Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда № 11236 тіркелді
Редакция 01.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38, 40 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 22, 27 тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды жүргізу, іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасының интернет-ресурстарына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары және мекемелерінің қызметкерлеріне таныстыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғаш рет ресми жариялаған күннен кейінгі күнтізбелік он күннің өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры А.Дауылбаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
_________ И.Тасмағамбетов
2015 жылғы 23 сәуір
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 16 сәуіріндегі
№ 57 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау
Қағидалары
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау тәртібін реттейді (бұдан әрі - Қағидалар).
2. Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне (бұдан әрі – прокуратура органдары) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген азаматтар осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда жазбаша түрде өтініш (бұдан әрі – өтініш):
1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (бұдан әрі – Бас Прокурор) тағайындайтын әскери лауазымға қабылдану жағдайында – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі – Бас прокуратура);
2) Бас әскери прокурор тағайындайтын жағдайда – Бас әскери прокуратурасына ұсынылады.
3. Азамат өтінішпен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағында көрсетілген құжаттарды тезтікпеге салып ұсынады және онда қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсетеді.
Азаматтар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.
Бұған дейін әскери қызметті өткермеген, жоғары оқу орнының әскери кафедрасында оқымаған азаматтар, әйелдерді қоспағанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы білім беру ұйымында әскери дайындықтан өткенін растайтын құжатты ұсынады.
4. Өтініш прокуратура органдарында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес тіркеледі.
5. Өтініші тіркелген және қарауға қабылданған азамат прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруші кандидат болып табылады (бұдан әрі – кандидат).
6. Прокуратура органының кадр жұмысы бөлімшесі өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кандидаттармен ұсынылған құжаттардың «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және зерттейді.
7. Кандидаттың құжаттарын тексеру қорытындысы бойынша тиісті прокуратура органының басшысы прокуратура органдарына келісімшарт бойынша қызметке кіру үшін кандидатты іріктеуге жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы кандидатқа тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарланады.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 16 сәуіріндегі
№ 57 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды жүргізу, іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметінің
Қағидалары
1. Осы Қағидалар «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – әскери қызмет өткеру қағидалары).
2. Прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне (бұдан әрі – прокуратура органдары) келісімшарт бойынша азаматтарды әскери қызметке қабылдау Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери лауазымдар және оларға сәйкес әскери атақтар Тізбесінің негізінде бос лауазымға іріктеу тәртібінде іске асырылады.
3. Кандидаттарды іріктеу бойынша прокуратура органдарының қызметі ашық және жариялы түрде іске асырылады.
4. Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеуді іріктеу комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) жүргізеді және келесі прокуратуралардың кадр жұмысы бөлімшелері (бұдан әрі – кадр жұмысының бөлімшелері):
1) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі – Бас прокуратура) – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (бұдан әрі – Бас Прокурор) тағайындайтын әскери лауазымдар бойынша;
2) Бас әскери прокуратура – Бас әскери прокурор тағайындайтын әскери лауазымдар бойынша қамтамасыз етеді.
5. Кандидаттарды іріктеуге қатысты шығындар (әңгімелесу, тестілеу, тағылымдама, куәландырудан өтетін жерге бару және кері қайту, тұрғын үйді жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін қолдану және басқа да шығыстар) азаматтардың өз қаражаттары есебінен төленеді.
2. Іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметі
6. Кандидаттың құжаттарын (жеке ісін) қарастыру мақсатында іріктеу комиссиясы құрылады (бұдан әрі – комиссия).
Комиссия алқалы орган болып табылады және прокуратура органдарындағы бос әскери лауазымдарға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады.
7. Комиссияның құрамы Бас прокуратурада Бас Прокурордың, Бас әскери прокуратурада Бас әскери прокурордың бұйрықтарымен бекітіледі.
Комиссияның құрамына төраға, оның орынбасары және бестен кем емес комиссия мүшелері кіреді.
Прокуратура органы басшысының шешімі бойынша оның орынбасарларының біреуі іріктеу комиссиясының төрағасы болып тағайындалады. Комиссияның құрамына прокуратура органы бөлімшелерінің басшылары, кадр жұмысы және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің өкілдері кіреді.
Комиссия жұмысының орындалуын кадр жұмыс бөлімшесінің қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы қамтамасыз етеді.
8. Комиссияның төрағасы комиссияны басқарады, оның жұмысын үйлестіреді, комиссия мүшелерінің арасында міндеттерді бөледі, күн тәртібін, отырыстың өткізілу орны мен уақытын белгілейді, іріктеуге келетін кандидаттардың тізімін бекітеді.
9. Комиссия төрағасының орынбасары комиссия отырыстарын дайындау мен өткізуге бақылау жүргізеді, төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарады.
1) құзыреттеріне кіретін сұрақтарды қарастыруда бейтарап және әділ болуды;
2) өздеріне жүктелген өкілеттіктерді орындауға байланысты белгілі болған кандидаттар туралы жеке деректер мен басқа да ақпараттарға қатысты құпиялылықты, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауды;
3) шешім қабылданып жатқан кандидаттың іріктеу мәліметтерін қарастыру барысында, егер ол комиссия мүшесінің жақын туысы немесе жекжаты болса, өздігінен бас тартуды;