• Мое избранное
Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық кұрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда № 11234 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2023 жылғы № 343 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 23.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.04.2020 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2023 жылғы № 343 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық кұрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2023 жылғы № 343 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың  интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің 
міндетін атқарушы  Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
 _____________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 4 сәуір
 «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 10 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 28 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 27 наурыздағы
 № 355 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша алынып тасталды  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2023 жылғы № 343 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 355 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 42 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2017 жылғы № 350 Бұйрығымен (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.12.2017 жылғы № 866 Бұйрығымен (14.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.04.2020 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2021 жылғы № 315 Бұйрығымен (16.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.10.2021 жылғы № 527 Бұйрығымен (21.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 жылғы № 170 Бұйрығымен (өзгерту 07.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 жылғы № 736 Бұйрығымен (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2023 жылғы № 343 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына  және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң) 10-бабының  1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау және «Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру», «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.  
2. Осы Қағидалардың қолданысы Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген кемелердің командалық құрамына қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының атқаратын лауазымдары бар адамдары олар әрбір кейінгі бес жыл өткен соң аттестатталуға жатады.
Кемелердің капитаны және олардың көмекшілері лауазымдарына тағайындалған адамдарға, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары командирлері мен олардың көмекшілеріне, электрмеханиктерге және олардың көмекшілеріне, сондай-ақ осы лауазымдарды қоса атқаратын диплом алған адамдарға кәсіби диплом беріледі.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:  
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау - кемені басқару, оның ішінде кеме жүргізу және түбін тереңдету, Қазақстан Республикасында ішкі су жолдары бойынша кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, кемеде тәртіп сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемедегі адамдарға, багажға және жүкке қауіп төндіруді болдырмау үшін қажетті командалық құрамның білім деңгейін анықтау үшін жүзеге асырылатын рәсім, ол әрбір кейінгі бес жыл аяқталғанда жүргізіледі;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру - кемелердің командалық құрамының адамдарына біліктілік деңгейін анықтау жөнінде жүзеге асырылатын рәсім, оның қорытындылары бойынша кәсібі дипломдар беріледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру тәртібі
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын диплом беруге көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) санамаланған құжаттарды ұсына отырып, осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген тиісті білімі бар адамдар жіберіледі.
6. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – 1-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 жылғы № 282 Бұйрығына сәйкес (12.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру кезінде компьютерлік кешеннің тестілік бағдарламасымен емтихан өткізу арқылы өтініш берушілердің теориялық білімдерін тексеру жүзеге асырылады.
Емтихандар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша өткізіледі.
Кемелердің командалық құрамы тұлғаларының кәсіби дипломдарын ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші емтиханның оң нәтижесі болған жағдайда жүзеге асырады.
8. Кәсіптік дипломды немесе кәсіптік дипломның телнұсқасын алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттарды жолдайды.
«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде 1-мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын 1-мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар баяндалған.
9. Өтініш бергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күндері сағат 16:00-ден кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде 1-мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
12. Көрсетілетін қызметті алушы «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының, ол ұсынған құжаттар мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Рұқсат беру талаптарына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – Рұқсат беру талаптары) сәйкестігін тексереді.
13. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мына:
жеке басын куәландыратын;
медициналық комиссияның кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы қорытындысы («Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама);
жүзу өтілін растайтын;
жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім туралы (диплом) құжаттар туралы мәліметтерді алады.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мен ұсынылған құжаттар сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» емтиханды өткізу орны мен уақыты көрсетіледі.  
15. Мемлекеттік қызмет 1 көрсету мерзімі «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында көрсетілген.
16. Портал арқылы келіп түскен ұсынылған құжаттардың толық ұсынылмау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы еркін нысанда дәлелді жауап жібереді.
17. Осы Қағидалардың «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша 1-мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес 1-мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға 1-мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 жылғы № 282 Бұйрығына сәйкес (12.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға кәсіби диплом немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
18. Кәсіби диплом көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында ресімделеді. 1-мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Кәсіптік диплом «Кәсіптік диплом нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12551 болып тіркелген) нысан бойынша ресімделеді.
19. Диплом беруден өткен адамдарға берілген кәсіби дипломда кеме тобы және олар атқара алатын лауазымы көрсетіледі.
20. Кемелердің командалық құрамының мүшелері екінші сабақтас мамандық бойынша кәсіби қайта даярлау бағдарламасы бойынша оқығаннан кейін, сондай-ақ өздігінен жүретін кемелердің командалық құрамына жататын лауазымдарда ішкі су жолдарында тиісті жүзу өтілі бар болған кезде тиісті сабақтас мамандыққа диплом беруден өтеді.