Toggle Dropdown
8. Кеме журналы (вахталық журнал) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде тіркелген өздігінен жүретін әрбір кемеде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
9. Кеме журналы (вахталық журнал) кеменің тоқтаусыз пайдалану кезеңі көрсетілген кеме құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
10. Кеме журналы (вахталық журнал) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқық алған сәтінен бастап оны көтеріп жүзу құқығы сақталған барлық кезеңі ішінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
11. Кемені тұраққа жауапты сақтауға немесе жөндеуге тапсырған кезде, кеме журналы (вахталық журнал) кемеде қалады, бірақ оны толтыру кемеде экипаж болмайтын уақытқа тоқтатылады.
Toggle Dropdown
12. Кеме журналындағы (вахталық журналдағы) барлық беттер нөмірленуі, тігілуі және кеме иесінің мөрімен бекітілуі тиіс.
Toggle Dropdown
13. Кеме журналын (вахталық журналын) вахта бастығы (капитанның вахтадағы көмекшісі) жүргізеді.
Toggle Dropdown
14. Мәтінді енгізген вахта бастығы оны өзгертеді және толықтырады, ал капитан тек толықтырады.
Toggle Dropdown
15. Кеме журналындағы (вахталық журналындағы) жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде анық және ұқыпты түрде көк немесе қара түсті пастамен (немесе сиямен) жазылады.
Toggle Dropdown
16. Кеме журналы (вахталық журнал) оқиға болған сәтте немесе одан кейін вахта процесінде толтырылады. Жүрдек кемелердің ішкі су жолдарында жүзуі кезінде кеме журналы (вахталық журналы) аялдамада толтырылады.
Toggle Dropdown
17. Кеме журналының (вахталық журналының) уақыты кеме сағаты бойынша 0-ден 24 сағатқа дейін 1 минут аралықпен төрт мәнді санмен жазылады. Сағаттар минуттардан нүктемен бөлінеді.
Toggle Dropdown
18. Әр тәуліктің жазбасы кеме журналының (вахталық журналының) жаңа бетіне жазылады. Тәулік соңына дейін толтырылмаған кестелер, бағандар және жолдар «Z» белгісімен сызылады.
Toggle Dropdown
19. Навигациялық сипаттағы жазбалардың көлемін, навигациялық картадағы төсеммен және тіркеудің техникалық құралдары ақпаратымен бірге кеме бағытын қалпына келтіруге болатынын ескере отырып капитан белгілейді. Бұл ретте, картадағы төсем картаны қайталап пайдаланғанға дейін сақталады, ал өздігінен жазу таспалары – курсограмма, реверсограмма, эхограмма – екі жыл бойы сақталады.
Toggle Dropdown
20. Кеме орны вахталық жүру кезегі соңында, сондай-ақ капитанның немесе вахта бастығының пікірі бойынша қажетті барлық жағдайларда кеме журналында тіркеледі.
Toggle Dropdown
21. Жүзудің ерекше шарттары бар ауданға жақындаған кезде қалыпты іс-шаралардың орындалуы тіркелмейді.
Toggle Dropdown
22. Вахта бастығы өз жазбаларына лауазымын көрсете отырып қол қояды. Қол қойғаннан кейін вахта бастығы өзінің тегін көрсетеді.
Toggle Dropdown
23. Капитан кеме журналындағы жазбаларды бақылайды және әр беттің соңына қолын қойып куәландырады. Кемеге қатер төнген жағдайда кеме капитаны кеме журналын сақтап қалуға барлық қажетті шараларды қолданады.
Toggle Dropdown
24. Толтырылған кеме журналдары қызметтік құжаттамамен бірге кеме иесі мұрағатқа өткізген соң екі жыл сақталады.
Toggle Dropdown
25. Кеме капитаны және (немесе) вахта бастығы кеме журналына (вахталық журналға) кемеге қатысты және кеменің, кеме иесінің, жолаушылардың мүдделерін және жүкті қорғау үшін маңызы бар кез келген қосымша жазбаны енгізе алады. Өзге тұлғалардың тарапынан кеме журналындағы (вахталық журналындағы) осы туралы кез келген жазбалары мен талаптары жоққа шығарылады.
