Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-1-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 214 бұйрығы.
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-1-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі _____________ А. Мамытбеков 2015 жылғы 15 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі _____________ Ә. Исекешев 2015 жылғы «__» __________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі _____________ Е. Досаев 2015 жылғы «__» __________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі _____________ Қ. Касымов 2015 жылғы 17 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 214 бұйрығымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, айқындығына және анықтығына бақылау жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айқындылық – парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу процесінің парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін есептеу кезінде пайдаланылатын әдіснамасының ашықтығы;
2) базалық жыл – Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) Киото хаттамасының 3-бабының 5-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау үшін белгіленген жыл;
3) көздердің негізгі санаты – бұл Конвенция талаптарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының немесе сіңірулерінің көлеміне ең көп үлес қосатындардың қатарына жатқызылатын экономиканың секторы немесе кіші секторы;
4) сапаны бақылау – парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің мемлекеттік түгендеуін оны әзірлеу шамасына қарай сапасын өлшеу мен бақылауға арналған стандартты техникалық іс-шаралар жүйесі;
5) толықтық – Қазақстан Республикасының аумағы шегінде барлық көздерден шығатын парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін, сіңіргіштерді, парниктік газдарды мемлекеттік түгендеумен қамту.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) парниктік газдар шығарындыларын түгендеу мен сіңірулерінің мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асырады.
4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін түгендеудің жыл сайынғы дайындығы есептік кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуірінен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырылады.
5. Қызметі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің көздері болып табылатын мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардан алынған деректерді жинау, талдау және өңдеу арқылы парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуді дайындауды уәкілетті орган ұйымдастырады.
6. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуін дайындауда шығу көздерінен антропогендік шығарындыларға және парниктік газдардың сіңіргіштермен абсорбциялануына әкеліп соғатын өндіріс көлемдері және қызмет түрлері туралы, осы Қағидаларға қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдармен ұсынылған мәліметтер мен деректер тізбесі пайдаланылады.
7. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу мыналарды қамтиды:
парниктік газдар шығарындыларының шығу көздері, олар шығарған шығарындылардың мөлшері, сондай-ақ секторлар бойынша парниктік газдар сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтер;
парниктік газдар шығарындылары саласындағы үрдістер;
шығу көздерінің негізгі санаттарына шолу;
энергетика секторы бойынша шолу;
өнеркәсіптік процестер секторы бойынша шолу;
еріткіштер мен басқа өнімдерді пайдалану секторы бойынша шолу;
ауыл шаруашылығы секторы бойынша шолу;
жерді пайдалану, жерді пайдаланудың және орман шаруашылығының өзгеру секторы бойынша шолу;
қалдықтар секторы бойынша шолу;
басқа секторлар бойынша шолу;
сапаны бағалау/сапаны бақылау;
қайта есептеулер мен жетілдірулер.
8. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу қорытындылары бойынша Монреал хаттамасымен реттелмейтін парниктік газдардың сіңірушілері көздері мен абсорбциясынан антропогендік шығарындыларының кадастры туралы Ұлттық баяндамасы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) жыл сайын дайындалады.
9. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды (бұдан әрі – бақылау) уәкілетті орган жүргізеді.
2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылау тәртібі
10. Ұлттық баяндаманы жүргізу мынадай іс-шараларды іске асыруды қамтиды:
1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін бағалау үшін бастапқы деректері бар ақпараттарды жинау;
2) алынған деректерін талдау және өңдеу, есептеулерін жүргізу және Ұлттық баяндаманы дайындау;
3) Ұлттық баяндамадың сапасын бақылау және сапасын қамтамасыз ету;
4) Ұлттық баяндаманы Конвенция талаптарына сәйкестігін бағалау ресіміне ұсыну.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |