• Менің таңдаулыларым
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11119 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 жылғы № 616 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 27.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 30.05.2024 жылғы № 199 Бұйрығына сәйкес (07.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 жылғы № 616 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
  • 1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
  • 1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы «___» ________
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333
 бұйрығымен бекітілді
  • 2
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығымен (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 жылғы № 587 Бұйрығымен (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2018 жылғы № 288 Бұйрығымен (31.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 жылғы № 616 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.04.2020 жылғы № 194 Бұйрығына сәйкес (05.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау және «Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау тәртібін және жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау мемлекеттік қызмет көрсетуді айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 30.05.2024 жылғы № 199 Бұйрығына сәйкес (07.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), сондай-ақ Қазақстан Республикасында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдауға арналған жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен шығаруды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі – тіркеуші орган) бірыңғай мемлекеттік деректер банкін қалыптастыру мақсатында және Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 30.05.2024 жылғы № 199 Бұйрығына сәйкес (07.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 15.08.2025 жылғы № 269 Бұйрығына сәйкес (30.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Меншік нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге жылжымалы құрам бірліктері жатады.
4. Мемлекеттік тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жылжымалы құрамды тіркеуші орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы құрамның мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі-тізілім) енгізуге тиіс.
2-тарау. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібі
5. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу жылжымалы құрамның барлық иелері үшін тең негіздерде және шарттарда жүзеге асырылады.
6. Жылжымалы құрам меншік құқығын алған сәттен бастап, немесе оларды тіркеуге, қайта тіркеуге әкелетін жағдайлар туындаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік тіркелуге жатады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2022  жылғы № 560 Бұйрығына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу:
1) егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда, заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша;
2) егер өтініш беруші жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер болып табылған жағдайда, салық төлеуші ретінде тіркелген жері бойынша жүргізіледі.
8. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жылжымалы құрамның бірнеше түрін мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге өтініш беруге жол беріледі.
9. Жылжымалы құрамды тіркеген көрсетілетін қызметті алушы оны мемлекеттік тіркелген, қайта тіркелген күннен бастап пайдаланады.
10. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады, оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы береді тіркеуші органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге жататын жылжымалы құрам паркінің тізбесін толтырады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2021 жылғы № 29 Бұйрығымен (10.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2022  жылғы № 560 Бұйрығына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктер ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде жазылған.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тіркеуші орган құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы растауды көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.
11. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде тіркеуші орган құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама жібереді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2022  жылғы № 560 Бұйрығына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде тіркеуші орган құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың анықтығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол тіркеу органының уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.10.2022  жылғы № 560 Бұйрығына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Куәлік жылжымалы құрамның әрбір тіркелетін бірлігіне беріледі.
14. Жылжымалы құрам:
1) Қазақстан Республикасының резидент еместері жөндеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелген;
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен өткен;
3) Қазақстан Республикасының резидент еместері жүктерді түсіру және тиеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелгенде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен жағдайларда мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге жатпайды.
15. Тасымалданатын жүктердің шектеулі номенклатурасы бар маусымдылығы және шектеулі нысаналы мақсатқа арналған жылжымалы құрамды қоспағанда, қалған қызмет ету мерзімі жасалған күннен бастап белгіленген қызмет ету мерзімінен 60%-дан кем құрайтын болса, Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы тіркелетін жылжымалы құрамды тіркеуге рұқсат етілмейді.
Осы тармақтың мақсаттары үшін тасымалданатын жүктердің шектеулі номенклатурасы, маусымдық және тар нысаналы мақсаты бар жылжымалы құрам деп жылжымалы құрам түсініледі:
вагон-хоппер: ыстық шекемтастарға арналған мөлшерлегіш, агломератты тасымалдауға арналған, астық тасушы, цемент тасушы;
вагон-транспортер;
вагон-платформа: алмалы-салмалы жабдығы бар әмбебап;
тасымалдауға арналған вагон-цистерналар: қышқылдар, фосфор, балқытылған күкірт; думпкар вагоны;
вагон рефрежиратор;
мұздақ;
термос.