Toggle Dropdown
26. Күні (күні, айы, жылы) кеме журналы (вахталық журналы) айналымының әрбір сол жақ бетінде жазылады. Күнінен оңға қарай апта күні, сондай-ақ кеме уақытын санау жүйесі көрсетіледі (журналға ең алғаш жазба және өзгерту жазылғанда).
Toggle Dropdown
27. Екінші жолда кеме тұрағының орны (рейд, порт, жағалау атауы), ал жүзіп жүрген кемеде – жүзу ауданы (өзен, канал, су қоймасының, көл, теңіз, олардың шығанағының немесе бөлігінің атауы) көрсетіледі. Бұдан әрі жолда сол бойынша жүзу жүргізілетін немесе кеме тұрағының орны көрсетілген карта нөмірі көрсетілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
28. Кеме журналы (вахталық журналы) мәліметтерді қамтиды:
Toggle Dropdown
1) кеменің тәулік бойы жұмысы;
Toggle Dropdown
2) гидрометеорологиялық деректер;
Toggle Dropdown
3) жүзіп өткен қашықтық;
Toggle Dropdown
4) навигациялық ахуалдың жай-күйі,
Toggle Dropdown
5) оқиғалар мен іс-қимылдар;
Toggle Dropdown
6) бас қозғалтқыштардың жұмысы;
Toggle Dropdown
7) бас қозғалтқыштардың жұмыс тәртібі;
Toggle Dropdown
8) көмекші қозғалтқыштардың жұмысы туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
Toggle Dropdown
29. Кеменің тәулік бойы жұмысы туралы мәліметтерді толтыру кезінде:
Toggle Dropdown
1) рейс нөмірі (ол өзгерген кезде жазылып отырады);
Toggle Dropdown
2) іс жүзіндегі дәйектілікпен кеме аялдамаларының пункттері;
Toggle Dropdown
3) кеменің осы аялдама пунктіне жүзіп келген уақыты;
Toggle Dropdown
4) осы пункттен жүзіп кеткен уақыты;
Toggle Dropdown
5) жолаушылар саны (экипажды есепке алу немесе жағалау деректері бойынша), осы аялдама пунктінен жөнелтiлген сәттегi кемедегi жүктiң саны мен атауы;
Toggle Dropdown
6) осы жөнелту пунктінен жөнелтілген сәттегi кеменiң (құрамның) ең үлкен шөгуі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
30. Гидрометеорологиялық деректер туралы мәліметтерді толтыру кезінде мыналар көрсетіледі:
Toggle Dropdown
1) ауа райы мен теңіз (су тоғаны) жай-күйі туралы деректер;
Toggle Dropdown
2) желдің нақты бағыты (100 аралықпен градуспен) және оның секундына метр жылдамдығы;
Toggle Dropdown
3) толқындану бағыты (толқындану келетiн бағыт) 100 аралықпен және балмен көрсетiлген теңiз бетiнiң (көл, су қоймасы) жай-күйі. Өзенде және порт суларында тиiсiнше «өзен», «порт» деп жазылады;
Toggle Dropdown
4) егер су бетiнде мұз болса, онда «М» белгiсi және мұздың тығыздығы балмен жазылады;
Toggle Dropdown
5) ауа райының жағдайы шартты белгiмен А-ашық, Б-бұлтты, Тү-түтiн, Тк-түнек, Т-тұман, Ж-жаңбыр, Қ-қар, Бұ-бұршақ, Н-найзағай және көрiну ұзақтығы километрлермен жазылады;
Toggle Dropdown
6) миллиметрмен атмосфералық қысым және сыртқы ауаның температурасы.
Toggle Dropdown
31. Өткен қашықтықтар туралы мәліметтерді толтыру кезінде кеменің тұтастай тәулік iшiнде өткен арақашықтығы (километрмен) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
32. Навигациялық ахуалдың жай-күйі, оқиғалар мен іс-қимылдар туралы мәліметтерді толтыру кезінде навигациялық ахуалдың жалпы тәулік ішіндегі жай-күйі туралы деректер жазылады.
Toggle Dropdown
33. Мұздарда жүзген кезде мұзға кіруі және одан шығуы, мұздың сипаты мен тығыздығы, алынған өкімдер мен метеожағдай жазылады.
Toggle Dropdown
34. Кемеде көлік оқиғасы болған жағдайда:
Toggle Dropdown
1) көлік оқиғасының орны;
Toggle Dropdown
2) көлік оқиғасының мән-жайы және сипаты;
Toggle Dropdown
3) оның салдары;
Toggle Dropdown
4) кеме мен механизмдердің көлік оқиғасынан кейінгі жағдайы;
Toggle Dropdown
5) экипаждың көлік оқиғасын болдырмау және оның салдарын жою жөніндегі іс-әрекеті толық жазылады.
Toggle Dropdown
35. Басқа кемемен соқтығысқан кезде:
Toggle Dropdown
1) жақындасу жағдайы, бұрылып кету үшін алдын ала жасаған маневрлері;
Toggle Dropdown
2) соқтығысқан кеменің атауы және тіркелген пункті;
Toggle Dropdown
3) шыққан және баратын пункті;
Toggle Dropdown
4) зақымдану сипаты жазылады.
Toggle Dropdown
Кеме мұздан зақымданған кезде – мұз жағдайының сипаты қосымша жазылады.
Toggle Dropdown
Дабыл (жаттығу) кезінде оның түрі, жариялану уақыты мен аяқталуы жазылады.
Toggle Dropdown
36. Бас қозғалтқыштардың жұмысы туралы мәліметтерді толтыру кезінде бас қозғалтқыштар іске қосылған және тоқтатылған сәттер, сондай-ақ олардың жұмысының ұзақтығы тіркеледі. Қозғалтқыштардың қысқа уақытқа тоқтатылуы тіркелмейді.
Toggle Dropdown
37. Бас қозғалтқыштардың жұмыс тәртібі туралы мәліметтерді толтыру кезінде:
Toggle Dropdown
1) кеменің бас қозғалтқыштарының бақылау аспаптарының көрсетулері, бүтін сағатқа еселенген жазбалар төрт сағаттан сиретпей орындалады;
Toggle Dropdown
2) қозғалтқыштардың айналу жиiлiгi (айн./мин);
Toggle Dropdown
3) майдың сүзгіге дейiнгi қысымы (аспаптарды бөлiктеу бiрлiктерінде);
Toggle Dropdown
4) майдың сүзгіден кейiнгi қысымы (аспаптарды бөлiктеу бiрлiктерінде);
Toggle Dropdown
5) майдың қозғалтқыштан кейінгі температурасы (0 С-та);
Toggle Dropdown
6) судың шығудағы температурасы (0 С-та);
Toggle Dropdown
7) шығатын газдардың температурасы (жалпы) (0 С-та) жазылады.
Toggle Dropdown
38. Көмекші қозғалтқыштардың жұмысы туралы мәліметтерді толтыру кезінде көмекші қозғалтқыштар іске қосылған және тоқтатылған жағдайлар, сондай-ақ олардың жұмысының ұзақтығы тіркеледі.
Toggle Dropdown
5-параграф. Кеме ролін (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн) жүргізу
Toggle Dropdown
39. Кеме ролі (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн) – кеме капитаны жасайтын кеме экипажы мүшелерiнiң тiзiмi.
Toggle Dropdown
40. Кеме ролі мынадай деректерден тұратын мәліметтерді қамтиды:
Toggle Dropdown
1) кеме туралы (атауы, тіркелу орны және тіркелу нөмірі, түрі және мақсаты, кеме иесі, кеменің шақыру сигналы);
Toggle Dropdown
2) экипаж мүшелері туралы (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы, кемедегі лауазымы, атағы және диплом нөмірі немесе тұлғаның азаматтығын куәландыратын өзге де құжаттың сериясы және нөмірі).
Toggle Dropdown
41. Кеме роліне кеме экипажының құрамына кіретін тұлғалар, сондай-ақ:
Toggle Dropdown
1) жүзу практикасынан өту үшін осы кемеге жіберілген оқу орындарының курсанттары (оқушылар);
Toggle Dropdown
2) кемеде жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілген кеме иесінің өкілдері енгізіледі.
Toggle Dropdown
Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін ролінде көрсетілген, халықаралық тасымалды жүзеге асырушы кемеге іссапарға жіберілген оқу орындарының курсанттары оқитындар мен тұлғалардың кемедегі лауазымдарын кеме экипажын жинақтауға құқығы бар кеме иесі айқындайды.
Toggle Dropdown
42. Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін ролін кеме капитаны кеме портқа кіргенде немесе кеме порттан шыққанда шекаралық бақылау органдарына ұсынады.
Toggle Dropdown
43. Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін экипажында өзгерістер болмаған жағдайда, кесте бойынша жұмыс істеп тұрған кеме бір портқа бір ай ішінде кемінде бір-ақ рет кірсе, портқа әрбір кірген сайын кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін ролін ұсыну талап етілмейді.
Toggle Dropdown
44. Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін портқа келгенде ұсынылған кеме ролін, оған өзгерістер енгізілген немесе өзгерістердің жоқтығы көрсетілген жағдайда, кеменің порттан шығуы кезінде ұсынуға рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
45. Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін ролі кемеде:
Toggle Dropdown
1) кеме Қазақстан портына келгенде немесе Қазақстан портынан кеткенде – мемлекеттік және орыс тілдерінде;
Toggle Dropdown
2) кеме шетел портына келгенде немесе шетел портынан кеткенде – мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Toggle Dropdown
46. Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін роліндегі жазбалар мемлекеттік және орыс тілдерінде көк немесе қара пастамен (сиямен) анық және ұқыпты жазылады. Қарындашпен жазуға рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
47. Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін ролі мынадай түрде толтырылатын мәліметтерді қамтиды:
Toggle Dropdown
1) «тегі, аты және әкесінің аты», «туған күні мен жері», «азаматтығы» – теңізшінің жеке куәлігінде немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатта келтірілген деректер бойынша;
Toggle Dropdown
2) «лауазымы» – халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелерде – кемедегі қызметтік жағдайы туралы теңізшінің жеке куәлігіндегі жазбаға сәйкес.
Toggle Dropdown
Басқа кемелерде – кеме иесінің тұлғаны кеме экипажының мүшесі етіп тағайындау туралы бұйрығына (өкіміне) сәйкес;
Toggle Dropdown
3) «атағы және диплом нөмірі» – біліктілігін растайтын дипломда көрсетілген деректер бойынша;
Toggle Dropdown
4) «теңізшінің жеке куәлігінің немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттың сериясы мен нөмірі» – теңізшінің жеке куәлігінде немесе жеке басын куәландыратын тиісті құжатта көрсетілген деректер бойынша.
Toggle Dropdown
48. Кеме экипажының құрамында өзгеріс болмағанда, «Өзгерістер жоқ» деген жазу жазылады, ол күні көрсетіле отырып, кеме капитанының қолымен және кеме мөрімен куәландырылады.
Toggle Dropdown
Кеме экипажының құрамы өзгерген жағдайда кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін роліне өзгерістер мынадай тәртіпте енгізіледі:
Toggle Dropdown
1) кеме экипажының шығып кеткен мүшесінің тегі жазылған жол сызылады;
Toggle Dropdown
2) кеме экипажы жаңа мүшесінің тегі жазылған жол кеме экипажы шығып қалған мүшесінің нөмірімен белгіленеді.
Toggle Dropdown
Экипаж мүшесі ауыстырусыз шыққан жағдайда, экипаж мүшесі (Т.А.Ә.А) кемеден ауыстырусыз шығарылғаны жайлы жазылып, шығып қалған экипаж мүшесінің тегі жазылған жол сызылып тасталады.
Toggle Dropdown
Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін роліне енгізілген өзгерістерге кеме капитаны күнін көрсетіп қол қояды және кеме мөрімен куәландырады.
Toggle Dropdown
Қазақстан портынан шетелге жүзу кемесі шығар алдында кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін роліне өзгерістер енгізілген жағдайда, осы өзгерістерді кеме иесі немесе порт капитаны куәландырады.
Toggle Dropdown
6-параграф. Радиожурналды жүргізу тәртібі (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса)
Toggle Dropdown
49. Радиожурнал ҚТ диапазонындағы радиобайланысқа қатысты мәліметтер тіркелетін құжат болып табылады.
Toggle Dropdown
50. Радиожурналдың барлық парақтары нөмірленеді, тігіледі және кеме иесінің қолы мен мөрі қойылады.
Toggle Dropdown
51. Кемеде радиожурналдың тек бір данасы ғана жүргізіледі.
Toggle Dropdown
52. Радиожурналды жаңасына ауыстыру оны толық пайдаланған кезде ғана жүргізіледі. Радиожурнал кеме бортында оған соңғы жазба енгізілгеннен кейін бір жыл ішінде сақталады және кеме иесінің мұрағатына кейіннен өткізіледі.
Toggle Dropdown
53. Радиожурнал вахта бастығының рубкасында сақталады.
Toggle Dropdown
54. Радиожурналды жүргізу кеменің радиооператоры, ал штат кестесі бойынша кеменің радиооператоры жоқ болса, вахта бастығы жүзеге асырады. Радиожурналдағы жазбалар мемлекеттік және орыс тілдерінде көк немесе қара пастамен (немесе сиямен) анық және ұқыпты жазылады.
Toggle Dropdown
55. Кеме капитаны өткен тәуліктерде радиожурналдың жүргізілуін тексереді және радиожурналдың мазмұнын келіп түскен және берілген хабарлардың соңында қол қою арқылы куәландырады.
Toggle Dropdown
7-параграф. Кеме станциясының рұқсатын беру (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса)
Toggle Dropdown
56. Кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса) радиожиілікті спектрді қолдануды растайды.
Toggle Dropdown
Кеме станциясының рұқсаты кеме иесіне байланыс саласындағы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 тіркелген) Жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарды) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеу қағидаларында көзделген тәртіпте беріледі.
Toggle Dropdown
8-параграф. Машина журналын жүргізу (механикалық қозғағышы бар кемелер үшiн)
Toggle Dropdown
57. Машина журналы көмекші және күш беретін қондырғылардың жұмысын, жүру жылдамдығын, жанармай шығысын және бар екендігін көрсетеді.
Toggle Dropdown
58. Машина журналы, машиналық үй-жайда вахтасыз пайдаланылатын кемелерді қоспағанда, механикалық қозғалтқышы бар кемелерде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
59. Машина журналының барлық парақтары нөмірленеді, тігіледі және кеме иесінің қолы мен мөрі қойылады. Машина журналын кеме иесі кеме капитанына қолхатпен береді.
Toggle Dropdown
60. Механиктің вахтадағы көмекшісі барлық вахтаның бастығы болып табылады және машина журналында жазба жүргізеді.
Toggle Dropdown
Механиктен және оның көмекшілерінен басқа, кеме экипажының мүшелері мен кемеге отырған адамдарға, олардың лауазымдық дәрежесіне және кемеге келу мақсатына қарамастан, машина журналына қандай да бір жазбалар немесе түзетулер енгізуге рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
61. Вахта уақытында вахта механигі механизмдерді пайдалану мен жұмысы туралы барлық мәліметтерді жазады, ал жұмыс арасындағы үзілістерде және вахта аяқталғаннан кейін журналға вахта туралы қажетті мәліметтерді енгізеді және онда лауазымын және тегін көрсете отырып, өз қолын қояды.
Toggle Dropdown
62. Машина журналындағы жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде көк немесе қара пастамен (немесе сиямен) анық және ұқыпты жазылады.
Toggle Dropdown
63. Жазғанды өшіруге, жолдардың арасына және одан тыс қыстырып жазуға, сондай-ақ кейіннен жазу үшін орын қалдыруға рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
64. Машина журналындағы мәтінді тек негізгі мәтінді жазған адам және кеменің капитаны-механигі түзете және (немесе) толықтыра алады. Қате жазылған мәтін жеңіл оқылатындай етіп жіңішке сызықпен сызылады және жақшаға алынады. Соңғы жақшадан кейін капитан-механик түзетулерді және (немесе) толықтыруларды қолымен және (немесе) «түзетілгені рас» деген мәтінмен куәландырады.
Toggle Dropdown
65. Машина журналындағы жазбаларды кеме механигі тексереді, әрбір оң беті оның қолымен куәландырылады. Журналды жүргізу бойынша барлық ескертулерді механик өзінің көмекшілеріне ауызша хабарлайды. Вахта механигі жазбаларды парақтың соңында өз қолымен куәландырады.
Toggle Dropdown
66. Толтырылған машина журналы кемеде 2 жыл сақталады, одан кейін кеме иесінің мұрағатына өткізіледі.
Toggle Dropdown
67. Машина журналында қалыпты параметрлерден ауытқу кезіндегі мәліметтер тіркеледі.
Toggle Dropdown
68. Мәліметтер екіұдай түсінік бермейтін мағынада қысқа әрі түсінікті етіп жазылады.
Toggle Dropdown
69. Әрбір вахтаның жазбасы жаңа жолдан басталады және оларды бекітетін қол қоюды қоса алғанда, қандай да бір жол қалдырусыз жүргізіледі.
Toggle Dropdown
70. Кеме уақыты түн ортасынан – 0 сағаттан 24 сағатқа дейін саналады. Уақыт мезеті төрт таңбалы санмен жазылады және сағаттар минуттан нүктемен ажыратылады. Оң жақ бетіндегі кез келген жазба 1 минутқа дейінгі дәлдікпен кеме сағаты бойынша уақыт мезетінен басталады.
Toggle Dropdown
71. Беттің тақырыбында бірінші жолға апта күнінің атауы, күні, айы және жылы, екінші жолға – рейдтің, айлақтың немесе жүзу ауданының атауы жазылады.
Toggle Dropdown
72. Тәуліктің басында 00.00 мезетке кеменің орны, жай-күйі және іс-әрекеті туралы мәліметтер жазылады.
Toggle Dropdown
73. Вахтаның басында вахтаға шыққан және кемеде жұмыс істейтін адамның аты-жөні, ал қажет кезде – кеменің тоқтауы және іс-әрекеті туралы қосымша мәліметтер жазылады.
Toggle Dropdown
74. Вахтаның соңында кеменің орны, жағдайы, жай-күйі және іс-әрекеті туралы мәліметтер толық жазылады. Барлық жағдайларда да жазба «Ерекше белгілер» деген тақырыпшамен аяқталады, одан кейін бас қозғалтқыштар мен механизмдердің ерекше назар аудару қажет жұмысы жөнінде ескертулер немесе ерекше ескертулер жоқ болса «Ескертусіз» сөзі жазылады.
Toggle Dropdown
75. Барлық экипаждың немесе оның едәуір бөлігінің қатысуымен қауырт жұмыс кезінде оның тағайындалуы мен аяқталуы туралы мәліметтер жазылады.
Toggle Dropdown
9-параграф. Кемені қарап шығудың бірыңғай кітабын жүргізу
Toggle Dropdown
10-параграф. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беру
Toggle Dropdown
83. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды ішкі су көлігі саласындағы объектілердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат.
Toggle Dropdown
84. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны кеме иесіне мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызмет органдары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларында көзделген тәртіпте береді.
Toggle Dropdown
11–параграф. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшін)
Toggle Dropdown
85. Кеме экипажы құрамының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкестігі кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікпен куәландырылады.
Toggle Dropdown
Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) үш жыл мерзіміне беріледі.
Toggle Dropdown
86. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жібереді.
Toggle Dropdown
Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
Toggle Dropdown
87. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды түскен күні тіркеуден өткізеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтініш берушінің порталдағы «жеке кабинетіне» осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қарау туралы дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - Дәлелді бас тарту) жібереді.
Toggle Dropdown
88. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексереді және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1084 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13499 болып тіркелген) бекітілген куәлікті немесе «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.
Toggle Dropdown
89. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысындағы деректер мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Toggle Dropdown
90. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Toggle Dropdown
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Toggle Dropdown
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Toggle Dropdown
Ішкi су жолдарымен кеме
қатынасын жүзеге асыратын
кемелер үшін кеме құжаттарын
беру және жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
___________________________
___________________________
(УО қазақша атауы) басшысына
Toggle Dropdown
Нөмір:_______________(Өтініш нөмірі)
Toggle Dropdown
Сізден ___________________________________(Кеме атауы) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру
бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді сұраймын,
Toggle Dropdown
кеме тіркелген орын:_______________________ (Порттың атауы) _______________________
Toggle Dropdown
(Порттың мекен жайы) ___________________________________________________________
Toggle Dropdown
20__ жылғы «__» _________
Toggle Dropdown
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін
Toggle Dropdown
20__ жылғы «__» _________ (қолы)
Toggle Dropdown
Ішкі су жолдарымен кеме
қатынасын жүзеге асыратын
кемелер үшін кеме құжаттарын
беру және жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
«Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Toggle Dropdown
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
«Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру».
|
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары көрсетеді.
|
|
2.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
|
Өтініштерді қабылдау және нәтижелер беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
|
|
3.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
2 (екі) жұмыс күні.
|
|
4.
|
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
|
|
5.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.
|
|
6.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
|
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) «Электрондық үкіметінің» веб-порталы - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Көлік министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz «Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде; «электрондық үкіметтің» веб-порталында.
|
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Өтінім берген кезде меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) не меншік иесі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (заңды тұлғаларға қатысты) «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады):
Порталға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесінің электрондық көшірмесі.
Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырады.
|
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілген қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген кеме экипажының ең аз құрамының белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
|
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦК болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: «1414».
|
Toggle Dropdown
Ішкі су жолдарымен кеме
қатынасын жүзеге асыратын
кемелер үшін кеме құжаттарын
беру және жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
|
«Қазақстан Республикасы Көлік
министрлігі Автомобиль көлігі
және көліктік бақылау
комитетінің ______ облысы
(қаласы) бойынша көліктік
бақылау инспекциясы»
Республикалық мемлекеттік
мекемесі
|

|
Республиканское государственное
учреждение «Инспекция транспортного
контроля по ________области
(городу) Комитета
автомобильного транспорта и
транспортного контроля
Министерства транспорта
Республики Казахстан»
|
Toggle Dropdown
_______________________________
Toggle Dropdown
(Күні, өтініш нөмірі)
Toggle Dropdown
Дәлелді бас тарту
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау
Toggle Dropdown
комитетінің
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(облыс (қала)
Toggle Dropdown
көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі келесі негіздер
Toggle Dropdown
бойынша «Кеме экипаждың ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін
Toggle Dropdown
көрсетуден бас тартады:
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Toggle Dropdown
Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес бас тарту үшін негіздеме)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау
Toggle Dropdown
комитеті аумақтық органы басшысының ЭЦҚ ________________________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні, тегі/бар болған жағдайда)